Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 билет Қазақ баспасөзінің шығу тарихы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

41 Билет

Нұралы хан кез Кіші жүздегі жағдай

Нұралы (1704-1790) - Кіші жүз ханы (1748-1786). Әбілхайыр ханның үлкен ұлы. 1948 жыл әкесінің қайтыс болуына байланысты орнына таққа отырды және хандық дәрежесі Ресей тарапынан бекітілді. Оның хан сайлау рәсіміне Ұлы және Орта жүздердің өкілдері де қатысты.Бастапқыда шешесі Бопай ханымның ақылымен әрекет жасап, әкесінің саясатын жалғастыруға тырысты. Ол Ресей әкімшілігінің Жайық бойын отарлауына барынша қарсылық көрсетті. Орыс патшайымы Елизавета Петровнаға бірнеше рет елші жіберіп, қазақ даласын отарлаудың негізсіздігін дәлелдеуге, оны тоқтатуға талпынды.Орынбордың тұңғыш губернаторы Неплюевтің көмегімен Кіші жүздің тұтастығын сақтап қалуға тырысып, Арал бойына өзін «хан» жариялаған Батыр сұлтанмен күресті.1750 жылы әкесі Әбілхайырға кесене салғызды. Алайда орталық билікті күшейту қамымен қол астындағы халықтың бір бөлігін өзіне қарсы қойып алды. Әсіресе қайшылықты ахуал Сырым Датұлының көтерілісі кезінде тым шиеленісіп кетті. 1773-1775 жылдары шаруалар соғысында Е.Пугачевтің көтерілісіне қолдау көрсеткенімен бірақ оны толық қолдамады.1783 жылы Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады.Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы хан Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді.1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды. 1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда - Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдық жерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтеді. Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында көтерілістер басталып, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшындарымен келіссөздер жүргізе бастады.

Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. Нұралы ханның өз ықтиярымен Ресей билігіне көнбейтіндігіне әбден көзі жеткен Екатерина II 1786 жылы маусымда арнайы жарлығымен Нұралы ханды тақтан түсіреді. Алғашында Жайық бекінісіндегі абақтыға қамалып, кейін Уфаға жер аударылды. 1790 жылы көктемде осы қалада дүниеде салды. 1790 жылы күзде қазақтар Есім сұлтанның ұлы Сәмекені хандыққа ұсынады, бірақ патша әкімшілігі бұл ұсынысты қабылдамайды. 1792 жылы Патша үкіметі Нұралы ханның інісі Ералыны хандыққа бекітіп, Ералы хан тағына отырады.Нұралы хан туралы А.Пушкиннің «Пугачев тарихы» атты мұрағаттық дайындамалары мен қолжазбаларында, П.Рычковтың «Жылнамаларында» аталып өтілген.

42-билет

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ПУГАЧЕВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ (1773 – 75), 18 ғ-дың 1-жартысында Ресей империясының Қазақстанда, әсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста Орал мен Сібір бекіністерін салу, көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділ аралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері әсер етті. Оған қоса Бат. Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі – Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 – 75 ж. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің мәлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 ж. 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774 ж. қаңтарда А.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қ.) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды. Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүз қазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 ж. 10 сәуірде Сакмара ауд-ндағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңт. Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңт. Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібір қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 ж. маусымның басында Сарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі мен Еділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының әскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады.

