- •Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны.
- •3.Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде.
- •4. Тұлғанын этнопсихологиялык детерминанты
- •О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:
- •Қазіргі заманға этносаралық қатынастардың психологиясы.
- •Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
- •16. Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
- •17 Қазіргі заманғы этнопсихология құрылымындағы этностық таптаурындар.
- •20. Этносаралық шиеленіс психологиясы (г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары
- •21. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты.
- •22. Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары.
- •24 .Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.
- •25. Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.
25. Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.
Этнопсихологияның тілмен, ойлаумен өзара байланысы жалпыға мәлім. Бұл мәселе ғылымда күшті талқыланады. Алайда халықтар, ең алдымен, әрине тіл бойынша ажыратылады және этнографияда халықтарды топтастырудың негізін этнолингвистикалық принцип құрайды. Сөйлесу тілінің қауымдастық тәсілі арқылы адамдар өзінің бірлігін саналайды.
Этнос мәдениеті және оның формасы этностық психологияның түрліше қалыптасуында маңызды рөлді ойнайды, ол сондай-ақ мәдениеттің дамуына да әсерін тигізеді. Этнос мәдениеті – бұл этностық психологияны материалды іске асыру формасы. Мәдениеттің және онымен байланысты мінез-құлықтық таптаурындардың қалыптасуы әрқашан көршілес халықтармен тығыз өзара әрекетінен болады. Бір этностың басқаларға деген қатынасына белгілі бір тобы әсер етеді; басқа халықтармен қатынасында басқа жиындар және басқа белгілер әрекет етеді.
Жазуда тіл рухы мен заңы ғана бейнеленіп қоймай, сондай-ақ халықтың өзіндік сана-сезімі, оның этностық психологиясы да бейнеленеді. Тіпті жазу түрлері, шеттен алынған немесе кірме сөздер негізінде құрылған, уақыт өте өзіндікі, өзгеше ретінде қабылданады (мысалы, монғолдардағы ұйғыр тілі). Мысалы, қытай психологиясы осы уақытқа дейін қытайдың тілдік ойлау ерекшеліктерімен байланысты және болған да.
Көп жылдар қазақтар мен орыстар кәрістердің қиын жылдарында күшті қолдау көрсетіп, бір-бірімен жақсы қарым қатынаста болады. