Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250 Кб
Скачать
☆

5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Бағныңқы компонетті басыңқы компонеттегі іс-әрекеттің болу болмауының себебін білдіріп, басыңқы компонетті сол себептен туған нәтежиені салдарды білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем себеп-бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.

С.Б.С.Қ.С нің бағынықы компонетттінің баяндауышы бірнеше түрлі формада айтылады және өз басыңқысы мен сол формалар арқылы құмаласады. ОЛ формалар мыналар:

1. бағыныңқы компонет –дықтан, -діктен қосымшалы өткен шақтық есімшеге аяқталады: БҰл есімшелер бағыныңқы компонетке дербес баяндауыш болуы да, баяндауыш болып тұрған сөзге көмекші болуы да мүмкін. Мыс: Үлес жөнінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан, Тәкежан енді бұның өзінен ішіндегі ниетін сұрады.

2. Бағыныңқы компонет соң шылаулы өткен шақтық есімшеге аяқталады: Тымырсық ыстықта тыныс тарылған соң, өзіңді сабалап жер іздейсің.

3.Бағыныңқы компонет көсемше етістікті жұрнаққа аяқталады: Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егістікке түсіп кетіпті.

6.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем Бағыныңқы жай сөйлемі басыңқы жай сөйлемдегі іс-әркеттің қимыл қозғалыстың сындық амалын, қалай болғандығын білдіретін с.қ.с.с амал бағыныңқылы саьбақтас сөйлем болады.Амал-бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компонетті өз басыңқысымен көсемше формалы етістіктен болған баяндауышы арқылы құрмаласады. Бірақ баяндауышы көсемше етістіктен немесе етістікке аяқталған сөздер тіркесінен болған бағыныңқы компонеттердің барлығы бірдей амал-бағыныңқы бола бермейді. Мыс: Биылғы күз тым жауынды болып, шаруалар шөптерін де мезгілінде жиып ала алмады.

7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Бағыныңқы компонеті басыңқы компонетттегі іс-әркеттің оқиғаның болу я болмауындағы мақсатты білдіретін с.қ.с мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем болады.

М.б.қ.с мынандай баяндауыш формалары арқлы құрмаласады:

1. Бағыныңқы компонет үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады: Қыс ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазады.

2. Бағынықы компонет деп көмекшісіне тіркесіп келген етістік бұйрық райдың бірінші, үшінші жағында да есімще формада тұруы мүмкін. Аяғының сырқарағаны басылар ма екен деп ол тізесін қыздырды.

3. Бағыныңқы компонет бол көмекшісіне тіркесіп келген -мақ, -мек, -бақ, -бек жұрнақты етістікке аяқталады: Абайлар ой құдықтағы ауылға жете қонбақ болып аттарын шоқыта сар желіске сала жөнелді.

8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Бағыныңқы компонеті бсыңқы компонетке тек баяндауыш тұлғасынының тиянақсыздығы арқылы ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса болған мезгілдес әрекеттерді, жай күйлерді білдіретін құрмалас сөйлем мезгілдес сабасақтас сөйлем деп аталады. Мыс: Жаукеңнің көз жанары жасқа толып, иегі ерексіз кемсеңдей бастады.

39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Көп бағыныңқылы сабақтас - көп құрамды құрмаластың бір түрі. Құрамындағы компонентердің саны үш және одан да көп болады. Оның ерекшелігі: алдыңғы компоненттердің баяндауыштары тиянақсыз, тек ең соңғы компонентінің баяндауышы тиянақты тұлғада тұрады. Алдыңғы тиянақсыз тұлғалы бағыныңқы компоненттері көп болғандықтан, Көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтастар бағының қыларының өзара және басыңқымен бай-тұлғапануы жағынан аралас құрмалас сөйлеммен сәйкеседі. Мысалы, Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. (С. Жылы). Мұндағы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі негізгі бөліктермен жеке-жеке жарыспалы түрде байланысқа түсіп, олардың бағыныңқысы қызметінде жұмсалады. Нақты айтсақ, жалпы сөйлем ішіндегі алғашқы сыңар екінші сыңармен де, үшінші сыңармен де сабақтаса байланысады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бес, алты немесе одан жоғары санды болып келуі сирек, ал терт сыңарлы болуы жиірек (Соғыс мүгедегінің қан қысымы көтеріліп, аяқ астынан жедел жәрдем шақырылды, ақ халаттылар келді, жолаушылар арасында күңкіл сөз көбейді. Д. Д.). Бұл сөйлем түрінің өзгешелігі ондағы басыңқы сыңарларының көптігі емес, сонымен бірге бағыныңқылы сыңармен өзара сабақтаса байланысатындығымен де айқындалады. Бұл белгі оның сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі екендігін анықтай түседі. Ал мұндай заңдылық сақталмаған жағдайда, әсіресе сөйлем ішіндегі бірінші мен үшінші (және жоғарғы санды) предикативтілік өзара сабақтаса байланыспаған жағдайда, ондай құрылым сөйлемнің басқа типінде қарастырылуы қажет. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі предактивтік бөліктің басында шылау түрі кездеспейді. Кездескен жағдайда ондай құрылым да аралас құрмапас сөйлем турғысында пайдаланылады. Өйткені мұндайда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар соңғы сыңармен сабақтаса байланысқа түспейді.[1]

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас.

