Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

3) Өнеркәсіптегі еңбек ресурстарының сипаттамасы. Еңбек нарығы, жұмыссыздық.

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Емтихан билеті № 9

1) Өндіріс қорының түрлері және оларды басқару.

Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.

Қорларды басқару – жұмыстың ең маңызды, әрі жауапты бөлігі. Кәсіпорын қызметінің барлық ақырғы нәтижелері осы қорлардың оңтайлылығына тәуелді болады. Қорларды тиімді басқару капиталдың айналымдылығын жеделдетуге және оның табыстылығын жоғарылатуға, қорларды сақтауға кететін ағымдағы шығындарды азайтуға, ағымдағы шаруашылық айналымынан капиталдың бөлігін – оны басқа активтерге қайта инвестициялай отырып босату болып табылады.

Қорларды басқару өнері – бұл:

- Тауарлы-материалдық құндылықтардың қор құрылымын және жалпы көлемін оңтайландыру;

- Оларға қызмет көрсетуі бойынша шығындарды барынша азайту;

- Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз ету.

2) Курстың негізгі міндеттері, құрылымы және мазмұны.

Пәннің мақсаты – материалдық өндірістің негізгі буыны болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорынның тиімді қызметін қамтамасыз етудегі өндірісті ұйымдастыру жөніндегі өзара байланысты маңызды мәселелер мен факторларды жан-жақты қарастыру және оқып-үйрену табылады.

Өндірісті ұйымдастырудың міндеттеріне өндірісті ұйымдастыру негіздерін меңгеру, өндірістік үдерістерді ұйымдастыруды жан-жақты өқып-үйрену, кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру, жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару механизмдерін үйрену мәселелері жатады.

Курс мазмұны инженерлік, техникалық мамандықтар бойынша студенттердің экономика және өндірісті қйымдастыруға қатысты теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]