- •§14. Вакуумдегі электр өрісі
- •14.1.Электростатика
- •14.2.Электр зарядының сақталу заңы
- •14.3.Электростатиканың негізгі теңдеуі
- •14.4.Электр өрісінің кернеулігі
- •14.5.Электр өрісінің суперпозиция принципі
- •14.6.Электр өрісінің потенциалы
- •§15.Диэлектриктердегі электр өрісі
- •14.7.Электр өрісінің кернеулігі мен потенциал арасындағы байланыс
- •14.8.Вакуумдегі электр өрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы
- •15.1.Электрлік диполь
- •15.2.Диэлектриктің поляризациясы
- •15.3.Диэлектриктердегі электр өрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы
- •§16.Электр өрісіндегі өткізгіштер
- •16.1.Оқшауланған өткізгіштер
- •16.2.Конденсаторлар
- •16.3.Конденсаторларды қосу
- •17.Электр өрісінің энергиясы
- •§18.Тұрақты электр тогы
- •18.1.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
- •18.2.Дифференциал түріндегі Ом заңы
- •18.3.Джоуль - Ленц заңы
- •18.4.Жылу мөлшерінің көлемдік тығыздығы
- •18.5.Ток көздері. Бөгде күштер
- •18.6.Толық тізбек үшін Ом заңы
- •18.7.Электр ток қуаты. Пәк-і
- •§19.Әртүрлі орталардағы электр тогы
- •19.1.Сұйықтардағы электр тогы
- •19.2.Электролиз үшін Фарадейдің і-ші заңы
- •19.3.Электролиз үшін Фарадейдің іі-ші заңы
- •19.4.Фарадейдің біріккен заңы
- •19.5.Электролиттердегі электр тогы үшін Ом заңы
- •19.6.Электролизді техникада пайдалану
- •19.7.Жартылай өткізгіштердегі электр тогы
- •19.8.Жартылай өткiзгiштердiң зоналық теориясы
- •19.9.Жартылай өткiзгiштердегi электрондық-кемтiктiк ауысулар
- •19.10.Металдардағы токтың табиғаты
- •19.11.Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері
- •19.12.Газдардағы электр тогы
- •19.13.Плазма және оның қасиеттері
- •§20.Вакуумдегі магнит өрісі
- •20.2.Лоренц күші
- •20.3.Ампер заңы
- •20.4.Магнит индукция векторының ағыны және циркуляциясы
- •20.5.Магнит өрісінде тогы бар өткізгішті орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс
- •§21.Заттардағы магнит өрісі
- •Заттардағы магнит өрісі үшін толық ток заңы
- •§22.Электромагниттік индукция
- •22.1.Фарадейдің электромагниттік индукция заңы
- •22.2.Өздік индукция құбылысы
- •22.3.Фуко тогы
- •22.4.Тізбекті ажыратқандағы және қосқандағы токтың өзгеру заңы
- •§23.Магнит өрісінің энергиясы
- •§24.Максвелл теңдеулері
- •24.1.Максвелдің I-теңдеуі
- •24.2.Максвелдің II-теңдеуі
- •24.3.Максвелдің III-теңдеуі
- •24.4.Максвелдің IV-теңдеуі
- •§25.Электр тербелістері
- •25.1.Тербеліс заңдылықтары
- •25.2.Өшетін электр тербелістері
- •25.3.Еріксіз электр тербелістері
- •25.4.Айнымалы электр тогы
19.13.Плазма және оның қасиеттері
Плазма дегеніміз – оң және теріс зарядтарының тығыздықтары бірдей аса ионданған күйдегі газды айтады. Плазма – заттың ерекше күйі.
Аса жоғары температура салдарынан пайда болатын плазма жоғарғы температуралық плазма деп аталады.
Плазманың иондану дәрежесі ионданған бөлшектер санының плазманың бірлік көлемдегі бөлшектер санына қатынасымен сипатталады. Осы шаманың мәніне қарап плазманың әлсіздеу ионданған, жеткілікті түрде ионданған және толығымен ионданған деп бөледі.
