- •Метрологияның негізгі түсініктері мен терминдерінің анықтамасын беріңдер.
- •Физикалық шаманың шкаласы деген не? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады?
- •Физикалық шаманың өлшем бірліктер жүйесі деген не? Осы жүйелерді құрастыру принципі қандай?
- •Абсолюттік, салыстырма, келтірілген қателердің қандай айырмашылықтары бар?
- •Жүйелі, кездейсоқ және өрескел қателердің қасиеттерін тұжырымдаңдар?
- •6.Тікелей өлшемдердің өңдеуін жүйелеп түсіндіріңдер.
- •7.Өлшеу құралдардың түрлері.
- •8.Физикалық шаманың бірлік этолоны деген не және олардың қандай түрлері бар?
- •10.Параметрлік стандарттауда r және е таңдаулы сандар қатарлары қай принципімен құрылады.
- •9.Стандарттаудың негізгі түсініктері мен терминдері.
- •11.Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен принциптерін атап өтіңдер.
- •12.Метрология мен стандарттаудың негізгі халықаралық ұйымдары.
- •13.Сертификаттаудың негізігі түсініктері мен терминдері.
- •14.Сертификаттаудың мақсаттары қандай?
- •15.Физикалық шаманың размері мен размерлігі деген түсініктердің айырмашылығы қандай?
- •16.Өлшем жасау арқылы неге физикалық шаманың шын мәнін анықтауға болмайды?
- •17.Интегралдық және дифференциалдық таралу функцияларды сипаттаңдар.
- •Чебышев теңсіздіктері және 3δ ережесі кездейсоқ қатені бағалауда қалай қолданылады?
- •19.Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің қалыпты таралуын Гаусс таралуы сипаттаңдар.
- •20.Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің математикалық күтімі мен дисперсиясын сипатаңдар.
- •21.Жүйелік қателерді анықтаудың және жоюдың қандай әдістері бар?
- •22.Сұрыптауда пайдаланып өлшенетін шаманың шын мәнін және дисперсиясын қалай нүктелі бағалайды?
- •23.Параметрлердің аралық бағалауының мәнісі неде?
- •24.Аралық бағалаудың Стьюдент әдісін сипаттаңдар.
- •25.Бірлескен өлшеу деп қандай өлшеуді айтады? Кіші квадраттар әдісі қалай қолданады?
- •26.Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамаларын нормалаудың мәнісі қандай? Оның қалыпты жағдайлары қандай?
- •27.Метрологиялық қамтамасыздандырудың мәнісі қандай және оның қандай негіздері бар?
- •28.Стандарттаудың негізгі әдістерін атап өтіп түсіндіріңдер.
- •Стандарттау объектілерін реттеу
- •Параметрлік стандарттау
- •29.Қай жағдайларда міндетті сертификаттау, ал қай жағдайларда ерікті сертификаттау жүргізіледі?
- •30.Сертификаттауга қатысушылар және олардың міндеттері.
11.Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен принциптерін атап өтіңдер.
Стандарттаудың негізгі мақсаты өнімнің немесе қызмет көрсетудің функционалдық міндеттерін, жарамдылығын жақсарту болып табылады.
Стандарттаудың жалпы мақсаты – өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапа жағынан, қауіпсіздік жағынан мемлекеттің және тұтынушылардың мүддесін қорғау болып табылады.
Заңда. Стандартаудың негізгі мақсаттары:
Өнімнің және қызметтің қорщаған ортағ, адамның өмірі ,денсаулығы және мүлігі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Шаруашылық объектілердің табиғи және техникалық апаттардан қорғау немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекетті қорғау қабілетін қамтамасыз ету.
Өнімнің бір-бірімен техникалық және информациялық сай болуын және алмасушылығын қамтамасыз ету.
Өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету.
Өнімнің және қызметтің сапасы ғылым,техника және технология дамуына сәйкес сапасын қамтамасыз ету.
Ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу.
Стандарттаудың принциптері:
мүдделі жақтардың тілектерінің, пайдасының балансын ескеру;Мүдделі жақтар:сатушы,тұтынушы және өндіруші
стандарттаудың жүйелігі мен комплекстілігі. Жүйелігі дегеніміз - әр объектіні күрделі жүйенің бір бөлігі ретінді қарастыру, ал комплекстілігі күрделі жүйенің барлық элементтері бір-бірімен сай болып келуі.
