Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед мамае.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

55. Педагогтың тұлғасының бойындағы құндылықтар

Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.

Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді.

Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы [7]. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері.

Өткізілген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың құндылық иерархиясын анықтауға мүмкіндік берді.

Құндылық маңыздылығы оның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына байланысты. Терминалды құндылықтар қатарында респонденттер: жанұя, адамға жақсылық жасау, денсаулық құндылықтары, алдынғы орындарға қойды. Респонденттің 48,9% өмірдегі ең негізгі құндылық жанұя дейді. Жанұя институты өсіп келе жатқан ұрпақтың нормативті-құндылықтық әлеуметтік мәдени үлгілерді өңдейді. Егер бұл фактіні психологиялық аспектіде қарастырсақ жанұя ошағы адамға қорғаныс, комфорт сезімін әкеледі. әлеуметтік аймақтағы өзгерістермен бірге жүретін экономикалық реформа жағдайында некелік қатынастың маңызы өте зор.

Қазақстандықтардың құндылықтар жүйесінде ерекше орынды мінездің моральдік этикалық эталоны алады. Қазақстан Республикасы-полиэтникалық мемлекет және оның аумағында өмір сүретін халықтарға бір-бірінің мәдениетіне, дәстүріне, салтына деген толерантты қатынас тән. Сондықтан терминалды құндылықтар қатарында 42,2%-ды адамға жақсылық жасау құндылықтарды алғаны заңды.

Респоденттердің 39,5% тұлғалық маңызды құндылық ретіде денсаулықты атады. Денсаулық құндылықғының төменгі коэффициентін полиция, сот, прокуратура, ұлттық қауіпзіздік органдарының қызметкерлері көрсеткен [5].

Жұмыс адам өміріндегі құндылық арасында алғашқы орынға шығарды. Жұмыс істеу және әлеуметтік статус адам өмірінде маңызды рөл атқарады.

Педагогтың жұмысы өз әріптестерімен және оқушылармен өзара әрекет жасау үрдісінде өтеді. Педагогке мектеп бағдарға алған құндылықтар мен басшылардың тұлғалық позициялары мен көзқарастары әсер етеді. Мектепке қабылданған стильге байланысты жеке мұғалімдерде, индивидуалды құндылықтармен ұжымдық құндылықтар арасында туындаған конфликтілірге байланысты мәселелер пайда болады. Тұлғалық және ұжымдық көзқарастар арасындағы сәйкестік қолдаудан бастап келіспеушілікке дейінгі аралықты қамтиды.