- •69.Бәсекеге кабілетті тулғаны калыптыстыру
- •35 Мұғалімнің кәсіби беделін арттырудың жолдары
- •36, Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары
- •37. Педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер
- •46. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық қызметті таңдау мотивациясы
- •49. Кәсіби педагог ретінде қалыптасудың негізгі бағыттары
- •53. Педагог тұлғасына бағытталған негізгі мінез-құлық ерекшеліктері
- •54. Болашақ педагогтарды кәсіби маман ретінде қалыптастыру қажеттілігі
- •55. Педагогтың тұлғасының бойындағы құндылықтар
- •58.Мұғалім тұлғасының кәсіби сапалар
- •59.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті
46. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық қызметті таңдау мотивациясы
. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясыПедагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Бұл термин «мотив» сөзінің туындысы болып есептелінеді. Л.И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары, көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар – бір сөзбен айтқанда қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.Мотивация түснігін бір ғалымдар «тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты мен бағыттылығын, мазмұнын анықтайтын мотивтер, түрткі болған нәрселердің жиынтығы» ретінде тапшылайды. Басқалары, біз де олардың көзқарасына қосыламыз, мотивацияны мотивтердің әрекетінің үрдісі, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.Б. Н. Додонов 4 құрылымды құраушыны бөліп шығарған, мотивация құрылымы қызығушылық туғызады: іс-әрекеттің өзінен ләззат алу, тікелей нәтижесінің тұлға үшін мәнділігі, іс-әрекет үшін марапаттылықтың мотивациялайтын күші, тұлғаға күштеу қысымы.Мотивацияның жалпы аспектілері жайлы әңгімені аяқтай отырып, А. Маслоудың «қажеттілік үшбұрышын» келтірейік. Онда, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интербелсенді тәуелділігі, ал басқа жағынан – оның өздік бекіту мен байланысқан танымдық, когнитивті табиғаты (8-сұлбаны қараңыз).Жоғарыда аталғандай, педагогикалық мотивацияны, бір жағынан іс-әрекеттің мотивтер әрекетінің үрдісі ретінде, басқа жағынан, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.Мотивациондық бағыттар ретінде мұнда сыртқы мотивтер (мысалы, жету мотиві) және ішкі мотивтер (мысалы, үрдіске бағытталу мен іс-әрекеттің нәтижесі) шығуы мүмкін болады. Сыртқы мотивтер:белгілі бір оқу мекемесінде жұмыстың қадірлігі;жеке және маманды өсу мотивтерімен сәйкестендірілген еңбек ақысынң дұрыстығы;өзін-өзі бекіту;Сонымен қатар, мазмұны үлкен мен баланың өзара әрекеттесуі болып келетін педагогикалық іс-әрекетте доминанттау немесе билік мотиві сияқты бағыттылық пайда болады. Педагогикалық қабілеттерді зерттеушілердің біреуі билік мотивін доминанттылық қажеттілік ретінде анықтаған Г. А. Мюррейдің көзқарасына сүйене отырып, билік мотивінің педагогикалық іс-әрекетке қандай қатысы бар екенін шығарды. Ол доминанттылықты қажет етудің және оған сәйкес әрекеттердің негізгі қасиеттерін белгіледі. Доминанттылық қасиеттері немесе қажеттілік эффектілерін келесілерді қалаудан тұрады:
өзінің әлеуметтік айналасын бақылауды;кеңес, қызықтыру, пікір немесе бұйыру арқылы басқа адамдарды;басқа адамдарды өзіңнің қажеттіліктерің мен сезімдеріңе сай еліктіру;олармен серіктестікке қол жеткізуді;басқаларды өзіңнің ойларыңның дұрыс екендігіне нандыру;Бұл қалаулардан кейін Мюррей Г. А. Бойынша әрекеттер кетуі мүмкін мына топтарға бөлген.бейімдету, жүргізу, нандыру, көндіру, реттеу, ұйымдастыру, басқару жетекшілік ету, қадағалау, бағындыру, басшылық ету, билеу, кемсіту, шарттарды орындау, соттау, заңдарды орнату, нормативтерді орнату;мінез-құлық ережелерін құру, шешімдер қабылдау;Билік феноменінің теориялық талдау материалы негізінде Н.А. Аминов оның көзқарасынша педагогикалық үрдістегі ең бір маңыздысы билік мотиві көркемдеу үшін келесі түрлерін келтіреді.сый ақы билігі – күші күтумен анықталады, А (оқытушы) В (оқушының) мотивтерінің біреуін қаншалықты қанағаттандырады және А бұл қанағаттандырушылықты өзінің қалауындағы В мінез-құлқын өзінің қаншалықты тәуелділікке қояды.жазалау билігі, күші В (оқушының), біріншіден, қандай да бір мотивті фрустациялау (қалап тұрған мақсатқа жетуге ақталмаған және жеңе ала қоймайтын кедергілермен түсіндірілетін тұлғаның іс-әрекеті мен санасының психологиялық күйі)А (мұғалімнің) А үшін жағымсыз әрекеттер үшін жазалайтын шараны күтумен, екіншіден, А-ның мотивті қанағаттандырусыздықты В-ның жағымсыз әрекетінен қаншалықты тәуелді етіп қоюына байланысты анықталады.