- •1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
Құрмаласу тәсілінің осы аталған негізгі екі түріне сәйкес салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді.
34-сұрақ. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері (әр түрі бір сұрау)
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында қолданылатын жалғаулықтар негізгі мағы налық ерекшеліктеріне қарай:
1)мезгілдес мәнді жалғаулықтар
2)қарсылық мәнді жалғаулықтар
3)себеп мәнді жалғ.
4)талғау мәнді жалғ.
5)кезектес мәнді жалғ.
Осы жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлемде сол жалғаулық атымен мезгілдес мәнді салалас сөйлем, қарсылық мәнді салалас сөйлем дегендер тәрізді аттармен аталып топталады. Бірақ аталған топтардағы жалғаулықтардың мағыналық жағынан белгілі бір төркіндестері болғанымен, қолданылу орнына, контекске қарай олардың әрқайсының басқалар ауыстыра алмайтын өзіндік дербестіктері де мол кездесіп отырады.
1.Мезгілдес салалас сөйлем
Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгіл ішінде я бірінен кейін бірі іле-шала болған немесе болатын іс-әрекет, жай-күйлері де, мезгілдік қатынасы жоқ, бірақ мағыналық жағынан өз ара ыңғайлас болып келетін біртектес жай-күйлерді де білдіреді.
Мезгілдес салалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да-де және әрі жалғаулықтары арқылы құрмаласады. Бұл жалғаулықтардың ортақ қасиеттерімен қатар әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар.
Да жалғаулығы арқ. Жасалатын мезгілдес салалас сөйлемдер
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруға өте жиі қолданылатын да-де, та-те жалғаулықтары.Үндестік заңының әсерімен түрленіп айтылатыны болмаса, бұл да деген бір ғана жалғаулық. Бұл жалғаулық саалас құрмалас сөйлем жасауда әр компонент ішінде қайталанып та, қайталанбай екі жай сөйлем арасында да қолданылады. Сонымен, да жалғаулығы қайталамай екі компонент арасында келген жағдайда жай сөйлемдер бір-бірімен екі түрлі мезгілдік қатынаста айтылады: а) алдыңғы компонент одан сәл кейін, бірақ соған іс-әрекет, жай-күйді білдіреді. Ә) екі компоненттің екеуі де бір мезгіл ішінде қатар болған я болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді көріністі баяндайды. Мыс, Көмір де осы, отын да осы.
Және жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем жасауда да жалғаулығымен бір типтес болып келетін жалғаулық – және жалғаулығы. Бұл жалғаулық өзі құрмаластыратын жай сөйлемдері арасында қолданылады да, олардың ешқайсысының да құрамына енбей жеке-дара тұрады. Бұл жағынан алғанда және жалғаулығын нағыз салаластырушы жалғаулық деуге болады.
Және жалғаулығы да жалғаулықты сияқты жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде жиі қолданылмайды, өте сирек, әлдеқалай ғана ұшырайды. Және жалғаулығы арқылы құрмаласатын компоненттер іс-әрекет, жай-күйді өсіңкі, үдетпелі, үстемелі мәнде білдіреді. Мысалы, Отырып әңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар.
Әрі жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлем
Құрмаластыратын жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қатынасы жағынан жоғарыда талданған сөйлем түрлерімен біртектес болып келетін салала сөйлем – әрі жалғаулығы арқылы жасалатын құрмалас сөйлем. Мыс., Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс айтуға мүмкіндік береді,әрі ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударады.Талданып өткен үш түрлі, (да, және, әрі) жалғаулық арқыл ы жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан өзара жақын, біртектес болып келеді. Бұлар арқылы құрмаласқан сөйлемдер әрқайсысының азды-көпті ерекшеліктері болумен қатар, негізінде, мезгілдес болған іс-әрекет, жай күйлерді бір мезгіл ішіндегі оқиғаларды баяндайды.
2)Себептес салалас сөйлем
Өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер
Өйткені, себебі деген жалғаулықтар арқылы құрмаласатын жай сөйлемдердің соңғысы іс-әрекеттің себебін білдіреді де, алдыңғысы сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіреді. Мыс., Оның толқығаның Әмір байқаған жоқ, өйткені ол аң-таң болып барлық назарын Әбдірахманның түрінің жан танымастай өзгеріп кеткеніне аударды.
