- •«Тұран» университет» мекемесі
- •5В070300 - "Ақпараттық жүйелер " мамандығы
- •1 Жалпы ереже
- •2 Дипломдық жобаның тақырыптарына қойылатын талаптар
- •3 Дипломдық жобаның жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •4 Дипломдық жобаның мазмұны мен құрылымы
- •5 Дипломдық жобаны рәсімдеу тәсілі
- •6 Дипломдық жобаны қорғауға ұсыну тәртібі
- •8 Дипломдық жобаны сақтау тәртібі
- •Қосымша 1. Дипломдық жоба тақырыбын таңдауға жазылатын өтініш үлгісі
- •7 Дипломдық жобаны қорғау тәртібі
- •Қосымша 2. Мұқабаны (сыртқы бетті) рәсімдеу үлгісі «тұран» университет» мекемесі фамилиясы аты әкесінің аты
- •Дипломдық жоба
- •Қосымша 3. Титул бетін рәсімдеу үлгісі
- •Қосымша 4. Тапсырмалдарды дайындау үлгісі
- •«Тұран» университет» мекемесі
- •Қосымша 5. Дипломдық жобаның орындалуының күнтізбелік кестесі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Тұран» Университет» мекемесі «Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Қосымша 6. Дипломдық жобаның құрылымы
- •Қосымша 7. Құрылымын дайындау
- •1 Теоретикалы талдау бөлімі
- •2 Есептің орындалуын жобалау
- •3 Техника-экономикалық негізделуі, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.
- •Қосымша 8. Суреттердің көрсетілуі
- •Қосымша 9. Кестелердің көрсетілу үлгісі
- •Қосымша 10. Формулаларды көрсету ережелері
- •Қосымша 11. Қолданылған дерек көздеріне берілген нұсқауларды көрсету ережелері
- •Дерек көзіне жасалған сілтемелерді дайындауды мысалы:
- •Қосымша 12. Қосымшалардың көрсетілу ережелері
- •Қосымша 13. Пікір үлгісі
- •Қосымша 14. Сын пікір үлгісі
6 Дипломдық жобаны қорғауға ұсыну тәртібі
6.1 Дипломдық жоба алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.
6.2 Дипломдық жобаны алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
6.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген, аяқталған дипломдық жоба ғылыми кеңесші мен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.
6.4 Ғылыми жетекші диплом жобасына жазбаша сын-пікір жазады.
Диплом жобасы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.
Диплом жобасы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.
6.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жобасына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.
Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жобасын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.
6.6 Бітіртуші кафедра қорғауға ұсынған диплом жобасын факультет деканы сын пікір жазуға жібереді.
6.7 Бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынуымен пікір жазушылар тізімі өндіріс және ғылыми ұйымдар мамандары арасынан ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылары қатыстырылады.
6.8 Пікір жазушы диплом жобасына жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі.
Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.
6.9 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жобасы жалпы жағдайда қорғалады.
6.10 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жобасының пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.
6.11 Дипломдық жобаны қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедра ұсынысымен қорғау кезінде диплом жобасының мазмұнын қысқаша шетел тілінде таныстыра алады және де сол тілде сұрақтар қоюға болады.
6.12 Дипломдық жобаны қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеткен жетістіктер мен заманауй техникалық құралдарды пайдаланып, мультимедиалық көрсетілім түрінде электрондық қорларды қолдану арқылы жүргізіледі.