Мысалы: Бұлар түн ортасы ауа үйге келсе, Балтабек ұйықтап қап, Айбала көйлек жамап отыр екен. (Ж. Аймауытов)

  Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басты ерекшелігі бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылымы өзіне тәндігімен ерекшеленеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымында компоненттердің қызметі бағыныңқылық және басыңқылық сипатта болады. Сөйлемдегі предикаттылықты білдіру мен анықтауда басыңқы және бағыныңқы компоненттердің рөлі  бірдей емес. Шешуші рөл предикаттылық орталықты ұйымдастырушы басыңқы компонентте. Бағыныңқы компоненттер басыңқыға  немесе сондағы сөз тіркесіне, сөзге бағына отырып қызмет етеді. Сонымен бағыныңқы компоненттің қызметі басыңқы предикаттық орталыққа немесе оның бөлігіне қызмет ету және бағыныңқылық синтаксистік қатынасты білдіру болып табылады. Бағыныңқының предикаттылықты білдірудегі рөлі екінші деңгейде.

40- сұрақ. Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, өз ара әрдайым не бірыңғай салаласа, не болмаса бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тәсілінің ( салаласу мен сабақтасу тәсілдері) бір сөйлем ішінде қатарымен келе беретіні болады. Мысалы:

  1. Қарағандының қары биыл бұрқан- тарқан қауырт еріп еді, сай – салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. 2. Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып жатқан қайшылықтар көп екен. Мысалдағы құриалас сөйлемдердің барлығы да аралас құрмалас сөйлемге жатады. Өйткені ондағы әрбір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір- бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысып келген. Мысалдағы үш жай сөйлемнен құралған алдыңғы құрмаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлеммен сабақтаса байланысқан. Ал мысалдың екінші сөйлемінде бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, екіншісі үшінші жай сөйлемге салаласа байланысқан. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінде де осылар тәріздес құрмаласудың екі тәсілі бірден араластырыла қолданылып отырылған.

Осылар тәріздес, құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та,сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас деп аталады. Аралас құрмалас сөйлем құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлем бола береді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы құрмалас сөйлемдер құрамында үш жай сөйлемнен бар. Ал енді төмендегі құрмалас сөйлемдердің біріншісі төрт жай сөйлемнен құралса, соңғысы алты жай сөйлемнен құралған.

  1. Алғашқы айларда шоқ- шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны « сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшықтың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол « қара жыра» атанды. 2. Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке – шешесінің дауыстары дабырлап, сөздері үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса , сөз ортасынан үзіліп, аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Аралас құрмалас сөйлем үш жай сөйлемнен құралғанда, ондағы салаласа байланысу да, сабақтаса байланысу да бір – бірден ғана болады. Ал егер ол төрт немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де бірнешеуден болуы мүмкін. Мысалы, осының алдында ғана келтірілген, төрт жай сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемнің тек Алғашқы айларда шоқ- шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда деген бірінші жай сөйлемі ғана сабақтаса байланысқан да, қазақ жұмыскерлері оны « сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшықтың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол « қара жыра» атанды деген кейінгі үш жай сөйлем өзара салаласа байланысқан. Аралас құрмалас сөйлемдерде компененттердің бір – бірмен байланысу жолдары біркелкі болмайды: бірде салаласа байланысқан жай сөйлемдер көп болып келе береді. Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір – бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөйлемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты, аралас құрмаластағы салаласа байланысатын жай сөйлемдер де бір – бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы:

Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін. Мысалы: « Пушкин дегеніміз төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден – бір көрінісі болуы да мүмкін» - деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы ролін өте жоғары және соншалық әділ бағалады деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады.

41-сұрақ. Күрделі синтаксистік туралы түсінік. Өзара қарым-қатынас жасау процесінде белгілі бір мазмұн, ой, идея, пікір жеке сөйлеммен біріліп қоймай, көптеген сөйлем топтары арқылы беріледі. Ол сөйлемдер бір-бірімен байланыссыз, қалай болса солай, ретсіз емес, мағыналық жағынан тығыз жымдасып , белгілі бір сүбелі ойлар төңірегінде топтасып тұрады. Әрбір жеке сөйлем оқшауланып қалмай, осындай күрделі бірліктердің біріне қатысты болып келеді.