Сөйтіп, өйткені, себебі жалғаулықтары болған , болатын я болып жатқан іс-әрекет, жай-күйдің солай болу себебін білдіретін жай сөйлем алдында келеді де, соның құрамына енеді.Сондықтан бұл жалғаулықтар себеп жалғаулығы деп аталады. Кейде себеп жалғаулығы мағынасында олай болатын себебі, олай дейтін себебі, неге десең, олай дейтінім,(дейтінің, дейтіні) дегендер тәріздес тіркестер де, болмаса алдыңғы компонент баяндауышының есімше формалы түрде қайталанып айтылған түрі де қолданылады.
Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер
Жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы жағынан бұл екі жалғаулық осының алдында ғана сөз болған себеп жалғаулығымен бір топқа жатқызылады. Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары да екі жай сөйлем арасында қолданылады да, өзінен кейінгі жай сөйлем құрамына енеді. Бұл жалғаулықтар құрамына енген компоненттер алдыңғы компоненттегі іс-әрекет арқасында туатын немесе туған нәтижені, салдарды білдіреді. Сонымен, өйткені, себебі деген жалғаулықтар бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебін, неліктен олай болғандығын білдіретін жай сөйлем құрамында айтылса, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебінен туған нәтижені, салдарды білдіретін жай сөйлем құрамында айтылады.
Қарсылықты слалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлемге компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін сөйлемдер жатады. Салалас құрмалас сөйлемнің бұл түрі бірақ, дегенмен, әйтсе де, өйткенмен, сөйтсе де, сонда да, солай бола тұрса да, солай болғанмен жалғаулықтары және жалғаулық мәнді сөз тіркестері жасалады. Мыс., Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де, айтып көріңіз.
Талғаулы салалас сөйлем
Талғаулы салалас сөйлем компоненттерінде баяндаған әрекеттердің екшеліп, талғанып, әйтеуір біреуінің болатындығын немесе болу керектігін баяндайды. Талғаулы салаластың компоненттері, салалас құрмаластың басқа түрлеріндей емес, тек интонациялық жағынан ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды. Мыс., Күн жылынып еді, көк қаулап өсе бастады деген салалас құрмалас компоненттер бір-бірімен мағыналық жағынан ұштасып жатыр.
Сөйлемде талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар – не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде, мейлі, құй деген талғаулықты жалғаулықтар.
Кезектес салалас сөйлем
Кезектес салалас сөйлем деп құрамынна енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әректтердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз.
Кезектес салалас сөйлем компонеттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мыс., Біресе бұлбұл нақышты, көп ырғақты «жиырма бесті» созады, бірде назды қоңыр, кең тынысты « Жанбота» шығады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің ешқандай жалғаулықсыз немесе жалғаулық мәнді сөзсіз бір-біріне тіркесе, іргелесе айтылулары арқылы да жасалады. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі жалғаулықсыз салалас сөйлем деп аталады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерде компоненттер бірлігі, негізінде, жай сөйлемдердің мағыналық жағынан өз ара байланыстылығынан, шарттастылығынан, интонация тұтастығынан және компоненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан көрінеді.
Мағыналық жағынан алғанда, жалғаулықсыз салалас құрамына енген жай сөйлемдер бір-біріне жақын, өзара іліктес , шарттас, мезгілдес, себептес іс-әрекет, жай-күйді білдірулері де, болмаса бірінің мағынасын екіншісі ашып, саралап түсіндіріп тұруы да мүмкін. Соның арқасында, алдыңғы жай сөйлем айтылғандағы, ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мыс., Ол қасқа айғырға ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге жармаса кетті.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары. Құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда, жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен мынадай тәсілдер арқылы құрмаласады:
Жай сөйлемдер мағыналарының бір-бірімен байланысты, іліктес, сабақтас ьолып келуі арқылы;
Интонация тұтастығы арқ;
Компоненттердің бәріне қатысы, бәріне ортақ бір сөздің(мүшенің) болуы арқылы
Компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқ.
Белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқ.
Бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқ.
Компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқ.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері
1)мезгілдес салалас сөйлем
2)себептес салалас сөйлем
3)қарсылықты салалас сөйлем
4)түсіндірмелі салалас сөйлем
5)салыстырмалы салалас сөйлем
6)шартты салалас сөйлем
7) көп компонентті салалас сөйлем
1)мезгілдес с.с
Мезг.с.с компоненттері бір мезгілде немесе біріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған іс-әрекеттерді я бір мезгіл ішіндегі көріністі, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолындағы өзгешелігі ғана болмаса, компоненттердің мағыналық қатынасы жағынан мезгілдес салаластың жалғаулықсыз түрі мен жалғаулықты түрі бірдей. Мыс., Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді.