Плазмада ток тасушылардың концентрациясы өте жоғары. Сондықтан плазманың электр өткізгіштігі өте жоғары болады. Электронның қозғалғыштығы оң иондардың қозғалғыштығына қарағанда үлкен болғандықтан, плазмада токты негізінен электрондар тасиды.
Плазманың қасиеттері:
1. Толық иондану кезінде плазманың иондану дәрежесі өте жоғары болады.
2. Иондану кезінде плазмада оң және теріс зарядтар өзара тең болады.
3. Плазманың электр өткізгіштігі өте жоғары болады.
4. Электр және магнит өрістерімен күштірек әсерлесе алады.
§20.Вакуумдегі магнит өрісі
Кез-келген
электр тогының немесе қозғалыстағы
зарядталған бөлшектердің
айналасында магнит өрісі болады. Магнит
өрісін сандық сипаттау үшін физикалық
векторлық шама магнит өрісінің индукция
векторы енгізілген. Магнит өрісінің
индукция векторы магнит өрісінің күштік
сипаттамасы болып табылады. Өлшем
бірлігі
Бағыты мен шамасы өзгермейтін магнит өрісін біртекті магнит өрісі деп атайды.
-
Магнит өрісін көрнекті түрде бейнелеу үшін магнит өрісінің күш сызықтары немесе индукция сызықтары енгізілген. Әрбір нүктесіне жүргізілген жанама сол нүктедегі индукция векторының бағытымен сәйкес келетіндей магнит өрісінде жүргізілген сызықтарды магнит өрісінің күш сызықтары деп атайды.
Күш сызықтарының жиілігі – магнит өрісінің шамасына тура пропорционал.
Магнит өрісінің индукция векторының бағыты бұрғы ережесімен анықталады.
Магнит өрісінің күш сызықтары –
тұйықталған сызықтар, яғни магнит өрісі – құйынды өріс болып табылады.Тұрақты магнитте екі полюс болады. Оның солтүстік полюсін - N, оңтүстік полюсін - S деп белгілейді. Тұрақты магниттің магнит өрісі оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай бағытталады.
20.1.Био – Савар – Лаплас заңы
Кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі Био-Савар-Лаплас заңымен анықталады.
Суреттегі
А нүктесіндегі токтың
элементі
тудыратын
магнит
өрісінің индукциясы Био – Савар –
Лаплас заңымен анықталады. Био –
Савар – Лаплас заңын векторлық немесе
скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:
- векторлық түрде
жазылған Био – Савар – Лаплас заңы,
- скалярлық
түрде жазылған Био – Савар – Лаплас
заңы.
мұндағы:
- магнит
тұрақтысы.
Токтың тудыратын толық магнит өрісінің индукциясы магнит өрісінің суперпозиция приципімен анықталады.
Магнит өрісінің суперпозиция принципі бойынша:
Магнит өрісін сипаттау үшін индукция векторымен қатар магнит өрісінің кернеулік векторы енгізілген. Магнит өрісінің кернеулігі ортаның қасиеттеріне байланыссыз, ол магнит өрісін туғызатын токтың шамасына тікелей байланысты болады.
Кернеулік
векторының өлшем
бірлігі
Магнит
өрісінің кернеулік векторы арқылы
жазылған Био
– Савар – Лаплас
заңы: векторлық
түрі -
скаляр
түрі -
Вакуумдегі магнит өрісінің индукция векторы мен кернеулік векторы арасындағы байланыс келесі түрде жазылады:
.
1) Ұзындығы -ға тең тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы мен кернеулігін анықтайық.
Био – Савар – Лаплас заңы бойынша
мұндағы:
-
Сонымен ұзындығы -ге тең тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы мен кернеулігі келесі формулалармен анықталады:
2)
Шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит
өрісінің индукциясы және
кернеулігін анықтайық. Егер
өткізгіш шексіз ұзын болса, онда
Бұл жағдайда шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:
3) Тогы бар орамның центріндегі магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:
4) Соленоидтың осіндегі магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:
мұндағы:
- соленоидтың
бірлік ұзындығындағы орам саны.
5) Қозғалыстағы зарядтың тудыратын магнит өрісірің индукциясы және кернеулігі келесі формулалармен анықталады:
