Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

13/ Вирустарды қалай анықтайды, оның бар болу белгілерін атаңыздар.

 Вирустардың бар болу белгілері

  1. Дискідегі файлдар санының ұлғаюы;

  2. Бос оперативті жады көлемінің азаюы;

  3. Файлды құру уақыты мен мерзімінің өзгеруі;

  4. Программалық файл өлшемінің ұлғаюы;

  5. Программаның дұрыс жұмыс жасамауы;

  6. Программа жұмысының бәсеңдеуі;

  7. Дискіге айналу болмау керек кезде дисководта лампочканың жануы

  8. Қатты дискіге қатынау уақытының айрықша өсуі;

  9. ОЖ жұмысындағы ақаулар, әсіресе, оның тұрып қалуы;

  10. Файлдық құрылымның бүлінуі (файлдардың жоғалуы, каталогтардың бұзылуы).

14 Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін ашып жазыңыздар

Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. «Іске қосу» деген сөзге ерекше көңіл аудару қажет. Вирус жұқтырған файлдарды көшіргенде компьютерге вирус жұқпайды.

  • Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды емес, магниттік тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.

  • Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе, онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нәтижесі арқылы болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын бүлдіруге дейін апара алады.

15/ Вирустардың пайда болу белгілерін атаңыздар

  • 1) ДЭЕМ-ның жұмысына əсер ету;

  • 2) Программалық файлдардың бұзылуы;

  • 3) Мəліметтері бар файлдардың бұзылуы;

  • 4) Дискі немес оның бөлігін форматтау;

  • 5) Дискідегі немесе оның бөлігіндегі ақпаратты ауыстыру;

  • 6) BR немесе MBR дискінің бұзылуы;

  • 7) FAT бұзылу жолымен файлдар байланысының бүлінуі;

  • 8) CMOS-жадыдағы мəліметтердің бұзылуы.

16.ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс жəне желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту жүйесін əрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

_ Дидактикалық жүйе;

_ Технологиялық жүйе;

_ Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес əдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мəселелік мазмұндау;

4. Əвристикалық;

5. Зерттеу;

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дəстүрлі жəне қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мəтіндік, аудиовизуальды жəне мультимедиалық оқу-əдістемелік материалдарды жинау жəне оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған əдістемелік материалдармен іске асырылады.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, əкімшілік арасындағы интерактивті өзара əсері мен оның оқу-əдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

- Интернет желісін пайдалану;

- Əлектрондық поштаны пайдалану;

- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

17.Типтік логикалық қүрылғылар. Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады. .

Логикалық элементтерден триггер деп аталатын, кең таралған есептеуіш машина элементін құрастыруға болады. Ол екі тұрақты қалыпта бола алады және бір екілік ақпарат бірлігін сақтауға қабілетті. Жадының қазіргі кездегі микросхемаларында миллиондаған триггерлер бар.

Бірнеше триггерден тұратын қалыптар жүйесі және ол көпразрядты екілік кодты қысқа уақытқа сақтауға арналған болса регистр деп аталады.Регистр енгізген ақпаратты есте ұстайды және оны қажетті уақытқа дейін сақтайды.

Сумматорлар (қосындылауыш) екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық схема. Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалық- логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.

Шифратор. Бұл құрылғы өзінің кірістерінің біреуінде сигналды шығысында сәйкесінше сигналдар теріміне түрлендіреді. Ол сигналды кодқа айналдырады да және оны машинаға ыңғайлы етеді. Дешифратор шифратордың әрекеттеріне кері амалдарды орындайды, яғни әрбір кіріс сигналдарының комбинациясына тек бір ғана шығу сызығын береді. Дешифратор амалдар кодтарының шифрын ашу үшін пайдаланылады.

Бұл элементтер шала өткізгішті диодтармен, транзисторлармен құрылады.Бірақ соларды басқару үшін аргументтік мәндерді тағайындайтын тізбектер қажет.

18. МҚБЖ( мәліметтер қорын басқару жүйесі) дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мәліметтер қорын басқару жүйесі – МҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені.

Ассеss 2007 –мен жұмыс істеудің негіздері

Бірінші, біз кез келген бағдарламамен жұмысты неден бастаймыз , — оны орындауға жібереміз. Ассеss 2007 орындауға жіберу:

а) жұмыс стөліндегі бағдарлама жарлығын екі рет шерту;

б) жедел жіберу тақтасындағы бағдарлама жарлығын шерту;

в) Жіберу – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Office Access 2007;

Microsoft Office Access 2007 орындауға жібергеннен кейін бағдарламаның алғашқы экраны пайда болады (3-суретті қараңыз).