2)Себептес салалас с.
Бір компонент екінші компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің себебін білдіріп, екіншісі сол себептен туған нәтижені білдіретін, немесе, керісінше, бірінші нәтижені, екінші соның себебін білдіретін сөйлемдер себептес салаласқа жатады. Мыс., аяп кеттім, менің де көзіме жас келді.
3)қарсылықты салалас сөйлем
Құрмалас сөйлемнің бұл түріне компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас сөйлемдер жатады.Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында ешқандай өзгешелік жоқ.Мыс., Жараланған жайымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, бірақ Ақбота оп-оңай бетін ашыпты.
4)түсіндірмелі салалас с.
Т.с.с. бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, кейінгі компонентте я компоненттерде оның мәні я себептері сараланып ашылады, талданып,түсіндіріледі. Мысалы, жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын айғайлады.
5) салыстырмалы с.с
Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі түрлі субьектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салғастыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Салыстырмалы салалас сөйлем мақал, мәтелдерде өте жиі кездеседі. Мыс.,Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тыңдырмас.
Шартты салалас сөйлем
Компоненттер мағыналары өзара шарттас болып келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас сөйле деп аталады. Мыс., Бүгін өзің қоншы осы жерге, бәрін де өз көзіңмен көресің.Сөйтіп , компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан да, шартты білдіретін жай сөйлемнің орналасу тәртібі жағынан да шарты салалас сөйлемнің шартты сабақтас сөйлемнен ешқандай өзгешелігі жоқ. Мыс., Бүгін өзің осы жерге қоншы, бәрін де көзіңмен көресің.
Көп компонентті салалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің көп бағыныңқылы болып келетіні сияқты бір салалас сөйлем құрамында да үш немесе одан да көп жай сөйлемдер келе береді. Мұндай көп компонентті салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді. Мыс., Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай-ақ түсінісе береді. 35 сұрақ. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем Құрмалас салалас сөйлемнің құрамына енген жай сәйлемдер бір-бірімен ешқандай жалғаулықсыз, іргелесе байланысады. Осыған қарамастан, жалғаулықсыз салаластар жөнінде кейбір қайшы пікірлер де кездеседі. Осылардан бір-біріне қайшы келетін екі пікірді атап өтеміз де, тіл фактілеріне сүйене отырып, салалас құрмалас сейлемнің талабына жауап беретін көзқарастың дұрыс екендігін мақұлдаймыз. Салыстырылған тілдердің барлығында да салалас құрмаластарды жалғаулықты, жалғаулықсыз деп екіге бөледі. “Қазак тілінің грамматикасы” жалғаулықсыз салаластарды байланыстырып тұратын төмендегі амал-тәсілдерді көрсетеді: 1) жай сөйлемдер мағыналарының бір-біріне байланысты, іліктес, сабақтас болып келуі арқылы; 2) интонация тұтастығы арқылы; 3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мүшенің) болуы арқылы; 4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы; 5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы; . 6) бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы; 7) компонент баяндауыштары қызметіндегі етістіктердің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы” '. Ал өзбек тілінің грамматикаларында, басқа да құрмалас сөйлемдер бойынша дербес монографиялық зерттеулерде “боғловчисиз боғланған кушма гаплар” құрамына енген жай сөйлемдердің, біріншісінің баяндауышы көсемшеден, есімшеден немесе есім сөздерден болып, екінші жай сөйлемнен байланысатындығын көрсетеді. Осымен қатар, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болуына қарамастан, оның басыңқы сейлемге бағын-байтындығын дәлелдейді. Көсемше бір сөйлемді екінші сөйлеммен байланыстыратын грамматикалық тәсіл бола алмайды. Сондықтан да көсемшелерге біткен бірінші сөйлемнің баяндауышы жалғаулықсыз байланысқан салалас құрмалас қатарына жатады деп көрсетеді. Осымен қатар баяндауышы көсемшеге біткен бірінші жай сөйлемнің екінші жай сөйлеммен мезгілдік, себептік қатынаста болатындығы көрсетіледі. Жалғаулықсыз салалас құрмаластарға қазақ, өзбек тілдерінен келтірілген мысалдарды салыстырайық. Ол басқа айғырға қарай ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге ж жармаса кетті. (Есенжанов.) Әңгімемен көмір-көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды. (Мұстафин.)