Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
План-конспект 1 - курс. каз. группа.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418 Кб
Скачать
☆

V. Жаңа сабақты бекіту:

Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; сондай-ақ пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін. Алдын ала берілетін пәрмендер — саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, қатты және созылмалы түрде беріледі. Қандай да болмасын, алдын ала пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметтшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

VI. Үй тапсырмасы: Оқып келу, сабақ айтуға өз ойын білгенің басқа студенттерге айтып жеткізуге дағдыландыру.

VII. Сабақты қорыту: Қорытындылай келе сабақты Саптық дайындық: қарумен және қарусыз жекеленген саптық жаттығуларды; машиналардағы және жаяу реттегі қимылдар кезінде бөлімше (есеп тобы, экипаж), взвод, рота (батарея), батальон (дивизион) және полктердің жаттықтыруын; бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауларын, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс алаңында жылжу тәсілдерін қамтиды.

§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті

5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі (НСПУ).

Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.

Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің окжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу қашықтығы — 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта — 500 метрге дейін, пулеметте — 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы — 500 м-ге дейін.

Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырлаңған атыс 1000 метрге дейінгі кашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға — 625 м; пулеметте кеуделік фигураға — 460 м, жүгірмелі фигураға — 640 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы: автоматтан минутына кезекпен ату 100-ге дейін, пулеметтен 150-ге дейін, жекелей атқанда автоматтан 40-қа, пулеметтен 50-ге дейін.

Автоматтың сүңгі-пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: АК74—3,6кг; АК74Н—5,9кг; АКС74—3,5кг; АКС74Н—5,8кг. Сүңгі-пышактың қынабымен қоса алғандағы массасы — 490г.

Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: РПК74—5,46 кг; РПК74Н — 7,76 кг; РПКС74 — 5,61 кг; РПКС74Н-7,91кг.