Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ дипл.ФУТ_ИСказ13.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
490 Кб
Скачать
☆

2 Дипломдық жобаның тақырыптарына қойылатын талаптар

2.1 Дипломдық жоба тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан жоғарыда көрсетілген баптағы талаптарға жауап беруі қажет;

2.2 Дипломдық жоба тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

2.3 Дипломдық жоба тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет. Дипломдық жоба тақырыптары бітіртуші «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында әзірленіп, «Тұран»университетінің ғылыми кеңесінде қаралып бекітіледі.

2.4 Студент дипломдық жоба тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

2.5 Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа дипломдық жоба орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы қажет.

2.6 Сырттай бөлімде оқитын студентке дипломдық жоба тақырыбын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

2.7 Студентке дипломдық жобасының тақырыбы диплом жобасы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.

2.8 Диплом алдындағы тәжірибе аяқталысымен диплом жоба тақырыбы қажетті жағдайларда бітіртуші кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

3 Дипломдық жобаның жазылу ережелеріне қойылатын талаптар

3.1 Дипломдық жобаны жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

3.2 Дипломдық жобаның ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми-зерттеу мамандары, студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандар тағайындалады.

3.3 Дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі:

1) диплом жобасына тапсырма береді;

2) студентке диплом жобасының орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) диплом жобасын орындау барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын кеңес беру кестесін құрайды;

5) диплом жобасының барлық бөлім көлемі белгіленіп және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.

3.4 Диплом жобасына тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), диплом жобасының күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жобасының тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жобасының тапсырмасы диплом жобасының тігіледі (Қосымша 4).

3.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі (Қосымша 5). Жұмыстың күнтізбелік кестесі диплом жобасына тігіледі.

3.6 Қажет болған жағдайда диплом жобасының ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жобасының жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыт есебінен консультанттар шақыратады.

3.7 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

3.8 Шығарушы кафедра диплом жобасы орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етуі қажет, диплом жобасын орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

3.9 Кафедра меңгерушісі диплом жобасын орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жобасының дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

3.10 Диплом жобасы мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

3.11 Әрбір дипломдық жоба тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, тәжірибелік сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.

3.12 Диплом жобасының ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

3.13 Диплом жобасын студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындай алады.