Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
План-конспект 1 - курс. каз. группа.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418 Кб
Скачать
☆

§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері

Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық реті — бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесінің, взодының, ротасының жорық реті — лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорык реті — үш лек немесе екі лек бойынша жасалады.

Ұрысқа кіру реті — маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңьша шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз төуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысы кезінде қозғалыстың жоғарғы екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті—лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін — маңдай шеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.

Ұрыс реті дегеніміз — ұрыс үшін күшейту кұралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті — тізбек болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6—8 м (8—12 адым), бұл белімше шабуылының мандай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод бөлімшелер арасында 50 м-ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі майданда шабуылға шығады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті — машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді.

Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майдан бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) — атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артқы жақта орналасады. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Бөлімше бекінісі арасындағы аралық 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдай шеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл белімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Сондықтан ол бөлімшені және атысты шеберлікпен және сенімді түрде басқара білуі қажет. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті — атысты басқару. Атысты баскаруға: нысана барлау, оның маңыздылығын бағалап, закымдау кезектілігін анықтау, нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қару түрін таңдау, атыспен маневрлеу, оқ-дәрінің жұмсалуына бақылау жасау жатады.

Командир жауынгерлер мен бөлімшелер (машиналар) қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі (мысалы: "Бөлімше, шабуылға дайындал!"). Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады (мысалы, "Шабуыл" белгісі — "333", "Әуе қарсыласы" белгісі — "555" және т.б. түрінде бірілуі мүмкін). Сондай-ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары (ысқырық, сирена және т.б.) жалаумен және қол шаммен (фонарьмен) беріледі. Жалаулар (ұзындығы 40 см ағашқа бекітілген өлшемі 32x22 см болатын тікбұрышты кесінді) екі түсте (сары және қызыл) қолданылады. Сары жалау орнына ақ қолданылуы мүмкін. Қол шамдар үш түсті (ақ, қызыл және жасыл) қолданылады.

Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс белімше үшін әдеттегідей жағдай болып саналады және негізінен, күндізгідей жүргізіледі. Түнде жасырын жылжу және қарсыласқа кенеттен шабуылдау үшін жақсы жағдай жасалады, бірақ сонымен бірге, атыс дәлдігі төмендейді. Ұлы Отан соғысының тәжірибесі көрсеткендей, күндізгіге қарағанда түнде жүргізілген шабуылдағы жауынгерлік міндет табысты болады. Бірақ түнде шабуылдаушыға бағдар, көздеп ату және бақылау жүргізу киынға соғады. Түнде қарсылас та білдіртпей жақындауға, біздің орналасқан жерімізге енуге және кенеттен шабуылдауға ұмтылады. Бұған жол бермеу үшін бөлімшелерді бақылау мен күзету күшейтіледі. Түнде ұрысты табысты түрде жүргізу жоғары машықты, біліктілікті, жауынгерден батылдықты және моральдық-психологиялық дайындықты талап етеді. Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машық-танып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп, көздеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек. Түнде жарық бүркеніші мен дыбыс бүркеніші үлкен мәнге ие болады.