Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
na_raspechatku_akush_i_ovp.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295 Кб
Скачать
☆

4.Пневмония

5.жедел пиелонефрит

2

№1 ЖДА дәрігері акушер-гинеколог қабылдауына жүкті әйел келді, жүктілік мерзімі 37 апта, шағымдары гематурияға, оң жақтан қабырға-бел бұрышында ауырсыну, эпигастральды аймаққа және жыныс еріндеріне таралады. Объективті: әйел мазасыз, ыңғайлы қалып табуға тырысады. Оң жақтан соққылау симптомы оң. Зәр анализінде көп мөлшерде тұзды кристалдар анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз.

1.жедел пиелонефрит

2.зәр-тас ауруы

3.жедел гломерулонефрит

4.қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

5.өт-тас ауруы

2

Науқас Т., 29 жаста, әйелдер кеңесіне бірінші рет жүктілік мерзімі 29-30 аптасында келді. Шағымдары шөлдеуге, тері қышуына, жиі зәр шығару. Осы жүктілігі екінші; біріншісі -2 жыл бұрын жүктіліктің 29-30 апта мерзімінде уақытынан бұрын өлі ұрықпен босанумен аяқталған. Объективті: бойы 159 см, салмағы 71 кг, АҚҚ 110/70 мм сын. бағ., ІА - 96 см, ЖТБ - 29 см. Ұрықтың орналасуы тігінен, басы келіп тұр, кіші жамбас кіреберісінен жоғары. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті, 136 соққы/мин. Диагноз қойыңыз:

1.Жүктілік 29-30 апта. ААА. Ірі ұрық. Қант диабеті

2.Жүктілік 29-30 апта. Семіздік. Ірі ұрық. ААА

3.Жүктілік 29-30 апта. Қант диабеті. Семіздік. ААА

4.Жүктілік 29-30 апта. Семіздік. ҰЖДТ. ААА

5.Жүктілік 29-30 апта. ААА. Семіздік

3

Плацентаның шетте жатуы, шамалы қан кету, басымен келген, жақсы босану қабілетінде жатыр мойнының 3-4 cм ашылуында босануды жүргізу тактикасын анықтаңыз:

1.жоспарлы кесар тілігі

2.ерте амниотомия, босану табиғи жолдар арқылы

3.шұғыл кесар тілігі

4.Қынап үстілік жатыр ампутациясынан кейінгі кесар тілігі

5.акушерлік қысқыштар салу

2

Клиникалық белгілер: жатыр гипертонусы, пальпация кезінде локальды ауырсыну, ұрық жағдайына қауіп туғызатын белгілер, жыныс жолдарынан қою жеткілікті мол қанды бөліністер. Қынаптық зерттеуде қабығы тегіс. Диагноз қойыңыз:

1.төмен плацентация

2.Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

3.жатыр жыртылуы

4.плацентаның толық жолда жатуы

5.плацентаның ішінара жолда жатуы

2

Перзентханаға жүкті әйел жеткізілді, үнемі ішінің ауырсынуына, жыныс жолдарындағы шамалы қанды бөліністердің бөлінуіне шағымданады. Жүктілік мерзімі 35-36 апта. АҚҚ 150/100, 140/90 мм с.б..Балтыр маңында ісінулері бар .Пальпация кезінде жатыр қатайған, сол жақтан жергілікті ауырсынуы бар. Ұрықтың жүрек соғу қабілеті әлсіреген, минутына 160 соққы, кіндіктен төмен. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісінің жазық қабырғасына жабысқан. Жыныс жолдарындағы бөлістер-қара қанды. Бұл жағдайда қынаптық зерттеуді жүргізу керек:

1.қабылдау бөлімінде

2.босану бөлімінде

3.  кіші операция бөлімінде

4.  үлкен операция бөлімінде

5.  қарау бөлмесінде

4

Қайталама жүкті және алғаш босанушы әйел, 36 жаста, стационарға 36 апталық жүктілік мерзімінде қатты басының ауырсынуына, көз алдында шыбын-шіркейлердің елестеуіне, 5 ретке дейін құсу шағымдарымен түсті. Соңғы 5 жыл ішінде артериялық гипертенцияның І дәрежесі бойынша есепке алынған. Қарау кезінде: алдыңғы құрсақ қабырғасында және балтырларында шамалы ісіну, АҚҚ - 150/100 мм с.б. Зәрде– 3,0 г/л ақуыз. Ұрықтың орналасуы дұрыс, баспен келген, ұрықтың жүрек соғысы қалыпты, ырғақты. Минутына 135 соққы. Диагноз койыңыз:

1.  37 апталық жүктілік. Гестациялық гипертензия.

