Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

3/ Ақпараттық технология пәнінің негізгі приоритеттік бағыттары

Ақпараттық технология — бұл адамдардың ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланатын әдістері мен құрылғыларының жиынтығы

Ақпараттық технология пәнінің негізгі – жаңа АТ жəне интерфейс ұйымдастыру əдістері, нформацияларды маңыздылау жəне т.б.

Оның приоритетті бағыттары:

  • Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

  • ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;

  • математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерде қолданылулары;

  • жасанды интелектілік əдістер, адамның интелектуальды іс-əрекетіндегі логикалық жəне аналитикалық ойлауын модельдеуші əдістер (логикалық тұжырым, оқыту, сөзді түсіну, көру арқылы қабылдау, ойындар жəне т.б. );

  • жүйелік анализ, əртүрлі сипаттағы күрделі мəселелер бойынша шешімдерді дайындау мен негіздеу үшін пайдаланылатын əдістемелік құралдарды оқытады;

  • биоинформатика, биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді оқытады;- əлеуметтік информатика, қоғамды ақпараттандыру үрдістерін оқытады; - машиналық графика, анимация, мультимедия құралдары əдістері;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, соның ішінде, бүкіл адамзатты біртұтас ақпараттық қоғамдастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер ;

  • əртүрлі қосымишалар, өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын жəне шаруашылық пен қоғамның іс-əрекетінің басқа да барлық түрлерін қамтиды.

4/ Қандай санау жүйелерін білесіздер? Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне қалай өтуге болады? Позициялық және позициялық емес санау жүйесі дегеніміз не?

5/ Есептеу техникасының даму сатылары

Есептеу техникасының дамуын ЭЕМ-нің бес ұрпағына бөлуге болады, олар бір-бірінен элементтік базасымен, логикалық ұйымдасуымен, математикалық жабдықталуымен, адамның машинамен қарым-қатынасының ыңғайлылығымен ажыратылады. ЭЕМ ұрпақтарының алмасып отыруы, оның элементтік базасының дамуымен байланысты.

1-буын - электрондық шамдар негізінде болды.

Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған шамдар орналасқан алып құрылғылар болды.

2- буын - жартылайөткізгіш диод пен транзисторлар негізінде болды .

Оларда электр шамдарының орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты аз болды, онымен қатар амалдарды орындау жылдамдығы секундына он мыңдаған амалға жетті.

3- буын – интегралдық схемалар негізінде болды

Бұл машиналардың жады үлкен, амалдарды орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион амалға жетті. Үшінші буындағы машиналарда бір мезгілде бірнеше программалардың қатар орындалуына мүмкіндік туды.

4- буын - үлкен интегралдық схемалардан тұратын компьютерлер шыға бастады.

ЭЕМ-дер 70- жылдардан бастап өндіріске енді. Оның жады мен көлемі бірінші буындағы машиналардың амалдарды орындау жылдамдығының ондағанымен пара-пар болды.

5-буын - аса үлкен интегралдық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ. Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Ол машиналар адамды кәдімгі адам сөйлейтін тілде түсінуі қажет. Яғни, ЭЕМ « Жасанды инттелект» негізінде құрылуы қажет.

6/ Дербес компьютердің техникалық құрылымы

ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды

1.Жүйелік блок

2.Монитор

3.Перне тақтасы

4.Тышқан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]