3-сурет. Бағдарламаның алғашқы экраны

« Бағдарламаның алғашқы экраны » терезесінде «Жаңа мәліметтер қоры» белгісін шерту. «Жаңа мәліметтер қоры» терезесінде файлдың атын енгізіңіз және мекен жайын көрсетіңіз. (4-суретті қараңыз.)

4-сурет. «Жаңа мәліметтер қоры» терезесі

Алғашқы экранның сол жағында Шаблондар категориясы орналасқан, онда өзіңіздің мәліметтер қорыңыздың шаблонын таңдай аласыз. Жұмыс экранының ортасында жаңа бос мәліметтер қорын таңдап алуыңызға немесе Интернеттен мәліметтер қорына қажетті шаблонды жүктеуіңізге болады.

Алғашқы экранның оң жағында жақын арада пайдаланылған мәліметтер қорының тізімі орналасады. (3-суретті қараңыз). Сіз жаңа мәліметтер қорын құрған кезден бастап, ол бұл тізімді толықтырады. Егер «Басқалар» пунктінде тышқанды шертсеңіз, өзіңіздің мәліметтер қорыңызды таңдап алуға болатын, файлдарды ашуға арналған стандартты терезе пайда болады. «Жасаңыз» ( 4-суретті қараңыз) терезесін шерткеннен соң, біраз уақыт өткеннен кейін Access 2007 жұмыстық экраны пайда болады (5-сурет).

5-сурет .Ассеss 2007 жұмыстық экраны

Ассеss 2007 жұмыстық экранының құрылымы

Экранның жоғарғы жағында тіркемелерінде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған командалары бар лента орналасады.

  • Кестелер режимі. Бұл тіркемеде кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар.(6-сур).

6-сурет.Бұл тіркемеде кестелермен жұмыс істеуге арналғанкомандалар бар

  • Бастысы. Бұл жерде кестелерді іздеуді, сүзгілеуді, сорттауды, жазбалармен жұмыс істеуді, сол сияқты мәліметтерді көрсетуді таңдауды, алмастыру буферімен және шрифтің параметрлерін қою операцияларын жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі командалар "тіркелген (7-сурет).

7-сурет.Бұд тіркемеде Ассеss 2007 "негізгі " командалары орналасқан

  • Құру. Атауына байланысты, бұл тіркемеде мәліметтер қорының негізгі құрылымдық элементтерін – кестелер, формалар, есептер және сұраныстар, құруды қамтамасыз ететін командалар орналасады. Нақтысында, дәл осы тіркеме мәліметтер қорының негізгі компаненттерін құру ісінде анықтауыштық рөл атқарады.(8-сурет).

8-сурет. Бұл тіркемедегі командалар мәліметтер қорының негізгі компаненттерін құруды қамтамасыз етеді.

  • Сыртқы мәліметтер. Бұл тіркемедегі командалар, мәліметтерді импорттау-экспорттауды ұйымдастыруды, сол сияқты мәліметтерді жинауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді (9-сурет).

9-сурет. Бұл жерде сыртқы мәліметтермен алмастыруды ұйымдастыруға арналаған командалар орналасқан.

Мәліметтер қорымен жұмыс. Бұл тіркемеде орналасқан командалар құрылған мәліметтер қорын қолдауды қамтамасыз етеді, яғни макростарға енуді, мәліметтер қорының әртүрлі элементтерін бейнелеу-жабуды, мәліметтердің орын ауыстыруын, сол сияқты мәліметтер қорын қолдаудың басқа да операцияларын қолдауды қамтамасыз етеді (10-сурет).

10-сурет. Бұл тіркемедегі командалар құрылып қойылған мәліметтер қорын қолдауды қамтамасыз етеді.

Жұмыстық экранның төменгі оң жақ бұрышында көру режимінің түймелері орналасқан. Алғашқы ретінде кесте режимі таңдалынған, алайда сіз конструктор режиміне ауыса аласыз.

Жұмыстық экранның сол жақ бөлігінде Ассеss 2007 нұсқасында пайда болған «Ауысу облысы» орналасқан, сондықтан оны нақтырақ қарастыру қажет.