2.37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия.

3.37 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия.

4.37 апталық жүктілік. Эклампсия.

5.37 апталық жүктілік. Гипертониялық криз.

3

Алғаш босанушы , 23 жаста, жедел жәрдем бригадасымен экламсиядан кейін (үйде) перзентханаға жеткізілген. 37-38 апталы жүктілік, жағдай ауыр, есі тежелген.Тері жабындылары бозғылт, АҚҚ 170/100 мм с.б.б., пульс 90. Түскен кезде міндетті түрде қандай кешенді ем тағайындау керек:

1.Тез арада магнезиальды терапия тағайындау

2.Емдік-бақылау тәртіп тағайындау

3.Кешенді инфузионды терапия бастау

4.Гипотензивтізаттарды қолдану

5.Диуретиктерді енгізу

1

Алғаш босанушы әйел 16 жаста жүктілігінің 35 аптасында СВА жолдамасымен стационарға келіп түсті.Шағымдары жоқ, қарау кезінде: сирағында және алдыңғы құрсақ қабырғасында шамалы ісінулер бар, АҚҚ 150/100 мм.с.б.б.,Зәрінде – 0,033 г/л ақуыз. Ұрық қалпы тігінен басымен келген, жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Диагноз қойыңыз:

1.37 апталық жүктілік. Гестациялық гипертензия.

2.37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия.

3.37 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия.

4.  37 апталық жүктілік. Эклампсия.

5.  37 апталық жүктілік. Гипертониялық криз.

1

Қайталама жүкті және алғаш босанушы әйел, 36 жаста, стационарға 36 апталық жүктілік мерзімінде қатты басының ауырсынуына, көз алдында шыбын-шіркейлердің елестеуіне, 5 ретке дейін құсу шағымдарымен түсті. Соңғы 5 жыл ішінде артериялық гипертенцияның І дәрежесі бойынша есепке алынған. Қарау кезінде: алдыңғы құрсақ қабырғасында және балтырларында шамалы ісіну, АҚҚ - 150/100 мм с.б. Зәрде– 3,0 г/л ақуыз. Ұрықтың орналасуы дұрыс, баспен келген, ұрықтың жүрек соғысы қалыпты, ырғақты. Минутына 135 соққы. Сіздің тактикаңыз:

1.магнезиальды терапиияны бастау және 6-12 сағат ішінде босандыру

2.магнезиальды терапиияны бастау және 12-24 сағат ішінде босандыру

3.магнезиальды терапиияны бастау 24-48 сағат ішінде босандыру

4.гипотензивті терапияны бастау және динамикасын бақылау

5.шұғыл түде кесар тілігін жасау

3

Перзенханаға қайта босанушы К. келіп түсті, іш айналымы 90 см, жатыр түбінің тұру биіктігі 27 см, әйелдің бойы 168см, салмағы 60 кг. Жорданио формуласы бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтаңыз:

1.  2600

2.  2700

3. 2800

4.  2900

5. 3000

2

Перзенханаға қайта босанушы К. келіп түсті, іш айналымы 90 см, жатыр түбінің тұру биіктігі 27 см, әйелдің бойы 168см, салмағы 60 кг. Бубличенко формуласы бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтаңыз:

1.  2600

2.   2700

3.   2800

4.   2900

5.  3000

5

Қайта босанушы әйел, 36 жаста, жүктіліктің 37 апта мерзімінде ішінің төмен тартып ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде 1 босану патологиясыз. Қараған кезде: балтырында аздаған ісінулер, АҚҚ - 130/90 мм сын.бағ. Зәрінде – белок 0,066 г/л. Ұрықтың орналасуы тігінен, басы келіп тұр, ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті, 135 соққы/мин. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны Бишоп бойынша – 3 балл. Пациентті стационарға госпитализациялау қажет па және қандай деңгейге:

1. жоқ, амбулаторлы бақылау қажет, жүкті әйел өз жағдайына саналы баға беріп және дәрігердің тағайындауларын орындау керек

2.иә, жүктілік кезіндегі гипертензияны ескеріп, мониторинг үшін 1 деңгейлі стационарға госпитализациялау қажет

3.  жоқ, артариалды қысымды ескеріп, босануға дейінгі дайындық мақсатында күндізгі стационарға жолдау қажет

