Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті № 7

1) Өндірісті жоспарлаудың ұйымдастырылуы, принциптері және әдістері.

Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады;

-жалпы, яғни оның нақты мазмұнына байланысты болмайды;

-арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.

Жалпы қағидаларға уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын мынадай қағидаларды жатқызуға болады:

-мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді;

-паралельдік қағидасы, кәсіпорынның белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;

-пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады;

-тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;

-үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді;

-ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.

Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады:

А) ағындық (тасқындық);

Б) пратиялық (топтық);

В) бірлік.

Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады

2) Өнеркәсіп және оның техникалық-өндіріс базасы.

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.

Екі үлкен топтан – 1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.; 2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.

3) Салық жүйесінің сипаттамасы. Бюджетке енгізілетін салықтар және төлемдер.

ҚР-да 13 түрлі салық, атап айтқанда корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралы салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]