Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 билет Қазақ баспасөзінің шығу тарихы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

19 Билет

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы

XIX ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле алмаған болатын. Жалпы, XIX ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мэселесі де тыс қалды. Ресей ол түста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.Ағылшын-орыс бақталастығында бүл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвен- циясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын- орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей жэне Қытай аралығында орналасуын патша экімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз үстанымын нығайту үшін түрлі ша- ралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің үсынысымен XIX ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бүхар әмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаган дипломатиялық миссиялар жіберді. Бүл сапарлардың барысында Ресей Хиуа жэне Бүхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш корсету жэне тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс түтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция үйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мүндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.1836 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы ВА.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу эскер жэне 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуага қарсы жорыгын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шыгынмен Ембі бекінісіне дейін гана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тагы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да қүрал- жабдықтарын жогалтып Ақбүлаққа жетті. Ақпан айының ортасын­да Орынборга кері қайтты. Бірақ, жагдайдың бүлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс түтқынын қайтарды жэне Петербургке елшілік жіберді.Орыс билігін мойындамаган қазақтарды багындыруга жэне Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс эскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына эскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға жэне қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848—1849 жылдары А.И.Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия жэне Хорезммен сауда қарым- қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды.12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі қүрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді жэне 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып түрды. Ресей Қоқан жэне Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. XIX ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854—1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыно- гынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бүхараға Н.Игнатьев бастаган дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаган экспедиция жіберді. Бүл аймақтан алынган материалдардың негізінде патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындагы әскери қимылдарын үлгайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бүл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дэлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанга хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандагы Англия басшыларымен байланыс орнатуга агылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандыгының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, әскери нүсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле ба­стады. Қоқан өкіметі өздерінің эскери қамалдары мен форттарын, әскери шептерін күшейтуге кіріседі.

Англия мен Қоқанның бүл әрекеттері Ресей үкіметі жагынан қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бүл аймаққа Орынбор мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады.XIX гасырдың 60-жылдары Қазақстан аумагында Ресейдің эскери бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, ¥лытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек жэне т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пункттері болды. 1856 жылы қүрамына 213 мың адамнан түратын ¥лы жүз қазақтары жэне 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі қүрылды. Ресей әскерлерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де сәтті жылжуына қоқандықтардың саясатына риза болмаған Әулиеата мен Шымкент төңірегіндегі ¥лы жүз қазақтарының 1857—58 жылдарда көтерілістер жасап, Ре­сей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. Мүндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты жүргізілді.1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда ¥зынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан әскерінің екіжақты қыспағы мен тәлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақ та қатігездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тәлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық” деп жазды. 1861—63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде жэне тез арада иеле- ну жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бүл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жүмғол мен Қүртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бүрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі ДА.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баян- дама жасап, оны мақүлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы түрған екі жақ та әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отря- дында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек жэне 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде қүрамында 2571 солдат, 68 офи­цер, 22 зецбірек, жэне қүрамында сүлтан поручик Ш.Уәлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.ГНерняевтыц отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің от­ряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан әскерлерінің шабуылына үшырады да бекіністі қоршауға мэжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарылатылып, генерал- майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары қүрмет” жэне түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындықсыз 1864 жылдың 22—23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бүл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан мен оның төңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе түсті. Қоқан мен Бүхара арасындагы қайшылықтар шиеленісті. Мүндай қолайлы жағдайды орыс әскерлері де өз мүдделеріне пайдалана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу әскер мен бір жа- рым жүздік казактардан түратын отряды жэне Лерхенің торт рота жаяу эскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан түратын отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жау­лап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша II Александр Ташкентті Ресейдің қүрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы қүрамына қайта қүрылған Жетісу жэне Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жарияланды.Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қор- ғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мүсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яс­сауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан эрі жорыққа қатысудан бас тартуға мэжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия түрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бүл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді.

Осылайша, XIX ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл аумағы үзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867—68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия жэне Қазақстан — Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.

Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.

Ұлы жүздің Россияға қосылуы.Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған.Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.

Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды.1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды.1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.Бұл оқиғаның прогресті жағы:1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]