- •1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жай сөйлемдері мағыналық жағынан бір-біріне қайшы келетін сабақтас құрмалас сөйлемдер жатады. Компонеттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, қарсылықты-бағыныңқылы сабақтас сөйлем қарсылықты салалас сөйлемге өте ұқсас. Екеуінің компонеттері де мағыналары бір-біріне қайшы, қарсы келетін оқиғаларды, жай-күйлерді баяндайды. Бұл екеуінің арасында өзгешелік компонетттерінің бір-бірімен құрмаласу тәсілінде- бірінің салаласа, екіншісінің сабақтаса құрмаласуында ғана.Мыс: Ол келді, бірақ мен жолыға алмадым. ОЛ келгенмен, мен жолыға алмадым. Деген сөйлемдер- компонеттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда біртектес сөйлемдер. ЕКеуінде де компоненттер бір-біріне қайшы мағынаны білдіреді. Ал құрмаласу тәсілі жағынан алғанда, алдыңғысы- салаластың қарсылықты түрі де, соңғысы сабақтастың қарсылықты түрі.
3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сабақтас құрмаластың кейбір түрлерінде бір жай сөйлемдегі әрекет, жай-күй екінші жай сөйлемдегі әрекетпен, жай-күймен салыстырыла, ұқсастырыла теңдестіріле айтылады. МЫс: МАйдандағы сіздердің халдеріңіз қандай болса, мұндағы біздің халіміз де сондай.
С.Қ.С мынандай тәсілдер арқ. Жасалады:
1. Бағынықы компонеттті шартты рай формалы етістікке аяқталады да оның құрамында міндетті түрде қандай, қанша, қалай деген сұрау есімдіктері айтылады. Ал басыңқы компонет құрамында алдыңғы бағыныңқы компонетттегі сұрау есімдіктеріне қарай айтылған сондай, сонша, солай дегендер тәріздес сөздердің бірі келеді де, бұл сөздер басыңқы компонеттте баяндалған оқиғаның жай күйдің бағыныңқы компонеттегі оқиғамен жай-күймен теңдестігін, бірдейлігін білдіреді. МЫс: Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.
2. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем, сондай-ақ бағыныңқылы компонетттің баяндауышы қызметінде дай, дей жұрнақтары өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады. МЫс: Қамыс құрақ басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткендей, қысқа сыбыр қазақ тобын түгел айналып шықты.
4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы компонеті басыңқы компонеттегі іс-әрекетттің, оқиғаның мезгілін білдіріп тұратын сабақтас құрмалас сөйлем мезгіл бағыңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Мезгіл бағыңқылы сабақтас сөйлем әр түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Мұндағы екі жай сөйлемді бір-бірімен байланыстыру, құрмаластыру қызметін атқаратын бағыныңқылы компонеттің баяндауышы формалы құбылыстарға орасан бай. ОЛ негізінде мынадвй формалы сөздерден болады:
Жатыс жалғаулы есімшеден: Базаралы әңгімесін бітіргенде, ол бір қызық ойын қысқа түйді.
2. Өткен шақтық есімшеге –ша, -ше жұрнағы қосылу арқылы:
Базарбай атының басын бұрғанша жас балалар анталап қарсы барып тақалды.
Атау тұлғалы есімшеге сайын, соң, кезде, күнде, уақытта, мезгілде, сәтте күні, жылы деген тәріздес сөздердің көмекші болып айтылуы: Бұл арадағы майдан біткен соң ол топ жылқының соңынан шаба жөнелді.
Барыс жалғаулы есімшеге шейін, дейін шылаулары тіркесіп айталуы арқ: Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар.
Шығыс жалғаулы есімшеге кейін, соң, бері шылаулары тіркесіп айтылуы арқ: Рахмет, қоштасып кеткеннен кейін, Натальяның ұйқысы ашылып кетті.
Шартты рай формалы етістіктен болады: Ербол есік алдына шықса, үлкен ауыл жақтан екі-үш атты кісілер келе жатыр екен.
Көсемше етістіктен болады: Дәулет армияға аттанғалы, Марфуға КЕңтоғайға келмеген еді.
–Ысы.- ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болды: Қонақтар үйге кіріп отырысымен, Абай Әбіштің жүзіне үңілді.