Ауысу облысы

11-сурет. Қазірше ауысу облысы құрылған

кестелерді бейнелейді.

Бұл облыс (11-суретті қараңыз) мәліметтер қоры терезесін (Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларындағы) алмастыра алады, оны сол сияқты түймелер формаларымен (қарапайым тапсырмаларды орындауға арналған экрандар, мысалға, есептерді жіберу немесе мәліметтер қорын жабу үшін ) бірге пайдалануға болады.

Тек осы облыста ғана мәліметтер қорының обьектілерін (кестелер, есептер, формалар және т.б.) орындауға жіберу және оларды ары қарай басқару орындалады.. Мысалға, есеп ауысу облысынан жіберіледі. Егер есептің құрылымын өзгерту қажет болса, оны конструктор режимінде ауысу облысынан ашуға болады.

Тұтынушы Ассеss 2007 де жаңа немесе бұрыннан бар мәліметтер қорын ашқан мезеттен бастап, бұл мәліметтер қорының объектлері (кестелер, формалар, есептер, сұраныстар, макростар және басқалар) ауысу облысында бейнеленеді (11-сурет).

Келісім бойынша ауысу облысы Ассеss 2007-де мәліметтер қорын ашу кезінде бейнеленеді, ол Microsoft Ассеss-тің өте ертеректегі нұсқаларында қолданылған мәліметтер қоры терезесін алмастырады. Егер Ассеss –тің бұрынғы нұсқаларында белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін мәліметтер қорының терезесі қажет болса, жаңа нұсқасында ауысу облысы қолданылады. Мысалға, есеп жасау қажет болса немесе мәліметтерді тікелей жаңа жолға енгізу керек болса, ауысу облысынан кестені ашу қажет.

Ассеss-тің жаңа нұсқасында ауысу облысын тек қана стандартты тапсырмаларды орындау үшін пайдаланып қоймай, Microsoft Office Exsel 2007 немесе Microsoft Windows SharePoint Services 3.0 қызметінен мәліметтерді импорттау үшін, немесе осы тіркемелерге экспорттау үшін пайдалануға болады.

Ауысу облысының ертеректе қолданылған түймелік формалардан біршама артықшылықтары бар. Ертеректе қолданылған формаларды білуімен. Мысалға, мәліметтер қорының обьектлерін басқаруға ( көшірмелеуге, жоюға, олардың құрылымын өзгертуге және т.б.) болады, бұл түймелік формалардың көмегімен мүмкін емес еді. Бұдан басқа, басқа терезелермен жабылып қалатын түймелік формалардан ауысу облысының ерекшелігі ол әрқашанда көрінетін болып қалады.

Егер мәліметтер қорының барлық обьектлерін қарау қажет болмаса, ал түймелік форманы құру міндетті емес болса, мәліметтер қоры обьектілерінің қолданылатын категориялары мен топтарын құруға және ауысу облысында тек осы категориялар мен топтарды бейнелеуге болады. Айталық, тұтынушы жұма сайын таңертең үш есептен тұратын жиынтықты жіберсін. Бұл есептерді мәліметтер қорының обьектлері тізімінен іздемеу үшін, ауысу облысында арнайы категорияны құруға және қажетті есептер үшін оған жарлықтар тобын енггізуге болады.

Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларында құрылған түймелік формаларды Ассеss 2007-де ашуға және жіберуге болады, бірақ олардың түрі өзгеруі мүмкін. Мысалға, Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларында мәліметтер қорының терезелерін бейнелеу үшін көптеген түймелік формалар түйме түрінде немесе басқа да басқару элементі түрінде берілді. Ассеss 2007-дегі бұл басқару элементін шерту кезінде тышқанның нұсқаушысы ауысу облысына ығысады, себебі ол мәліметтер қоры терезесін алмастырады.

19. «Электрондық үкімет - бұл Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтер ақпараттық және коммуникациялық технологияның көмегімен, ішкі үрдістерді қалыптастыруда және мемлекетті басқарудағы сұрақтар қоғмның қатысуымен болатын мемлекеттік ұйымдардың ішкі және сыртқы қатынастарының жаңа жүйесі. «Электрондық үкімет» термині - e-Government ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде (Интернет, телефон, факс, кіру орталықтары, желісіз құрылғылары және басқа коммуникациялық жүйелер.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:      1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;      2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;      3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;      4. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;     5.  е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]