- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Заң факультеті
- •Философия кафедрасы
- •Философия пәнінен лекция жинағы
- •Түркістан - 2011 ж.
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Фалес бойынша дүниенің түпнегізі?
2. Анаксимен мен Анаксимандр бойынша дүниенің түпнегізі?
3. Гераклит бойынша дүниенің түпнегізі?
4. Элеаттар мектебінің өкілдері бойынша дүниенің түпнегізі?
5. Атомистер ілімінің түпкі мәні мен оның ғылым дамуындағы әсері қандай болды?
6. Софистердің методологиялық кемшілігі?
7. Философия тарихындағы Сократтың алар орны?
8. Платонның таным теорясы?
9. Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері
10. Аристотельдің саяси ойлары?
5. Үй тапсырмасы:
Батысевропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені.
№4 Лекция сабағының тақырыбы: Батысевропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені
1. Сабақ жоспары:
1. Ортағасырдағы христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері, даму кезеңдері.
2. Ф.Аквинскийдің еңбектеріндегі схоластикалық идеялар.
3. Номинализм мен реализм теориясы.
2. Сабақ мақсаты:
Ортағасырлық христиан философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері мен схоластикалық бағыттың ықпалының қоғамның барлық салаларына әсер еткенін түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Батыс Европа елдеріндегі – феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5ғ.), капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ.ғ.) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде – мұсылман, Европада - екі түрлі христиан (рим католицизмі мен византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды.
Бұл дәуірдің өзіндік философиясы болды. Оны схоластика ( мектептік ілім) деп атады. Схоластардың талас пікірі – жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар яғни универсалдар (лат. Uneversalia – жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолы айтылады. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебептар адам санасынан, нақты заттар атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді және бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталады. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Реалистер іс жүзінде ұғым мен объективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырды. Бұған қарама-қарсы екінші бағыт номиналистер (лат. Nomen – есім, атау) бойынша, тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланыста болды. Схоластика негізгі үш кезеңнен өтті.
1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.) ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен байланысып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, П.Абеляр, А.Аврелий т.б.
2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.). Бұл – философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Ф.Аквинский, Д.Скотт т.б.
3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ.) ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға айналды. Негізгі өкілдері: У.Оккам, Ж.Буридан т.б.
Схоластикалық пікір-талас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, өзінің шешімін тапты.
Августин Аврелий (354-430ж.ж.) Философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткер. Ол августинизм деп аталатын христиан философиясындағы неоплатонизм бағытын негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу, «Құдай қаласы туралы т.б. Августин ілімі бойынша адам дүниеге келу келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың еркімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке немесе азаптарға бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік берген. Адамзат тарихы осы заңдылыққа бағынады. Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августиннің құдай құлшылығы дегені оның жердегі өкілі - Рим шіркеуі. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі адамдардың бәрі де бағынуға тиіс.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде ХІІғ. дейін өмір сүрді. Кейін Ұлы Альберт және Ф.Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.
Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласты Пьер Абеляр (1079-1142) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ».
П.Абелярдың пікірінше шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірақ олардың ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалқылар ұғымы қалыптасты. Жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр әрі ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеуі керек. Адамға ең көріктісі оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.
2. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы болған Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы».
Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып белсенді түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иусус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық және адамдық) материалдық қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады.
құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – түр мен материя жеке заттар әлемін тудырады. Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда болған. Жан «таза түр» ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.
Ф.Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалып-тастыратын принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалийлер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан өз алдында жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан кейін ол универсалийлердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді.
Зат пайда болғанға дейін құдайдың ойында;
Заттардың өзінде;
Заттардан кейін, адамның ақыл-ойы да – сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде өмір сүруі.
Ф.Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім. Сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде адамзаттық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан рухани билікті жүргізетін, аспанда – Христос, жерде Рим папасы.
Ф.Аквинскийдің ілімі ХІХғ. қалыптасқан, қазіргі кезеңдегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.
3. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансцендентальдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы Саурес, Лейбниц, Г.Биль сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен ағылшын ғұламасы Уильям Оккам (1300-1350ж.ж.) болды. Оның пікірінше әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталий) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансцендаталийлер категориядан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал, категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек адамның ақыл-ойында болады. Ол ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Танымның өзі сыртқы және ішкі тәжірбие арқылы түйсініп білуден тұрады. Ішкі тәжірбиеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп, нақты білім алса, сыртқы тәжірбиеде трансцендаталийлер туралы абстрактілі білім жинайды. Бірақ ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек. Олай болса, Оккамның пікірінше философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс, ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт.