Стандартаудың динамикалығы және озып дамуы. Стандарттаудың динамикалығы бүгінгі таңның деңгейінен стандарт озып отыру керек. Ол динамиканы қамтамасыз ету стандарттауды мерзімімен тексеріп, оларды жаңартып отырады. Ал басып озуды қамтамасыз ету стандарттың техникада қалай өзгеретінін қадағалау. Басып озу үшін белгілі бір мерзім қояды.
Стандарттаудың тиімділігі
Экономикалық – ресурстарды аз пайдалану, сақтау немесе жаңалықты жасау нәтижесінде қызмет ету мерзімін ұзарту.
Әлеуметтік – адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауыпсіздік сақтауға әрекеттер жасайды.
Өнімдердің қауіпсіздігін, сыйушылығын, тіркесушілігін қамтамасыз ету үшін стандарттауға жол беру керек. Стандарттауға қойылатын талаптар мен сақтау жолымен және Республикамыздың заңдылық нормаларына сәйкес болуы керек. Ол сертификаттау жұмысын жасауға ыңғайлы болуы керек және оларды тексеру жолдарын көрсету керек.
Үйлесушілік – біздің мемлекетте қабылданған стандарт Халықаралық стандартқа сай болу керек
Стандарттың анықтамалары нақты және түсінікті болу керек. Егер стандарттауда қойылған талаптар екі талай түсінуге болатын болса, ол стандарттаудың үлкен кемістігі болып келеді.
12.Метрология мен стандарттаудың негізгі халықаралық ұйымдары.
1875 жылы метрология халықаралық деңгейге шықты. Парижде метрикалық конференцияға қол қойды. Оған 17 мемлекет қатысты. Ұйым «Халықаралық таразылар мен шамалардың бюросы» деп аталады. Севр қаласында осы халықаралық ұйым орналасқан. Мақсаты: өлшем бірегейлігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету және өлшем дәлдігін жоғарлату.
Метрология саласындағы ғылыми жұмыстар ұйымдастырылады. Эталондардың дәлдігін жоғарлатып, жаңарлатып отырады, халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастырады.
Заңдық метрологияның халықаралық ұйымы 1955 жылы ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – заңдық метрологияның жалпы сұрақтарын шешу, оның ішінде:
Өлшем құралдарының дәлдік кластарын орнату;
Өлшем құралдарының түрлерін біркелкі топтарға бөлуін қамтамасыз ету;
Өлшем құралдардың проверкадан, сынақтан өткізгенде тексеретін метрологиялық анықтамалардың біркелкі жүйеге келтіру үшін ережелерді орнату және т.б.
Стандарттаудың негізгі ұйымы ISO (ИСО) 1946 жылы ұйымдастырылған. 25 елдің стандарттау ұйымдары бірігіп осы ұйымда орналасқан. ИСО-ға кіретін елдердің саны 150-ден асты. Халықаралық стандарттау саласында ИСО-дан басқа электротехника, радиоэлектроника және байланыс саласы бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу ұйымы бар. Халықаралық электротехникалық және электрониканың негізгі ұйымы IEC (МЭК) 1906 жылы ұйымдастырылған. МЭК мүшесінің саны 52 жуық, ол ИСО-ға қарағанда аз, себебі, электротехникасы, радиоэлектроникасы, байланысы нашар дамыған елдер ұйымға кіруге мүмкіндігі жоқ.
Стандарттау ұйымдарының мақсаттары – стандарттау мен сертификаттаудың негізі дамуы. Ол халықаралық сауданы дамыту үшін және ғылыми – техникалық саласында бірлесіп қызмет жасау.
ИСО-ның стандарттаның дүниежүзілік барлық елдер пайдаланады. Бүл халықаралық ұйым 1000-ға жуық стандарт жасайды.
90-жылдары халықаралық стандарт машина жасауда 30%, 12,5% - химияға, 3,5% - медицинаға, 3% - денсаулық, экология және қоршан ортаға тиесілі болатын. 20005 жылы денсаулық, экология және қоршан ортаға 11%-ке , информационналды технологияға 12% өсті.