Лингвистикалық әдебиетте мағыналық және синтаксистік жағынан біріккен сөйлем топтарын күрделі синтаксистік тұтастық деп атаушылық бар. Күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемдерге қарағанда, ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысқансөйлемдердің тобы. Сөйлем сөздердің тіркесуі арқылы біршама аяқталған ойды білдірсе, күрделі синтаксистік тұтастық сөйлемдердің тіркесуі арқылы аяқталған ойды білдіреді. Егер шартты түрде шығарманың композициялық схемасын сызып көрсету керек болса, былай болып шығар еді: сөйлем-күрделі синтаксистік тұтасытқ-тарау-бөлім-аяқталған шығарма.

Күрделі синтаксистік тұтастық категориясына тән негізгі белгілер көзге түседі. Ең алдымен ол мағыналық бірлікке ие. Оны құрайтын сөйлемдер негізгі бір ой төңірегіне топталады.

КСТ ой бірлігімен ғана сипатталып қоймайды, ол сол ойдың аяқталуымен де сипатталады. Мғына жағынан аяқталғандық, сөйлемге қарағанда, мұнда басым сезіледі. Үшіншіден КСТ интонациялық-ырғақтық бірлікке ие. КСТ бірігіуші сөйлемдер арасы біркелкі дауыс ырғағымен, араларына сәл кідіріс түсіріліп айтылса, көршілес екі КСТ арасында сәл ғана пауза болады.

Құрылымы:

  1. КСТң барлық мағынасын өзіне қысқаша түрде жинақтап тұрған алғашқы сөйлем.

  2. Ойдың, теманың дамуын көрсететін ортаңғы сөйлем.

  3. Кішкене теманың, ойдың мағыналық және синтаксистік жағынан аяқталғанын білдіретін қорытушы сөйлем.

Күрделі синтаксистік тұтастық туралы Р.Сыздықова: «Бұл категория қазақ тілі білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді. Оның белгілері, табиғаты, тұтастыққа енген компоненттердің бірігу амалдар деген тәрізді жайыттар зерттелген емес. Сондықтан бұған тіл мамандығының назарын аударамыз» деп, бұл мәселені санау 1970 жылы алға тартса да, бұл мәселе соңғы жылдары ғана зерттеу объектісіне айнала бастады. Ең басты единицалардың бірі ретінде сөйлемге біршама нақты анықтама беріліп, қызметі тиянақталған. Х.Қ.Арғынов сөйлемге «тиянақты ойды білдіретін бір я бірнеше сөздің тіркесі» - деп ең қысқа тұжырым жасаса, А.Байтұрсынов: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой» - деп анықтаған. Ең толымды әрі тұжырымды анықтама «қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» берілген: «сөйлем дегеніміз – хабарлаудың дербес синтакистік единицасы, оның мағынасы предикативтілік, формасы – синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін арнайы грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі». Қ.Аханов та осы анықтаманы қолдайды. Ш.Балли: «Сөйлем – ойды хабарлаудың ең қарапайым мүмкін формасы» деп қорытқан.

Тілдік ұғым реінде «айтылыс» нақты анықталмаған, және көбінесе мүлде әртүрлі бағытта түсіндіріледі. Бұл өзі сөйлеу синтаксисінің кең көлемді единицасы. Айтылыстың коммуникативтік бағыттылығы – оның ситуациямен байланысында.

Айтылыс – қатынастың реалды единицасы ретінде тіл мен сөйлеудің бірлігін көрсетеді: Ю.В.Ванников тілдік материалды талдағанда сөйлем мен фразадан бөлек ерекше единица айқындалады деп тауып, оны шартты түрде «айтылыс» (высказывания) деп атып, төмендегіше анықтама беріледі: «Жалпы түрінде айтылыс дегеніміз сөйлеу тізбегінің бір бөлігі, ол бір сөйлем құрайтын бір немесе бірнеше фразадан тұрады» .

Жазушының стилiн анықтауда күрделi синтаксистiк тұтастықтардың, олардың түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң де өзiндiк орны бар. Себебi күрделi синтаксистiк тұтастықтар шығармада әр түрлi стильдiк қызмет те атқаруы мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой жүйесiмен қатар оның әр түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.

Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған Ораз Мұхамед зынданның жеке бөлiктерiн аралау үстiнде жазалы жұрттың ешқайсысын да кеңшiлiктен қақпады.Бәрi де жазалы емес, жапалы көрiнген. Жапалы емес, жалалы.

Берiлген мысалда күрделi синтаксистiк тұтастық тiзбектi байланысқа құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi сөйлемнiң бiр сөзi үшiншi сөйлемде қайталанып келiп отырады. Сол арқылы жазушы кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте түседі.

