Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практ.(3).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232 Кб
Скачать
☆
  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

Бүгінгі таңда елімізде туризм секторын дамытуға үлкен мән беріп отыр, өйткені ........ .

Туризм ел экономикасын нығайтуға едәуір үлес қосатындықтан, осыны ескере келе....... .

Қазақстанның түкпір-түкпірінде тарихи жерлер көп болғандықтан ............ .

XIV. Діни туризм

Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Дін, тарих, мақсат, ахуал, қажалық, шіркеу, мешіт, Пайғамбар, қасиетті, сапарнама, орталық, ұлттық, ғажайып.

ІІ. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

  1. Діни а)ахуал

  2. Кен ә) білу

  3. Қасиетті б)икона

  4. Шет в)мереке

  5. Сапар г)қала

  6. Ұлттық ғ)мәдениетті

  7. Ғажайып д)тараған

  8. Қазіргі е)шегу

  9. Діни ж)елдер

  10. Танып з)орталық

  11. Шіркеу к)кезде

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтінің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыныз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Діни туризм.

Қазіргі кезде туризмнің кен тараған түрінің бірі-діни туризм. Діни туризм дін тарихын танып-білу мақсатынан жасалатын және дін адамдарының шет елдергі діни ахуалмен танысу үшін жасайтын саяхаты. Діни туризмнің бірнеше түрлері бар:қажылық, шіркеу мәдениеті. Соның ішінде ең маңыздысы-қажылыққа бару. Мұсылмандар үшін қажылықтың орталығы - Мұхаммед Пайғамбар туған қасиетті қала-Сауыд Аравиясындағы Мекке қаласы. Қажылыққа бару-барлық мұсылмандар үшін діни мереке.

Католиктер католик шеркеуінің басшысы Папа Римскийдің туған жері Ватикан қаласына сапар шегеді. Әр елде діни туристік сапарнаманы анықтайтың өз ұлттық орталықтары бар. Олар атақты мешіттер, ғажайып иконалары бар шіркеулер

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Діни туризм туризмнің қандай түрі?

  2. Діни туризм қандай мақсатпен жасалатың саяхат?

  3. Діни туризмнің қандай түрлері бар?

  4. Мұсылмандар үшін қажылықтың орталығы қандай қала?

  5. Қажылыққа бару-мұсылмандар үшін қандай мереке?

  6. Католиктер қандай қалаға сапар шегеді?

  7. Әр елде діни туристік сапарнаманы анықтайтын не бар?

  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  1. Мұсылман діни- ............

  2. Мұсылманның қасиетті кітабы-....................

  3. Мұсылманның Пайғамбары-........................

  4. Мұсылманның діни мерекелері-...................

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Көкшетау қаласында неше мешіт бар?

  2. Неше шіркеу бар?

  3. Олар қаланың қай жерінде орналасқан?

  4. Науан Хазирет атындағы мешіт қайда орналасқан?

  5. Аптаның қай күні мұсылмандардың қасиетті күні?

XV. Түркістан-екінші Мекке

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Солтүстік, оңтүстік, ғасыр, мекен, кесене, сопылы, ықылым, пәни дүние, ошаулану, ақиқат, рухани, көсем.

ІІ. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

1.Рухани а)келген

2. Ақиқат ә)еркімен

3. Орта ғасырлық б)жол

4. Дүниеге в)алу

5. Оң г)жер

6. Діни ғ)көсем

7. Сабақ д)қала

8. Сопылық е)жағында

9. Туған ж)сыры

10. Өз з)орталық

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтінің мазмұнына қарай бө лімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыныз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Түркістан-екінші Мекке.

Түркістан (Йассы) – орта ғасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жаңында орналасқан. IX-X ғасырларда Түркістан қаласының орнында Шауғар мекені болған. XII-XIV ғасырларда қала Йассы деп аталады.

Ахмет Йасауи кесенесі салынғаннан кейін түріктердің діни орталығына айналып, «Хахрет-Түркістан» деп аталады.

Қожа Ахмет Йассауи қасиетті Түркістан топырағында дүние келген. Ол бала кезінде ұстазды Арыстан Бабтан сабақ алады. Кейін Бұқара қаласындағы Хамадани медресесіңде оқиды. Одан әрі қарай сопылық жолға түсіп, жеті ықылым жерлерді аралаған сапары басталады. Он жеті жасында туған мекені Иасыға оралады. Алпыс үш жасында Қылуетке түсіп, пәни дүниеден өз еркімен оқшауланып, әлемнің ақиқат сырына оймен үніледі. Ол күллі Күншығыс елдері мұсылмандарының рухани көсеміне айналған.

Cұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Түркістан қандай қала?

  2. Ол қайда орналасқан?

  3. XII-XIV ғасырларда қала қалай аталған?

  4. деп қашан аталады?

  5. Қожа Ахмет Йассауи қай жерде туған?

  6. Ол кімнен сабақ алған?

  7. Қандай медреседе оқыған?

  8. Қандай жолға түскен?

  9. Туған мекеніне неше жасында оралған?

  10. Алпыс үш жасында не істеген?

  11. Қожа Ахмет Йассауи кім?