43-билет

Сырым Датұлы бастаған көтерілісБұл көтеріліс Батыс Қазақстан өңірлерінде 1783-1797 жж. аралығында болып өтті. Тарихи әдебиеттерде әдетте Сырым Датұлы бастаған көтеріліс ретінде аталғанымен, мұрағаттық деректер бойынша бұл күреске белгілі батырлар Тіленші Бөкенбайұлы мен Барақ Сатыбалдыұлы, басқа да батырлар мен билер жетекшілік етіп, орыс шебіне көптеген шабуылдар ұйымдастырған.Көтерілістің туындауына отарлық езгінің күшеюі, қазақтардың Жайықтан өтуіне тиым салынуы, орыс-казактардың арғы бетке өткен ауылдарды ашық тонауы, Кіші жүздегі хан билігінің әлсіздігі т.б. себеп болған еді. Сонымен бірге, ықпалды билер мен Нұралы хан арасындағы қайшылықтар да әсер етті. Көтеріліс Батыс Қазақстанның біраз жерін қамтыды. Оның негізгі орталықтары – шепке жақын орналасқан Байбақты, Табын және Тама рулары қоныстанған Елек, Шыңғырлау, Қобда өзендерінің бойлары болса, орыс шебіне шабуылдар кезінде Ойыл, Жем, Темір, Сағыз өңірлері де көтерілісшілердің ту тіккен ордаларына айналды. Көтеріліске Кете, Шекті, Шеркеш, Таз т.б. рулар да қатысқан.Деректерге қарағанда, Сырымның қол астында 2700 адам, Барақ батырда – 2000, Тіленші батырда – 1500 адамдық жасақтар болған. Бұлардың құрамына жоғарыда аталған рулардың барлығы кірген. 1783 ж. жаз айларында қазақтар Ресей шептеріне көптеген жойқын шабуылдар ұйымдастырады. 1783 ж. желтоқсан айының соңында Сырым мен Барақ батырлар бастаған 700 сарбаз Генварцовский мен Рубежинский форпосттары арасындағы орыс елді-мекендеріне шабуылдар жасаса, тура сол уақытта Тіленші батыр мен белгілі би Елекбай Құдайбергенұлы бастаған сарбаздар да Ресей шептеріне көптеген шабуылдар ұйымдастырады.1785 ж. ақпан айында көтерілісті басуға майор Смирнов басқаратын жазалаушы әскер шығарылады. 237 казактан, 2432 башқұрттан және екі зеңбіректен тұратын бұл команда Елек жағалауына қарай шығып, жолда кездескен бейбіт ауылдарды тонап, 66 адамды тұтқынға алып кетеді, олардың 13-і ғана ересек ер азаматтар да, қалғандары әйелдер мен балалар болған. 1785 ж. наурыз айында Жайық казак әскерінің командирлері Қолпаков пен Пономарев бастаған 1250 казактан тұратын басқа топ Жем сағасында орналасқан Сырымның ордасын арнайы жою үшін шығарылады. Олар Жем бойына бармай, Қаракөл маңындағы Адай және Беріш руларының ауылдарын шауып, бірнеше адамды өлтіріп, 102 адамды тұтқынға алады. 1785 ж. наурыз айында премьер-майор Назаров басқарған 405 жайықказагынан тұратын басқа жазалаушы отряд көтерілісші Табын руының ауылдарын шауып, Айшуақ сұлтанды тұтқынға алады.Өлке басшылығының мұндай шаралары бүкіл Кіші жүз руларының заңды ашу-ызасын туғызады. Сол 1785 ж. наурыз айында Тіленші батыр бастаған 200 адамдық жасақ Рубежинск форпосты маңындағы орыс хуторларына шабуыл жасап, бүкіл малдары мен 10 адамын қолға түсіреді. Бірақ хуторлар халқына көмекке келіп қалған казактармен болған шайқаста қазақ жасағынан 19 сарбаз қаза табады.1785 ж. шамамен күз айларында 1 мың адамдық қазақ жасағы Тұзтөбе бекінісінен жоғары орналасқан редутқа шабуыл жасап, осы редутқа көмекке келген майор Рештейнерді 30 адамымен, капрал Ивановты 20 адамымен бірге қолға түсіреді.Билігінен айырылып қалудан қауіптенген Нұралы орыс әкімшілігімен бірге көтерілісті басуға ат салысады. Інісі Айшуақ сұлтанның қамауға алынып, ұлының өлтірілуі халық алдында Нұралының ықпалы мен беделін төмендетеді. Ел-жұрты оған сенуді қойып, хан билігі үлкен дағдарысқа ұшырайды. 1785 ж. Кіші жүздің 21 руынан 55 билер мен батырлар ІІ Екатерина патшайымға хат жазып, Нұралыны, жалпы Әбілқайыр әулетін тақтан алып тастауды сұрайды. Мұндай хаттар көп болған. 1786 ж. көктемінде көтерілісшілер хан ауылдарына шабуыл жасап, Нұралы қашуға мәжбүр болады. Хан билігінің әлсіздігін түсінген патша үкіметі оны хандықтан босатып, Орынборға шақырып алып, кейіннен Уфаға жібереді. Нұралы сол жақта 1790 ж. қайтыс болады.Нұралы тақтан кетірілген соң ІІ Екатерина енді Кіші жүзде хан сайлауды қажетсіз деп табады. Өлке басшысы губернатор Игельстромға Кіші жүз қазақтарын басқарудың жобасын даярлау тапсырылады. Өлкені басқаруда майда саясатымен көзге түскен барон өз реформасында Кіші жүздің бүкіл билігін Орынбор әкімшілігінің қолына топтастырады. Ол бойынша губернатордың жанынан жүзді басқарудың жаңа органы – Шекаралық сот құрылып, оған құрамына билер де кіретін расправалар қарайды.Өлке әкімшілігінің әртүрлі шараларына қарамастан 1789-1790 жж. қыс айларында Ресей шебіне қазақтардың шабуылдары күшейе түседі. 1790 ж. көктемінде орынбор әкімшілігі Сырым бастаған топпен келіссөздер жүргізуге муфтий Мұхамеджан Хусаиновты жібереді. Бұл кезде губернатор Игельстром да қызметінен алынып, орнына қазақтарға қатысты аса қатаң саясат ұстанған А.А. Пеутлинг келген болатын. Осы кезеңде Жайық казактарының да қазақ ауылдарына шапқыншылығы үдейді. Көтеріліс шеңберінде, патша әкімшілігімен арада күрделі қарым-қатынастар орын алады, олардың бәріне тоқталу мүмкін емес.

