Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 билет Қазақ баспасөзінің шығу тарихы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

28 Билет

Жаңа кезеңнің рев дейінгі деректері

XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Сібір баспасөзінің материалдары бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мәселелерін және ежелгі кезден бастап, 1917 жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық жұмысының объектісі болды. Кеңес уақытындағы (1980-1990) Отан тарихнамасында ғалымдардың жеке тұлғасына, яғни революцияға дейінгі Қазақстан тарихын қарастырған орыс ғалымдарының бір тобының немесе жекелеген тұлғаларының шығармашылығын зерттеуге арналған ңбектер көптеп жарияланды. ХVІІІ ғасырдағы жергілікті Түркістан өлкетанушысы И.Андреевтің қазақ халқын зерттеу тарихы мен орыс ғалымдары мен мен саяхатшыларының еңбектері мен жазбаларында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі Орданың сипатталуы жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов пен Ж.Қасымбаевтың зерттеу тақырыпытары болды. Қазақстан тарихының кейбір мәселелерінің зерттелуіне арналған әскери тарихшы М.И.Венюковтың еңбектеріне талдау Н.Алексеенконың «Хранители памяти» (1988) кітабында берілді; Қазақстан өлкетанушысы Н.Ивлев өз еңбегін А.Ф.Голубевтің еңбектерін зерттеуге арнады. 80 жылдары П.Рычковтың Қазақстан туралы мұрасын; қазақтардың дәстүрлі құқығының зерттеушісі ретінде А.Левшиннің еңбектерін; революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу үшін дерек ретінде Г.Генстің қолжазбаларын тарихшылар А.Абилев, Н.Ахметова. Р.Бекназаров пен С.Шакиров зерттеді. Кеңес дәуіріндегі тарихшылардың тарихнамалық еңбектерінің ішінде Д.Дулатованың 1984 жылы жарияланған «Историография дореволюционного Казахстана» (1861-1917ж.ж) деген монграфиясын еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. Бұл еңбек аталған мәселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады.Қарастырылған мәселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, орыс тарихи ойының Қазақстанды зерттеуі Кеңес, сонымен қатар отандық тарих ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең –ХХ ғасырдың 20-50 жылдардың аяғын қамтитын, кеңестік тарихнаманың марксистік-лениндік бағытқа өтіп, тарихи мәселелерді зерттеуде крнцептуалдық ережелерді қайта қарауымен сипатталады. Бұл кезеңдегі кеңестік тарихнамада орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы мұрасы арнайы тарихнамалық зерттеу объектісі болған жоқ. Ғалымдар (орыс зерттеушілерінің еңбектерін) қазақ халқының тарихына қатысты аса құнды дерек ретінде ғана зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуы мен Тарих институтымен Шығыстану секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге қосқан зор үлесін тереңірек қажеттілігін өткір сезіне бастайды. Мәселен, Қазақстан тарих ғылымының 40 жылдардың екінші жартысына дейін атқарған жұмыстарының қорытындылары мен болашағы жайлы айта келіп Х.Айдарова: «Некоторые итоги и перспективы развития исторической науки в Казахстане» деген бағдарламалық мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-ші жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында отандық тарихшылар тарихнаманы және оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет бұра бастайды. Бұл мәселенің Кеңес дәуіріндегі отандық тарихнамада зерттелуінің екінші кезеңін 60-91 жылдармен шектеуге болады. Мәселенің Қазақстан тарихы көлемінде бөлініп, дербес қарастырылуы оның алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында революцияға дейінгі орыс тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу мәселесін қарастыруды кеңестік тарихнамада 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. Үшінші кезең – 1991 жылдан басталып жалғасып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, тарихқа деген таптық, формациялық көзқарастардан арылып, деректік негіздерін кеңейтіп тақырыптың жекелеген нақты мәселелерін қарастыруды тереңдетіп жатыр. Алайда, 50 жылдардың аяғы мен 1991 жылдың аралығында отандық тарихнамада ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей тарихнамасында Қазақстанның зерттелуінің тарихын түрлі дәрежеде қозғайтын бірқатар еңбектердің пайда болғанына қарамастан, бұл күрделі мәселені толық және тұтастай қамтып байыптаған ғылыми зерттеу әлі туған жоқ. Бұл – біздің өкінішіміз

29 – билет

XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтін және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің (Ресей мен Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазақстанның Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қазақстан тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде, ел басына күн туған зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған қазақ жерлеріне бекіністер салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді.[3].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]