Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед мамае.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

59.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.  Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі.  Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.  К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.[№ 4, 29бет]  Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне:  а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;  ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».  Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.