Күрделi синтаксистiк тұтастықтар кейiпкер портретiн жасауда ерекше қызмет атқаруы мүмкін.

Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен.Тайқылау бiткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлерi қырналып, қажеттi қалыпқа түсiрiлген қою қара қасы да ұнасымды.Екi танауы делдиiңкi, келiссiз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де қайтадан қашалғандай мүсiндi.Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi, Үстiңгi ернi түрiк бiткен үлкен ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр оңды қыз тәрiздi көрiндi(М.М.).

«Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік тұтастықтар бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына өтуді ұйымдастырып отырады, сөйтіп шығарманың жалпы сюжеттік өрбуін ұйымдастырумен қатар, баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын стильдік амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға тарамдай бяндалады, кейіпкердің портреті жасалады. Ондайда күрделі синтаксистік тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын, модальдік реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».

Күрделі синтаксистік тұтастықтар өзіндік құрылымы және берілу тәсілі арқылы әр түрлі стильдік қызмет атқара алады.

42. Бөгде сөз. Оның түрлері. Тыныс белгілері. Адам сөйлегенде я жазғанда, сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады. Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де жатады. Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат – әр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі – сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мәселе жөніндегі өз пікірінің пайымдауларының дұрыстығын дәлелдей түсу мақсаты. Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы бұзылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да, өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық жеке формалары түсіріліп айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей өз сөзімен берілуі мүмкін.соған қарай бөгде сөз: 1) төл сөз; 2) төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді. Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық сөздігі жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз. Қолдану орнына және қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат немесе диалог түрінде келеді.Цитат түріндегі төл сөз негізінде, саяси әдебиеттерде, ғылыми және әр алуан публицистикалық еңбектерде қолданылады. Цитат ретінде келтірілген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол – автор сөзі деп аталады. Төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқаратын қызметі – төл сөздің кімдікі екендігін, қайдан алынғандығын, төл сөз иесінің алынып отырған үзіндінің алдында нелерді айтқанын, оның үзіндіні қай күнде, қандай жағдайда, ішкі сезім дүниесінің қандайлық құбылыстары жағдайында айтқандығын және қалай айтқандығын тағы сол сияқтыларын білдіру. Оны мына мысалдардан байқауға болады: Гоголь «Пушкин туралы бірнеше сөз» деген мақаласында: «Біздің тіліміздің барлық байлығы, күші, икемділігі Пушкиннің логикасына дарыған тәрізді», - деп жазды. Автор сөзі диалог түрінде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ диалог түріндегі төл сөз қолданылу орны жағынан да, функциясы жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқа. Қолданылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар – көркем шығармалардағы персонаждар сөздері. Ал персонаждарға сөз беріп, оларды сөйлестіріп отырған жазушының өз сөзі автор сөзі болып есептеледі. Диалог төл сөздің айналасында автор сөзінің атқаратын функциясында да цитаттағы автор сөзінен біраз өзгешеліктері болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін білдіру, оны қандай құбылыста, қандай күйде, қалай айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады. Сонымен бірге, автор сөзінің әрбір сөйлесушінің сөз сайын қолданылып отырлуы шарт емес. Оны мынадай мысалдан көруге болады: - Мынау аттан түсіп жатқан кім?- деді Шұға. - Әбдірахман гой, - дедім. - Әбдірахманың кім? - Қазақбайдың баласы. - Иә, әлгі учитель баласы ма? - Иә. - Жап-жас жігіт екен ғой, - деп, біраз қарады да, Шұға отауға кіріп кетті. Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.  Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті болуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады. 1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, соңына үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай. – Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен. 2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы: А.Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын. 3. Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан не сызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін. 4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықша қойылып, автор сөзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен жазылады. Мысалы: «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға». Төл сөздің әрқайсысы жеке сөйлем болып айтылса, бас әріппен жазылып, автор сөзінің алдынан үтір (сұрау не леп белгісі) мен сызықша қойылып, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Мысалы: – Баруын барарсың, елін де шабарсың, – деді Бала би. – Қалыңдықтың қызығына түсіп кетпей, қалың жылқыға да көзіңді сал. 5. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келген жағдайда алқашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы: – Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, – дегенді жиі айтатын ол. Төлеу сөз – көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, «Абай жолы» романында М.Әуезов Самалбек тілмәштың Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді: «Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар» дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді». Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше мақмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл «абай жолы» романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сиреку кездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән беретіні байқалады. Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялықбояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі «де» етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады. Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қап отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов). Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер: -негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады; -бір жақтың орнына екінші жақ айтылады; -автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары: 1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады. 2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады. 3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады. 4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады. 5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады. 6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.

 Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:

 

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ

– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.

Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?

Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.

– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.

Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.

– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.

Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]