Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ дипл.ФУТ_ИСказ13.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
490 Кб
Скачать
☆

7 Дипломдық жобаны қорғау тәртібі

7.1 Диплом жобасын қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

7.2 Диплом жобасын қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Диплом жобасын қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

7.3 Бір диплом жобасын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 20 минуттан аспауы қажет.

7.4 Диплом жобасын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 10 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

7.5 Диплом жобасын талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.

7.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

7.7 Диплом жобасын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

7.8 Диплом жобасын қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен рәсімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

8 Дипломдық жобаны сақтау тәртібі

8.1 Диплом жобасын қорғағаннан кейін бітіртуші кафедра жоғары оқу орнының архивіне тізбе арқылы, кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.

8.2 Дипломдық жоба Университет архивінде 5 жыл сақталады.

8.3 Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурсқа қатысу, өндірісте қолдану үшін оқу ісі жұмыстары жөніндегі проректордың рұқсатымен диплом жұмысының көшірмесі түсіріліп және мүдделі жаққа беріледі.

Қосымша 1. Дипломдық жоба тақырыбын таңдауға жазылатын өтініш үлгісі

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі

т.ғ.д., профессор С.А.Түсіповаға

_____ курс студентінен

ЭФ ____ – 20____ ж.қ.

__________________________________________________________

Аты-жөні (толығымен)

__________________________________________________________

жұмыс орны, қызметі

жұм.т._________________________

үй.т.__________________________

ұялы.т. _______________________

e-mail _______________________

Ө Т І Н І Ш

Сізден, дипломдық жоба № ____ (тақырыптар тізімінен) ___________________

_________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________ (тақырыптың атауы)

тақырыбын бекітуіңізді сұраймын.

Күні

Қолы