Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_lek2013.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4. Бақылау сұрақтары:

1. Жаңа замандық дүниетанымның ерекшелігі?

2. Бэконның қағидасы қандай еді?

3. Декарттың қағидасы?

4. Т.Гоббстың еңбектері?

5. И.Кант философиясының екі кезеңін атаңыз?

6. Француз философиясының ерекшелігі қандай?

5. Үй тапсырмасы:

19ғ. аяғы 20 ғ. басындағы ресейлік мәдениет контексіндегі орыс философиясы.

№8 Лекция сабағының тақырыбы: 19ғ. аяғы 20 ғ. басындағы ресейлік мәдениет контексіндегі орыс философиясы.

1. Сабақ жоспары:

1. Күрескер демократтардың материализмі.

2. Орыстың идеалистік философиясы.

2. Сабақ мақсаты:

Орыс философиясының мәні мен мазмұнымен және ойшылдарының дүниетанымымен таныстыру.

3. Лекция мәтіні:

1. Орыс философиясы ХІ ғасырдың бастапқы кезеңнің ХVІІ ғасырда қалыптасты. Өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады. Ол Киев Русінде пайда болып және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандыру ықпалымен байланысты болды. Өзінің пайда болуында, бір жағынан славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымның бірқатар белгілерін мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы Антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуынынң негізгі бағытына сай дами отырып, христиандырылған күйінде болса да, антиктік, византиялық ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін бастан қолданды. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіне негізделеді.

Ең алғашқы орыс философиясы – киевтік метрополит Илларион (ХІғ) «Заң және береке туралы» сөзінде орыс жерінің қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік ағымға енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысына ресейдің тарихи және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдік мәнімен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.

Сөйтіп, орыс философиясындағы ой «орыс идеясы ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея ХVІ ғ. қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды.

Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ. бойында жалғасын тапты.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда орыс халқының ілгері дамуына кедергі болған үш жауы болды. Олар: шаруалардың басыбайлылығы, шіркеу және патша үкіметі. Ол ресми халықшылдық теориясы деп аталды. Сондықтан орыс халқының алдыңғы қатарлы ойшылдары бұл үшеуіне де қарсы шықты. Ең алдымен ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) Ресей патша-сының төңірегін жайлап, Ғылым академиясын билеп алған немістерден оны аластатып, тазартып, Ресей ғылымын дамытуда, физика, химия, метал-лургия, лингвистика, басқа да ғылымдардың дараланып, ілгері басуына, дүниежүзілік деңгейге жақындауға үлесін қосты.

Орыстың революцияшыл демократтарының материализмі - утопиялық социализмнен, қоғамды демократизациялау және революциялық жолмен қайта құру идеяларымен табиғи байланысты философиялық бағыт. Оның тікелей идеялық негіздері ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Батыс Европа мен орыс философиясының материалистік, социалистік және атеистік дәстүрлері, ХІХ ғасырдағы стихиялы диалектикалық идеяларға тән алдыңғы қатарлы жаратылыстану болып табылады. Орыс ой-пікірінің бұл ағымын қалыптастырған және байытқан, әсіресе 40-60 жылдары дворяндық революцияшылдықтан революцияшыл демокртизмге өткен Россиядағы азаптық қозғалысының дамуы болды. Сондай-ақ ағартушылық, классикалық неміс философиясы, ХІХ ғ. орыс әдебиеті идеяларының тарапынан айтарлықтай әсер болғаны да байқалды. Бұл философияның дамуы екі негізгі кезеңнен тұрады:

1. Қалыптасу кезеңі: Белинский, Герцен, Петрашевский, Огарев.

2. 50-60 ж.ж. теориялық жағынан толық қалыптасып, жүйеге келуі, Чернышескийдің басшылығымен философиялық материализм мектебінің құрылуы. Добролюбов, Писарев, Щелгунов, Н.А. Серно-Соловьевич.

ХІХ ғасырда Ресей жағдайы бұрынғыдан да ауыр болды. Қайшылықтар күшейді. Басыбайлылық Ресейге үлкен тұсау болды. Ол Ресейде капи-тализм дамуына бөгет жасады. Бір жағынан Ресей ірі ғылым, мәдениет қайраткерлерін, жазушы, ақындарды дүниеге келтірді. Бұл үшін А.С. Пуш-кин, М.Ю. Лермонтов, Н.А. Некрасов, И.С. Тургенев, И.Е. Репин, М.И.Глинка, Д.И. Менделеев, Н.И. Лобаческий есімдерін атаудың өзі-ақ жеткілікті.

Саяси өмірге келетін болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз – ресми халықшылдық теориясы. Бұл теория екі бағытта уағыздалды. Оның бірі – славянофильдер.

Славянофильдер – ХІХ ғасырдағы орыс қоғамдық ой пікіріндегі консервативті саяси және идеалистік философиялық ағымның өкілдері, олар Россияның дамуының ерекше жолының қажеттігін негіздеуге тырысты. Бұл өзінің объективті мәні жағынан орыс дворяндардының буржуазиялық даму жолына өз артықшылықтарын барынша сақтай отырып көшуінің утопиялық бағдарламасы болды. Славянофильдер бағдарламасы қанаудың ескі формаларынан бас тарту және билеуші таптың жаңа тарихи жағадайға бейімделуі қажеттігі, тіпті ең реакцияшыл қайраткерлерге, император Александр ІІ –нің өзіне де айқын болған кезде тұжырымдалады.

Славянофильдіктің негізін қалаушылар – И.Киреевский, К.Хомяков, И.Аксаков, Ю.Самарин және т.б. болды.