– нормативті билік – А (оқытушы) мінез-құлықтың белгілі бір ерекшеліктерінің сақталуын бақылау мен қажеттілігі туса өжеттенуге хұқығы бар В (оқушымен) шығарылатын нормалар жиынтығымен түсіндіріледі.– эталон билігі – В оқушыны идентификациялау және А-ға ұқсас болу қалауына негізделген. білімдер билігі – күші А-ға (оқытушы) В (оқушы) тарапынан оқылатын пән бойынша ерекше білім, сезімталдылық немесе пән ішінде оқыту машығының өлшеміне тәуелді.ақпараттық білім – А (оқытушы) В (оқушының) өзінің үйде немесе мектептегі мінез-құлқының нәтижесін жаңадан көруге мүмкіндік беретін ақпараты бар болғанда орын алады.Билік мотивіне жас ыңғайын талдау барысында Н. А. Аминов Мак-Клелландтың билікпен мотивтендірудің деңгейін бөліп көрсетумен қатар (ассимиляция, автономдық, өзіндік және өнімділік) әрбіреуін дамуының контексінде интерпретацияланғанын көрсетті.Осылайша, бірінші деңгейдің негізі «Бір нәрсе маған күш береді» болып бала мен ана қатынасы болып табылады. Билікке бағытталу тұрғысынан өмірдің кейінгі жылдары ол қолдап, қорғап, шабыттандырып, жандандырып, яғни индивидта өзінің күшіне сенімін арттыратын адамдар мен қарым-қатынасты білдіреді.Екінші деңгей «Мен өзім өзіме күш беремін» анадан тәуелсіз және өз мінез-құлқына бақылаудың суретіне байланысты балалық шақтың орта шеніне жауап береді.Үшінші деңгей «Мен басқаларға әсер қалдырамын» енді авторитеттері жоқ, үнемі достарын ауыстыратын, сайысқа қатысуы басқа адамдардан артық болу мүмкіншілігімен анықталатын жасөспірімді сипаттайды.Және де соңғы төртінші деңгей «Мен міндетімді орындағым келіп тұр» өмірін қандай да бір іске немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қызмет етуге арнайы ересек адамға сәйкес келеді.Әрине, педагогикалық іс-әрекет мотивациясын талдау үшін билік мотивінің дамуының соңғы деңгейі әсіресе қызығушылық туғызады. Н. А. Аминов педагогикалық іс-әрекетті таңдаудың мотивациондық негізінде билік мотиві әрқашан басқаларға бағытталғанын (білім арқылы көмек) арнайы ескертеді. Бұл педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығын болжау үшін де маңызды. Көмек көрсету ретінде альтруистік немесе әлеуметтік мінез-құлық Н. А. Аминов бойынша басқа адамдардың әл-ауқатына мақсатты бағытталған кез келген әрекеттер түсіндіріледі. Бұл позиция басқа негізде және басқа терминдерде болса да, мотивацияның гуманистикалық берілуімен ұйқасып келеді.
. 47. Жаңа формация мұғалімдеріне қойылатын кәсіби талаптар
«Жаңа формация педагогы - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н. Назарбаев.Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс - тәжірибемізде қолдану арқылы оқу - тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.Қазіргі ақпараттық құралдарды меңгермеген мұғалім «ескірген» немесе «ескі көзқарастағы» педагог деп аталды. Сондықтан қазіргі жаңа формация мұғалімі құзырлықтың төрт түрі: арнайы, әлеуметтік, білім беру, ақпараттық құзырлықты игерген болуы шарт. Оның барлығы да негізгі болады. Бірақ, жетекші - ол білім беру құзырлылығы, оның кәсіби шеберлігі.Жаңа формация мұғалімі:1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.
2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.
3. Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі.
4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.
5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.
6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады.
48. Педагогикалық этика, такт, техниканың мұғалімдік қызметте табысты жүзеге асырудың маңызы
Педагогикалық қатынас және оның мүғалімнің кәсіби қызметіндегі орның.Педагогикалық қарым-қатынас стиль.Педагогикалық такт-мүғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас стилін орнату ретінде.Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жену жолдары.Педагог этикасы мен әдептілік педагог қатынасының негізін салушы элемент. Педагог этикасының дәрежелері . Педагог этикасының дәрежелері . Педагог әдептілігі этикалық дәреже ретінде. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары.Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі.Сендіре білу тіл табысудың негізгі әдісі ретінде . Сендіре білу педагогтік әсер терудің әдісі ретінде. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі жанжалдар,олардың түрлері мен себептері . Дауларды шешу жолдары