4. иә, жүктілік кезіндегі гипертензияны ескеріп, мониторинг үшін 2 деңгейлі стационарға госпитализациялау қажет

5.иә, жүктілік кезіндегі гипертензияны ескеріп, мониторинг үшін 3 деңгейлі стационарға госпитализациялау қажет

1

Перзентханаға қайта жүкті әйел жеткізілді, 42 жаста, жүктілік мерзімі 37 апта, шағымдары жыныс жолдарынан қанды бөліністерге. Қараған кезде АҚҚ-140/90, жайылған ісінулер, жатыр гипертонусы анықталады, кіндік аймағында локальды ауырсыну, ұрықтың жүрек соғысы 180 соққы/мин. Сіздің тактикаңыз және неге?

1.Плацентаның ажырауынан жатырлық қан кету және ұрықтың дистресс белгілеріне байланысты, жедел түрде оперативті жолмен босандыру қажет

2.Плацентаның жолда жатуынан жатырлық қан кету және ұрықтың дистресс белгілеріне байланысты, жедел түрде оперативті жолмен босандыру қажет

3.Әйелдің қанағаттанарлық жағдайын ескеріп, белсенді-күті тактикасын жүргізу қажет

4.Қалыпты орналасқан плацентаның айқын емес ажырау белгілерін ескеріп, амниотомия жүргізу және артынша толғақ қоздыру қажет

5.Жеңіл дәрежелі преэклампсия белгілерін ескеріп, магнезиалды теапияны бастау қажет

1

Перзентханаға жүктілік мерзімі 40 апта 2 күн жүкті әйел жедел жәрдеммен жеткізілді, шағымдары бас ауруына. АҚҚ 170/110 мм сын. бағ. Балтырында – ісінулер. Зәр анализінде белок – 1,5 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.Жүктілік 40 апта 2 күн. Созылмалы артариалды гипертензия

2.Жүктілік 40 апта 2 күн. Гестациялық гипертензия

3.Жүктілік 40 апта 2 күн. Преэкламспия жеңіл дәрежесі

4.Жүктілік 40 апта 2 күн. Преэкламспия ауыр дәрежесі

5.Жүктілік 40 апта 2 күн. Эклампсия

4

ЖДА дәрігерінің қабылдауында жүктілік мерзімі 33 апта әйел бас ауруына, жүрек айнуына, бір рет құсуына шағымданды. АҚҚ 170/110 мм сын.бағ. Ұрықтың жұрек соғысы ретті, 146 соққы/минутына. Зәрінде – белок 1,0 г/л. Осы этапта жүкті әйелді жүргізу тактикасы:

1.Емді қажет етпейді, тек мұқият бақылау

2.амбулаторлы бақылау, жүкті әйел өз жағдайына саналы баға беріп және дәрігердің тағайындауларын орындау қажет

3.магний сульфатын және гипотензивті терапияны бастау

4.ІІІ деңгейлі мекемеге госпитализациялау

5.Орнында жағдайын тұрақтандырғаннан кейін, жедел жәрдем көлігімен ІІІ деңгейлі мекемеге госпитализациялау

5

Перзентханаға жедел жәрдем бригадасымен эклампсия ұстамасынан кейін ес-түссіз жүкті әйел жеткізілді. Жүктілік мерзімі 35 апта. Жағдайы өте ауыр. АҚҚ 180/120 мм.сын.бағ. Ұрықтың жүрек соғысы тұйық, 102 соққы/мин. Қынаптық зетрттеу кезінде жатыр мойны Бишоп бойынша 3 балл. Жүкті әйелді жүргізу тактикасы?

1.Жедел түрде кесар тілігі арқылы босандыру

2.Бірнеше сағат бойын қарқынды терапия, содан кейін кесар тілігі

3.Бір тәулік бойы қарқынды терапия, содан кейін босандыру әдісі туралы сұрақты шешу

4.Операция алды дайындық: интубация және өкпенің жасанды вентиляциясы бірнеше сағат бойы, содан кейін оперативті түрде босандыру

5.Комплексті қарқынды терапия және босану жолдарын дайындау

1

ЖДА-ға жүктілігі 6 апта әйел келді, шағымдары жүрек айнуына, құсуға, дене температурасының жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа. Соққылау симптомы теріс. Екі күн бойы тері жабындыларының сарғыштығы және зәр түсінің қараюы байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.Жүктілер гестозы

2.Вирусты гепатит

3.Жедел респираторлы ауру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]