Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
План-конспект 1 - курс. каз. группа.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418 Кб
Скачать
☆

§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау

Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде және тазалау және майлау, дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Бөлімшедегі автоматты (пулеметті) тазалау:

— атысқа дайындық кезінде;

— ұрыстық және оқтық патрондармен атыс алаңында, атыс аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі: мұнда ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау мен бекітпе тазартылып, майланады; автоматты ақырғы тазалау атыстан оралған соң, одан кейінгі 3—4 күн бойы күн сайын; болмайтын сабақтардан және нарядтан кейін, яғни нарядтан немесе сабақтан қайтқан бойда;

— ұрыстық жағдайда және ұзақ жаттығулар кезінде, ұрыс тыншыған кезде және жаттығудағы үзілістер кезінде күн сайын жүргізіледі;

— егер автомат (пулемет) қолданылмаса, онда сирек дегенде, аптасына бір рет жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалаған соң, майлау керек. Металл беті жақсы тазартылып, құрғатылған соң, тазалаған бойда металға ылғал әсер етпес үшін дереу май жағу керек.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Белім командирі бөлшектеуге, тазалау мен майлау жұмыстары қандай дәрежеде жүргізілуі керектігін; керек-жарақтардың жарамдылығы мен тазалауға қажет құралдардың сапасының жақсылығын; сондай-ақ өткізілген тазалау жұмысы дұрыстығы мен сапасын анықтап, майлау мен жинауға рұқсат беруі; автоматқа (пулеметке) жүргізілген майлау және жинау жұмыстарының дұрыстығын тексеруі керек.

Офицерлер автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оқтын-оқтын қатысуға және оның дұрыс жүргізілуін бақылауға міндетті.

Казармада немесе далада орналасу кезінде автоматты (пулеметті) тазалау осы мақсатқа арнайы жабдықталған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайлар мен жаттығулар кезінде — таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.

Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң ҰТЕ немесе сұйық қару майымен арнаулы орындарда тазалау керек. Автоматты (пулеметті) ҰТЕ-мен тазалау тек офицер немесе бөлімше старшинасы жетекшілігімен жүргізіледі.

Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға қайтарылғаннан кейін ҰТЕ-мен қайта тазалануы қажет.

Далалық жағдайда автоматты (пулеметті) тазалау және майлау тек сұйық қару майымен жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау және майлау үшін:

— сұйық қару майы: автоматты (пулеметті) тазалау және онын бөлшектері мен механизмдерін +5°С-тан +5О°С-қа дейінгі ауа температурасы кезінде майлау үшін;

— қару майы: тазаланған соң, ұңғы арнасын автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін майлау үшін; бұл майлау жұмыстары ауаның +1 — +5°С және одан жоғары температурасында жүргізіледі;

— ҰТЕ (ұңғы тазалау ерітіндісі) ерітіндісі: ұңғы арнасын тазалау және дәрілі газ әсеріне ұшыраған автоматтың басқа да бөліктерін тазалауға арналған;

— шүберек немесе КВ-22 қағазы: автоматты (пулеметті) сүрту, тазалау және майлау үшін;

— талшықтан тазартылған кендір (қысқа зығыр талшықты): тек дана ұңғы арнасын тазалау үшін ҰТЕ бөлімшелерде 1 тәулік бойы қару тазалауға жететіндей мөлшерде дайындалады.

Ерітіндінің құрамы мынадай:

• ішуге жарамды су — 1 л;

• көмір қышқылының аммонийі — 200 г;

• екіхром қышқылды калий — 3—5 г.

(ҰТЕ-нің аз мөлшерін жеті тәуліктен артық емес уақыт қақпақпен жабылған шыны құтыда, қараңғы жерде және жылыту аспаптарынан қашықта сақтауға рұқсат етіледі. ҰТЕ-ні металл май құтысына құюға тыйым салынады).

Саңылауларды, қуыстар мен тесіктерді тазалауға ыңғайлы болу үшін ағаш таяқшаларды қолдануға болады.

Автоматты (пулеметті) тазалауға қырғыш материалдарды (зімпара қағазды, құмды және т.б.) колдануға болмайды.

Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;

2) Автоматты (пулеметті) бөлшектеу;

3) Керек-жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау;

4) Ұңғы арнасын тазалау.

Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты майлап, жинауды жүргізеді. Автоматты тазалағаннан кейін металға ылғалдың әсерін болдырмау үшін майлайды.

Автоматты (пулеметті) қару тазалауға арналған ойыққа немесе қарапайым үстелде, ал үстел жоқ кезде оның дүмін жерге не еденге тіреп қояды.

Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, мұнда кендір ұшы тазалағыш өзегінен қысқа, ал қабат қалыңдығы кендірлі тазалағыш ұңғы арнасына аз ғана қол күшін жұмсау арқылы енетіндей болуы керек; кендірге аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты және кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.

Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын қайтадан тазалайды. Осылай бірнеше рет қайталайды. Бұдан кейін сүмбіні, ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды. Егер онда күйенің ізі (қарайған), тот немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын өткізілетін шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ұңғыны қолмен баяу айналдырып тұрып, ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен октық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.

Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. ҰТЕ-мен тазалау күйені толық кетіргенше ерітіндімен ылғалданған сүрткіш не кендір ұңғы арнасынан күйесіз немесе көгермей шыққанша жалғастырады. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді. Келесі күні жүргізілген тазалау жұмысының сапасын тексеру керек; егер ұңғы арнасын таза шүберекпен сүрту кезінде одан күйе табылса, онда тазалауды да сол тәртіппен жүргізу керек.

Ұңғы арнасының ойықты бөлігін тазалау аяқталған соң, осы тәртіппен оқтықты ұңғы қорабы жағынан тазалайды.