Дүрбелеңге толы сахарада аз да болса тыныштық орнату үшін патша үкіметі 1791 ж. қыркүйегінде жасы келген Ералы сұлтанды хан сайлауға мәжбүр болады. Орынбор экспедициясы молда Құсайын Әбдусаламовты осы туралы хабармен Кіші жүз даласына аттандырғанда, Елек бойында онымен кездескен Сырым, Мұратбек, Қаракөбек, Басықара және басқа билер өздерінің келісімінсіз Ералының хандыққа бекітілуіне риза еместерін ашық айтады. 1792 ж. мамыр айында Қобда өзенінің бойындағы Байтақ қорымы түбінде 400-ге тарта билер мен басқа да адамдар қатысқан жиындар өткізіледі. Жиын бірауыздан Ералының хан сайлануына қарсылық білдіреді.1792 ж. қыркүйегінде Сырым Ресейге соғыс жариялап, 1000 адаммен Тұзтөбеге шабуыл жасайды. Бекіністі ала алмаған көтерілісшілер келесі бекініс – Красногорскаяға да шабуыл ұйымдастырады. Бірақ бекіністерге ашық шабуылдар табыс әкеле қоймаған, қарулары сай казактар әрқашанда зеңбіректер мен мылтықтардан оқ жаудырып, барлық шабуылдарды таратып отырған. Сырым бастаған көтерілісшілер 1793 ж. күзінде Сағыз өзенінің бойында орда құрып, халықты өздеріне қосылуға шақырған. Оған әр рудан адамдар қосылып отырған, олар Сағыз бойындағы Аққұм деп аталатын жерге ту тіккен.1794 ж. Ералы хан қайтыс болып, 1795 ж. Кіші жүз хандығына Нұралының ұлы Есім сұлтан бекітіледі. Оның жанынан ел басқаруға қолайлы болу үшін сұлтандар мен билерден тұратын Хан кеңесі құрылады. Есімді Сырым бастаған дала билері жек көретін, оны 1797 ж. хан ауылын шапқан көтерілісшілер өлтіреді. Хан өлімінен соң, сәл үзілістен кейін өлке басшылығына қайта келген барон Игельстром жаңа хан сайламай, Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды жөн көреді. Кеңестің тұрақты шақырылатын жері болып Бала Қобда өзенінің бойы белгіленеді. Кеңес жұмысына Сырым да белсене араласқан. Осы кездерден бастап көтеріліс те тоқтайды. Сырымның өзі 1802 ж. Хиуа жерінде белгісіз жағдайда қаза болады. Халық арасындағы әңгімелер мен кей деректерге қарағанда, оның өліміне Нұралы ханның қалмақ күңінен туған ұлы Қаратай сұлтан тікелей қатысты болған.14 жылға созылған бұл азаттық күрес Отан тарихында аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылды. Күрес Ресей патшалығының араласуымен Кіші жүздегі хан билігінің әлсіздігін анық көрсетті, ел басқару ісіне бірқатар әкімшілік өзгерістер әкелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]