Славянофильдердің алғашқы идеялары әдебиетте 1839 жылы көрініс тауып, 40-50 жылдары дамыды. Славянофильдік орыстың ерекше философиялық идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді.

Славянофильдер өз отанының тарихына бет бұра отырып, орыс қоғам құрылуындағы оның толықтығы мен жан-жақтылығын дәлелдеуге тырысады. Олардың пікірінше, батыстық мемлкеттер жасанды құры-лымдар. Керісінше, Ресей органикалық тұрғыда қалыптасты. Ол «құрылған жоқ», ол «өсіп шықты». Ресейдің бұл табиғи дамуын славянофильдер православияның ерекше әлеуметтік ұйым-селолық қауымды тудырумен түсіндіреді.

Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді:

    1. Католиктік.

    2. Православиялық.

    3. Протестанттық.

Осы үшеуінің ішінен славянофильдер тек православия ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үйлестіреді деді.

Еркіндік пен қажеттілікті үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызыды принцип – соборшылыдық ұғымын енгізді. Соборшылдық – еркін қауымдастық. Бұл ұғымды даярлаған А.С. Хомяков болды.

А.С.Хомяков философиясы индивидуализммен қатар казармалық коллек-тивизмге қарсы бағытталған және орыстың православиелік шіркеуінде бас еркіндік пен сүйіспеншілік принциптерін бекітуге бағытталған және соборшылыдық адам өмір қамының барлық салаларынан көрінеді: шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркіндік адамзаттық бастау мен адамның құдайға тән құдіреттік бастауынынң өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Селолық қауымның басты артықшылығы ол - өз мүшелерін тәрбиелейтін рухани адамгершілік принциптерден көрінеді: ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм славянофильдердің пікірінше қауым мүшелері бойында бұл қасиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстүрлерді бейсаналы инстинкті түрде сақтау жолымен жүзеге асады.

Славянофильдер орыс халқының көнбістігін, православиені, қауымдық құрылысты орыс тарихының ерекшелігі деп есептеді.

Православие славянофильдер үшін ақиқат дін болып табылатындықтан тек оны ұстайтын халықтар, ең алдымен, орыстар, олардың көзқарасынша, прогреске үміт арта алады, ал қалған халықтар православие өркениетін қандай дәрежеде қабылдаса, оған содай дәрежеде үміт артады.

Екінші бағыт – батысшылдар болды. Батысшылдар – ХІХ ғасырдың 40- жылдарындағы феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып, Россияны «батыстық» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ой-ағымының өкілдері. 40-жылдарыдың ортасында батысшылдар қатарында Герцен, Грановский, Огарев, В.Боткин, Кавелин, Н.Кетчер, Е.Корш және т.б. болды. Үйірмемен Белинский тығыз байланыс жасап тұрды. Сондай-ақ Тургенев, П.Анненков, И.Панаев және басқаларда батысшылдар құрамына кірді. Көзқарастарындағы белгілі бір бірліктің болуы, яғни самодержвиелік –крепостниктік құрылысты айыптау, «ресми халықшылдық» идеологиясына қарсы күрес, ағарту идеяларын дамыту, Россияны Европаландыруға ұмтылу, және олардың объективті – буржу-азиялық мазмұнын мойындау олардың арасында алауыздық болмады деген сөз емес.

Бастапқыда батысшылдар арсындағы эстетикалық, философиялық, әлеуметтік – саяси мәселелер бойынша айтыс үйірме шеңберінен шыға алмады. Алайда 40 жылдардың аяғында екі тенденция айқындала түсті. Герцен, Огарев, Белинский - материалистер, революцияшыл-демократ және социалистер ретінде әрекет етті. Кавелин,Боткин, Корш идеализмді қорғап, саяси мәселеде буржуазиялық- помещиктік либерализм идеяларын дәріптеді.

Адам, және оны мазалаған өмірдің мәні ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының басты тақырыбы болды. Осы кезең дамыған кезеңі Ғ.Есім орыстың ұлттық философиясын зерттеу Қазақстандық ұлттық философияны зерттеуге себепкер болды дейді.

Сонымен қатар екінші бір деректерде орыс философиясы үшке бөлініп қарастырылады: 1. Православие дініне негізделген славянофильдер бағы-ты. Олар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп түсіндіреді.

2. Марксизм бағыты. Олар жұмысшы табының иделогиялық қызметшісіне философияны айналдырды.

3. Батысшылдар бағытының немесе экзистенциалистер бағытының негізгі зерттеу объектісі адам және оның өмірінің мәні болды. Жалпы адам өмірінің мәні мәселесімен айналысқандар – орыс философтар деуге болады. Бұл сұрақ әсіресе, қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңде өткірлене түседі. Негізінен бұл мәселемен Л.Н.Толстой айналысқан. Ол өзін қор-шаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл ой-деңгейін бақылай отырып, оларды өмірінің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай төрт топқа бөледі:

1. Ештеңе білмеу жолы - өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екенін білмей де, түсінбей де өмір сүретіндер. Олардың қатарына, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі жатады, - дейді Л.Толстой.

2. Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.

3. Күш және энергия жолы - өмірдің мәні жоқ деп өзін-өзі өлтірушілер жатады. Оны тек үлкен жігерлі, мол қуат иелері ғана істей алады.

4. Әлсіздік жолы - өмірдің мәні жоқ екенін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүре беру.

«Менің ойымша, өмірдің мәні – сенім. Сенім өмірге күш береді. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Адам бірінші өзіне сенуі керек – дейді Л.Толстой.

Орыс философиясы - бұл әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]