Ескерту. Егер тазалау кезінде сүмбі мен тазалағыш үңғы арнасына қыстырылып қалса, арнаға аздап қыздырылған сүйық қару майын енгізіп, оны бірнеше минут өткен соң шығарып алуға тырысу керек. Егер сүмбі алынбаса, автоматты (пулеметті) жөндеу шеберханасына жібереді.

5) Газ каморасын, газ түтігін, ұңғылық тежеуіш-компенсаторды мылтық майымен немесе ҰТЕ-мен жуады, сүмбінің немесе ағаш таяқшаның көмегімен шүберекпен тазартады, одан соң құрғатып сүртеді.

6) Ұңғы қорабын, бекітпе жақтауын, бекітпені, газ поршенін сұйық қару майы не ҰТЕ сіңірілген шүберекпен тазалайды, одан соң оны құрғатып сүртеді. Егер атыстан кейін тазалауда сұйық қару майымен, ал газ поршенін, сондай-ақ бекітпенің цилиндр ойығына май жағып, оны майға батырылған шүберекпен 3—5 мин орап қою керек. Бұл ұңғының тежегіш-компенсаторының (жалын өшіргіш) ішкі бетіне де қатысты.

7) Қалған металл бөліктер шүберекпен құрғатылып сүртіледі.

8) Ағаш бәліктерін құрғақ шүберекпен сүртеді.

9) Жарқырауық саптамаларды суға не керосинге батырылған шүберекпен сүртіп, кірді кетірген соң, көздеуіш пен қарауылды құрғақ шүберекпен сүртеді.

Автоматты (пулеметті) майлауды былайша жүргізеді:

1) ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш-компенсаторды және жалынсөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;

2) автоматтың қалған металл беліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Қарауыл мен көздеуіштегі ағаш бөліктер мен жарқырауық нүктелер (жолақтар) майланбайды.

3) майлап болғаннан кейін автомат (пулемет) жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді.

Жылдың суық мезгілінде -4°С-5°С одан да төмен температура кезінде автоматты (пулеметті) тек сұйық қару майымен майлау қажет. Бір майлаудан келесі майлауға кірісу кезінде автомат (пулемет) белшектеріндегі ескі майды мұқият тазалап тастау керек.

Майды кетіру үшін автоматты толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту қажет.

Ескерту. Ауа температурасы +5°С-тан төмен болған кезде қару майын қолдануға тыйым салынады. Сұйық қару майын жаз мезгілінде температурасы төмен аудандарда жыл бойы қолдану рұқсат етіледі.

Аяздан жылы жерге алып келінген автоматты 10—20 мин-тан соң тазалау керек (буланған соң ғана). Жылы жерге кіргеннен соң автоматтың сыртқы бетін сұйық қару майы сіңдірілген шүберекпен сүрту ұсынылады.

Ұзақ уақыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты сұйық қару майымен майлап, ингибиттелген, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет.

Автоматты газсыздандыру, дезактивизациялау және дезинфекциялау бөлімше командирінің нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Автоматтар (пулемет) мен патрондарды сақтау және күтіп ұстау.

Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты болады.

Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, ауыстырғыш—тежегішке, автоматта көздеуіштің қамытшасы "П" бөлігіне, пулеметте "1" бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жиналып, серігшелі ілгекпен бекітілген. Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі. Автоматшы (пулеметші) автоматты (пулеметті) таза және толық жөндемділікте күтіп ұстауы керек. Соққыш-ағытқыш механизм жұмысын тексеру кезінде шүрілпені артық баспау қажет.

Автомат (пулемет) казарма немесе далалык жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір белімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сәмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады. Оқжатарларға арналған сөмкелер, баулар мен қапшықтар таза және құрғақ түрде сақталуы тиіс.

Қандай да бір ғимаратта уақытша орналасу жағдайында автоматты есіктен, пештен және жылытқыш аспаптардан қашық, құрғақ жерде, ал соғыс кезінде — өзінде (колда) ұстау керек.

Автомат (пулемет) жаттығуға барар кезінде және жорықта "белдікке" немесе "арқаға" жағдайында белдікте алып жүріледі. Белдік автомат жабдықтың қатты заттарына соғылмайтындай етіп тартылып тұруы керек. Автомат (пулемет) қосылған оқжатарымен алып жүріледі. Қалған оқжатарлар сөмкеде жатады. Жиналмалы дүмді автомат, әдетте, жиналған дүмімен, ал жиналмалы дүмді пулемет — қайырылған дүмімен алып жүріледі.

Пулеметтің дүмі тек десант түсіру кезінде ғана жиналады. Автомат (пулемет) сабақтар аралығындағы үзіліс кезінде, сондай-ақ аялдамада автоматшы белдігінде немесе қолында (пулемет сирағына койылуы мүмкін) болады.

Автомат (пулемет) автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал жаяу әскердің ұрыс машинасында автомат төсеуде болуы мүмкін. Танкіде жылжу кезінде автоматты (пулеметті) сауытқа соғылудан сақтау үшін қолда ұстау қажет.

Автоматтарды (пулеметтерді) темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнайы пирамидаларда ұстау керек. Егер вагон немесе пароход пирамидалармен жабдықталмаса, онда автоматты құлап немесе зақымдалмауы үшін қолда немесе сөрелерде ұстау қажет.

Ұңғының жарылуы немесе кеуіп кетуінің алдын алу үшін, оны қандай да бір затпен тығындауға тыйым салынады. Автоматтың (пулеметтің) ұңғы арнасына су тимеуінен сақтау керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.

Патрондар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек.

Патрондарды күтіп, зақымдалудан, ылғал және ластанудан сақтау керек. Патрондарды майлауға тыйым салынады. Патрондардың жоғалмауын қадағалау керек.