— “Қазақ тілінің грамматикасынан”. Онда-сонда аравалар ғижирлаб, “пушт-пушт” деган товушлар, қичқириқлар эшитилди. (Ойбек.) Шу ерда оломон иккига булинип, неча хисса купаййшиб кечгача ур-йиқит булибди. (А. Қоххор.) Бұл екі тілден келтірілген мысалдардан көрінгендей-ақ, қазақ тіліндегі жалғаулықсыз байланысқан жай сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз, тең мағынада іргелесе байланысқан, бірінші сөйлемде өзінің мағынасы және тұлғасына қарай тәуелсіздігін сақтаған. Ал өзбек тілінде жай сөйлемдердің біріншісінің баяндауышы көсемшеге бітіп, екінші жай сөйлемге байланысқан. Бірінші сөйлем баяндауышының бұндай тиянақсыздығы, тап осындай формадағы болып келген бағыныңқы сөйлеммен шатастыруға алып келеді. Осы еңбектің сабақтас сөйлем деген бөлімінде бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшеден жасалуына мынадай мысал келтірілген: Бу ерда эканингизин эшитиб, кузимга хеч нима куринмади... (Ойбек.) Біз салалас пен сабақтаста келген көсемшелі баяндауыштың мағына жағынан өзгешелігін есепке алмасақ та, тұлғаларының ұқсастығы көсемше баяндауыш арқылы бірде салалас, бірде сабақтас сөй-лемдердің байланысуы біраз практикалық жақтан да қолайсыздық тудырады. Оның үстіне салалас құрмалас сөйлемдер үшін бірінші сөйлемнің тиянақсыз тұлғалы болып келуі өзбек тілінің табиғатынан келіп шықпағандығы байқалады Салалас құрмаластардағы жай сөйлемдер жалғаусыз-ақ өз тәуелдігін сақтап байланысатындығын басқа тілдерден де көруге болады.
3. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем Құрмалас салалас сөйлемнің құрамына енген жай сәйлемдер бір-бірімен ешқандай жалғаулықсыз, іргелесе байланысады. Осыған қарамастан, жалғаулықсыз салаластар жөнінде кейбір қайшы пікірлер де кездеседі. Осылардан бір-біріне қайшы келетін екі пікірді атап өтеміз де, тіл фактілеріне сүйене отырып, салалас құрмалас сейлемнің талабына жауап беретін көзқарастың дұрыс екендігін мақұлдаймыз. Салыстырылған тілдердің барлығында да салалас құрмаластарды жалғаулықты, жалғаулықсыз деп екіге бөледі. “Қазак тілінің грамматикасы” жалғаулықсыз салаластарды байланыстырып тұратын төмендегі амал-тәсілдерді көрсетеді: 1) жай сөйлемдер мағыналарының бір-біріне байланысты, іліктес, сабақтас болып келуі арқылы; 2) интонация тұтастығы арқылы; 3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мүшенің) болуы арқылы; 4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы; 5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы; . 6) бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы; 7) компонент баяндауыштары қызметіндегі етістіктердің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы” '. Ал өзбек тілінің грамматикаларында, басқа да құрмалас сөйлемдер бойынша дербес монографиялық зерттеулерде “боғловчисиз боғланған кушма гаплар” құрамына енген жай сөйлемдердің, біріншісінің баяндауышы көсемшеден, есімшеден немесе есім сөздерден болып, екінші жай сөйлемнен байланысатындығын көрсетеді. Осымен қатар, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болуына қарамастан, оның басыңқы сейлемге бағын-байтындығын дәлелдейді. Көсемше бір сөйлемді екінші сөйлеммен байланыстыратын грамматикалық тәсіл бола алмайды. Сондықтан да көсемшелерге біткен бірінші сөйлемнің баяндауышы жалғаулықсыз байланысқан салалас құрмалас қатарына жатады деп көрсетеді. Осымен қатар баяндауышы көсемшеге біткен бірінші жай сөйлемнің екінші жай сөйлеммен мезгілдік, себептік қатынаста болатындығы көрсетіледі. Жалғаулықсыз салалас құрмаластарға қазақ, өзбек тілдерінен келтірілген мысалдарды салыстырайық. Ол басқа айғырға қарай ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге ж жармаса кетті. (Есенжанов.) Әңгімемен көмір-көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды. (Мұстафин.)