- •«Адам тіршілігінің қауіпсіздігі» пәніне сипаттама беріңіз
- •«Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыздар. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін көрсетіңіз, мысал келтіріңіз
- •Қазақстандағы «Азаматтық қорғаныс»: құрылымы мен қызметтерін түсіндіріңіздер
- •Табиғи қауіптер: боран, бұрқасын, дауыл, найзағайды сипаттаңыз, қауіптен құтылу шараларын көрсетіңіз
- •Табиғи қауіптер: сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкінін сипаттаңыз, пайда болу себептерін, қауіптен құтылу шараларын көрсетіңіз
- •Діни секталар жөнінде түсінік, олардың түрлерін сипаттаңыз. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдарын келтіріңіз
- •Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстау жолдарын көрсетіңіз
- •«Жер сілкіні» ұғымына анықтама беріңіз, пайда болу себептерін атаңыз
- •Жер сілкінісінің «магнитудасы» және «қарқындылығы», «өлшемі» ұғымына анықтама беріңіз
- •Жер сілкінісінің сипаттамалары: ошақ, гипоцентр, эпицентр, тектоникалық толқындар ұғымындарына анықтама беріңіз
- •Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз
- •Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде және сыртында қандай жерлер қауіпті екенін көрсетіңіз
- •Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік беріңіз
- •Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын келтіріңіз
- •Адам ағзасына әсер етуіне қарай химиялық қарудың жүйелеуін келтіріңіз
- •Радиобелсенді көздерді сипаттаңыз
- •«Дезактивтендіру», «дегаздау», «дезинфекция», «дезинсекция», «дератизация» ұғымдарына түсінік беріңіздер және тж-да санитарлық тазалауды жүргізуді келтіріңіз
- •Зиянды химиялық заттардың жүйеленуін келтіріңіз, адам ағзасына қосарлы (комбинациялық) әсерін сипаттаңыз
- •«Шу», «діріл» ұғымдарына анықтама беріңіз, ағзаға әсері, олардан қорғану жолдарын сипаттаңыз
- •Лазер сәулесі, ультрадыбыс, инфрадыбыстың ағзаға әсерін көрсетіңіз
- •Иондаушы сәулелер, олардың ағзаға әсерін, қорғану жолдарын сипаттаңыздар
- •Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру қалай жүзеге асырылатынын сипаттаңыз
- •Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану шараларын сипаттаңыз
- •Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпті, қорғану шараларын бағалаңыз
- •Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз
- •Өндірістегі өрт кезіндегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз
- •Өндірісте жарылыс болған кездегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз
- •Жанартау атқылауы кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз
- •Су басу, сел кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз
- •Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз
- •Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз
- •Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті және радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы және қолданылуын түсіндіріңіздер
- •Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз
- •Аса қаупті ауру қоздырғыштары ауаға таралғанда карантин мен обсервация қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз
- •Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз
- •Атмосфера мен литосфераны ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз
- •Гидросфераны ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз
- •Артериялық қысымды өлшеу техникасын сипаттаңыз
- •Қан кетуін тоқтату әдістерін келтіріңіз
- •«Жара» ұғымын ашыңыз. Жара түрлерін келтіріңіз. Жараны стерильді өңдеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріңіз
- •«Десмургия» ұғымын ашыңыз. Таңу түрлерін келтіріңіз. Таңғыш материалдарды, таңу техникасын, ережесін атаңыз
- •Тж кейін авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз
- •Сүйек сынуы кезінде жүргізілетін алғашқы көмекті сипаттаңыз
- •Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз
- •Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз
- •Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз
- •Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз
- •Тж кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз
Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті және радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы және қолданылуын түсіндіріңіздер
Радиациялық қауіпсіздіктердің құқықтық аспектілері.Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, негізгі нормативті – құқықтық құжаттар. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Радиоактивтілік туралы жалпы түсініктер. Радиоактивтілік және оларды өлшеу бірліктері. Радиоактивтілікті ашу тарихы. Радиоактивтілік туралы М. Кюри, П. Кюри және басқа да ғылымдағы ғалымдардың тигізген пайдалары. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Зарядталған бөлшектердің құралдармен өзара әсері. Гамма- және рентген сәулелерінің құралдармен өзара әсерлерлері.
Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;
жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы,хлорциан;
терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;
түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;
көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);
психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;.
Аэрозоль бу түрінде қорғану нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кеттеді.
Әр түрлі жағдайда ір түрлі органдарда тұйық желсіз жерлерде ұзақ сақталу мүмкін.Улы заттармен зақымдану жолдары:Уланған ауамен демалғандаУлы тамшылардың теріге не көзге тиюіУланған заттарды ұстағанда уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі Хлор мен аммиак. УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген);
♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
Аса қаупті ауру қоздырғыштары ауаға таралғанда карантин мен обсервация қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз
ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры аймаққа кең жайылып кетуі мүмкін.
Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.
Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.
Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі
Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады.
Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын алу шаралары обсервация кезінде мыналарды қарастырады:
сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;
оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;
зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;
денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;
күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық өндеу жасау.
