- •1)«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат»,«техногенді қауіп»,«экологиялық қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіз, оларды сипаттаңыз, мысал келтіріңіз
- •2) «Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері
- •3) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеті қандай? ақ және тж құрылымы, қызметі
- •5)Жарақаттану мен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек түрлері
- •7)Туберкулез ауруы: сипаттамасы, жұқтыру жолдары, диагностика, алдын алу жолдары.
- •8) Табиғи қауіптер. Сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні сипаты, пайда болу себептері.
- •9) Атмосфера,гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары
- •10) Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары
- •12) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы әсері
- •11)Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
- •13) Жер сілкінісінің сипаттамалары. Магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі
- •14) Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •15) Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары. Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •16) Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері? Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •17) Электромагниттік өрістің ағзаға әсер, олардан қорғану.
- •18) Дезактивтендіру, дегаздау, дизенфекция, дезинсекция, дератизация деген не?тж да санитарлық тазалау қалайша өткізіледі?
- •19)Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау тж кезінде халықты көшіру және қоныстандыру
- •20) Шудың, дірілдің ағзаға әсері, олардан қорғану
- •21) Жер сілкінісі кезінде үйде, ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз. Қандай жерлер қауіпті? Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс әрекеті
- •21) Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеті
- •22) Халықтың су тасқыны кезіндегі іс әрекеті
- •23) Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті
- •25) Халық қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекет.
- •26) Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •27) Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін өзі ұстауы
- •28)Компьютермен шығатын зиянды факторлар, қорғаныс шаралары.
- •29)Ұялы телефонның ағзаға әсері және қауіпсіздік шаралары
- •30) Тж кезінде қолданылатын жеке бас қорғаныс құралдары
- •31)Тж кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдары
- •32) Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті
- •33) Химиялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •34) Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс әрекеті
- •35) Радиациялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •38) Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс әрекеті
- •39) Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс әрекеті
- •40) Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс әрекеті_
25) Халық қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекет.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60º–пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/c дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшуіні болып табылады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр. Көшкін қаупінің белгілері: 1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жатқан адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды - қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған сүрлеумен жүріңіз. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарларын үнемі қадағалаңыз, Қазгидрометтің көшкінұстау станцияларының мамандарымен кеңесіңіз. 3. Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз. 4. Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп, төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан беткейлер қауіпсіздеу. 5. Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-сәуір) тауға шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда демалудан бас тартыңыз. 6. Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескерген жөн. Көктемде көшкін қауіпі қар суланып беткейден оңай сырғитын мезгіл тал түсте байқалады. 7. Тауда төңірек жақсы көрінетін кезде жүріңіз. Тұман әрдайым көшкін қаупін күшейтеді. 8. Көшкін қаупі бар жерлерден өткен уақытта айқайлап шуламаңыз. 9. Көшкін қаупі бар жерлерден бір-бірлеп өтіңіз. 10. Қарлы беткеймен көтерілген кезде айналсоқтамай тік жүріңіз. 11. Қар жапқан тік таулы беткейге жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. Түнейтін жерді дұрыс анықтау аса маңызды. Мұнда жазықтың екі жағындағы беткейдің қар көшкіні қаупі ескерілуге тиіс. Бағытты жоспарлағанда қауіпті учаскілер кездескен жағдайдағы қосымша нұсқаны міндетті түрде межелеген жөн. Сөйтіп жорықты тоқтатпай және өзіңізді төтенше қауіпке ұшыратпай басқа қауіпсіздеу жолмен жүрген дұрыс. 12. Қар көшкіні лықсыған кезде оның ықтимал жолынан кетіп жер бедерінің, жартастың бұрышын паналаңыз. 13. Тауға еш уақытта жалғыз бармаңыз. Топпен жүрген кезде қауіпке бірден ұшырамайтындай болып жүрген жөн. Осы тәртіптерді сақтамау көп жағдайда қайғылы оқиғаларға алып келеді. Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері: - көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз; - көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз; - шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек; - қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз. Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет. Көшкін қаупі кезінде тауда қалған туристерге мынадай көрнекі болжамдық белгілерді естерінде сақтау пайдалы, олар пайда болған сәтте тез қауіпсіздік шараларын қабылдаған жөн: - іле Алатауының ортатаулық белдігіндегі күзгі-қысқы кезеңдегі қар көшкіннің лықсуы беткейдегі ескі қар биіктігінің 30-40 см деңгейінде басталады. Бұл жағдайда көшкіннің лықсуы үшін 20-25 см жаңа жауған қар, ал аязды күні өте жеңіл үлпілдек қар жауса, онда 10-15 см жеткілікті; - қатты қар жауған кездегі жаппай көшкіннің пайда болуы қарашаның өзінде болуы мүмкін; - қар жиі жауған кездегі ( сағатына 3 см) қар көшкінінің қауіпті ахуалы 3-4 сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан шығу үшін пайдалану керек; - қысқы-көктемгі кезеңде үстіңгі бетте қар жамылғысы жоқ жағдайда теңіз деңгейінен 1800 м жоғары аймақтағы алғашқы ылғалды көшкін жылынғаннан бастап 18-24 сағаттан кейін лықси бастайды; - егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез шығуы қажет. - төзімді (адам салмағын көтеретін) және қуатты (20 см жуық) мұз қыртысы (қар бетіндегі қатқан түйіршік) тек таңертеңгі сағаттарда сенімді бола алады, ал онымен жүрген кезде (қажетті жағдайда) жүрушілер тобында үлкен арақашықтықты сақтай отыра қозғалу қажет. - егер аз жауған қар жаяу бұрқасынға ұласса, онда 4-6 сағаттан соң дауылды көшкін болуы мүмкін, ал желдің жылдамдығы 15 м/c болса 2-4 сағаттан кейін болуы мүмкін. Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет: 1. Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу нүктесінен тез белгілеу. 2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі мүмкін қандай да бір затты табу үмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек. 3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанын тапқан кезде зардап шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет. 4. Егер зардап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндігі болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым дайын болуға тиіс. 5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай анықтайды. Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы баяулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп қалады. Егер көшкін жолында жекелеген ағаш, жартастың ұшы, жол кездессе, зардап шегушіге осы кедергілерге аялдауға болады. 6. Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне тап болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет. 7. Аймақты анықтағаннан кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан тұрады. 8. Құтқарушылар бір-бірімен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны қарға 3 м тереңдікке енгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдығы -70%. 9. Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 см арқылы мұқият тексеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың аралығы 30 см болуға тиіс. Егер бұрғы қардың қалыңдығынан топыраққа жетпесе, бойлама траншея қазу қажет. 10. Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жүргізіледі. Жатқан жерін анықтаған бойда қазу басталады. Әуелі жылдам қазуға болады, кейін күрекпен денені жарақаттамау үшін сақтық жасағаны дұрыс. Құтқарушылардың іс-әрекеті: - зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетінің алдында бос кеңістіктің бар-жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағанын анықтау қажет. Екінші жағдайда тірі қалу мүмкіндігі аз; - бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін (егер ол жылы және жұмсақ болса, оның өмір сақтап қалу мүмкіндігі бар)тексеру керек; - ауыз бен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет; - бір уақытта зардап шегушіні ұйықтау қапшығына салып, қыздырғыш қойып (ыстық су құйылған ыдыс) жылыту керек; - егер адам есін жиса, оған қантты шай немесе кофе берген жөн. Спирт ішімдігін беруге болмайды! Үгінділер мен опырылмалар Үгінділер – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Опырылма – тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы. Үгінділер мен опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері: жерүсті және жерасты сулары мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады. Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы қопарылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады. Сырғымалар мен опырылмалар қаупінің белгілері: - топырақтың ылғалдануына алып келетін нөсер жаңбырдың жаууы, қар жамылғысының үздіксіз еруі; - жарықшақтары, бұрын болған қопарылмалардың іздері бар борпылдақ жыныспен жамылған таулы тік жартас; - тас кесектері құлайтын, жарықшақтары бар, жыныстарын жел кеулеген таулы тік жартас. Қопарылмалар мен үгінділер аудандарында болған кездегі сақтық шаралары: 1. Таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын ұдайы қадағалау. 2. Құлау белгілері мен жарықшақтары бар еңіс жартас пен тік беткейлердің жанына тоқтамаңыз. 3. Қопарылмалар мен үгінділер пайда болған үгінділердің шетіне жақындамаңыз. 4. Қауіпті учаскіден бір-бірден, тез және шусыз өтіңіз. 5. Тас құлаған кезде қабырғаға жабысыңыз немесе басыңызды қапшықпен жауып, шығып тұрған жартас ұшының астына жасырыныңыз.