— “Қазақ тілінің грамматикасынан”. Онда-сонда аравалар ғижирлаб, “пушт-пушт” деган товушлар, қичқириқлар эшитилди. (Ойбек.) Шу ерда оломон иккига булинип, неча хисса купаййшиб кечгача ур-йиқит булибди. (А. Қоххор.) Бұл екі тілден келтірілген мысалдардан көрінгендей-ақ, қазақ тіліндегі жалғаулықсыз байланысқан жай сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз, тең мағынада іргелесе байланысқан, бірінші сөйлемде өзінің мағынасы және тұлғасына қарай тәуелсіздігін сақтаған. Ал өзбек тілінде жай сөйлемдердің біріншісінің баяндауышы көсемшеге бітіп, екінші жай сөйлемге байланысқан. Бірінші сөйлем баяндауышының бұндай тиянақсыздығы, тап осындай формадағы болып келген бағыныңқы сөйлеммен шатастыруға алып келеді. Осы еңбектің сабақтас сөйлем деген бөлімінде бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшеден жасалуына мынадай мысал келтірілген: Бу ерда эканингизин эшитиб, кузимга хеч нима куринмади... (Ойбек.) Біз салалас пен сабақтаста келген көсемшелі баяндауыштың мағына жағынан өзгешелігін есепке алмасақ та, тұлғаларының ұқсастығы көсемше баяндауыш арқылы бірде салалас, бірде сабақтас сөй-лемдердің байланысуы біраз практикалық жақтан да қолайсыздық тудырады. Оның үстіне салалас құрмалас сөйлемдер үшін бірінші сөйлемнің тиянақсыз тұлғалы болып келуі өзбек тілінің табиғатынан келіп шықпағандығы байқалады Салалас құрмаластардағы жай сөйлемдер жалғаусыз-ақ өз тәуелдігін сақтап байланысатындығын басқа тілдерден де көруге болады.
36 сұрақ. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер. Қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдерді оқыту өзекті мәселелердің бірі. Қалыпты (екі бөлімді, екі компонентті) құрмалас сөйлемді бір немесе бірнеше компоненттермен (предикативтік бірліктермен) толықтырғанда және күрделендіргенде құрмалас сөйлемнің ерекше бір түрі жасаланылады. Дәстүрлі түрде олар құрмалас сөйлемнің күрделенген түрі немесе көп құрамды, көп компонентті құрмалас сөйлемдер деп аталынады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазақ әдеби тілінің стильдерінің көпшілігінде кеңінен қолданылады. Қалыпты құрмалас сөйлемдерден ерекшелендіретін өзіне тән құрылымға ие және жазба, ауызекі сөйлеу түрінде қолданылады. Бұндай сөйлемдерді граммтикалық талдау үшін көп компонентті құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білуіміз керек. Қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазір әр түрлі аталып жүр. Олар құрмаласу жолдарына қарай түр-түрге бөлінеді. Дегенмен қазіргі дейін құрмаластың осы түрін бір жүйеде талдаудың үлгісі болмай келеді. Негізінен көп компонентті құрмаластар: көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сөйлемдер. Қазақ тілі білімінде бұндай сөйлемдер туралы алғашқы пікір айткан А.Байтұрсынұлы болды. Ахаң бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді. «Өрнекті сөйлем деп, құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнші оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталады." (1). Көп компонентті құрмалас сөйлем компоненттерінің тіркесімі құрмалас сөйлемнің көлеміне байланысты зерттеледі, өйткені созылыңқылық пен тіркесімділік бір-біріне өте байланысты: Созылыңқылық компоненттердің тіркесуі нәтижесінде қалыптасады, ал тіркесімділік өз кезегінде белгілі предикативтік бірліктердің санына байланысты болуы мүмкін. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде сирек кездескенімен, әдеби тілімізде жиі кездеседі. Мысалы: Үміт пен қатер безбенге түсіп, кейде үміт кейде қатер басып, Әбіштер ауылына жеткенше еңсе алмады. (М. Әуезов). Бір-бірімен берік байланысқан компоненттердің синтаксистік мағыналары және олардың қызметтерін компоненттердің орналасуы мен шылау сөздердің көмегі арқылы құрылымның берілуі олардың формасын және берілу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Құрмалас сөйлемнің сыңарларының тұлғасы мен қызметтерін талдау құрылымдық синтаксистік қатынасты екі қарама-қарсы типке, салалас және сабақтасқа, алып келгенмен, көп компонентті құрмалас сөйлемді жете түсінуімізге өз септігін тигізеді. Көп компонентті кұрмалас сөйлем орыс. многочленное сложное предложение — үш немесе одан да көп компоненттерден тұратын кұрмалас сөйлем. Казак тілінде Көп компонентті құрмалас сөйлемдер: көп компонентті салалас сөйлем көп багыныңқылы сабақтас сөйлем аралас құрмалас сөйлем болып бөлінеді.
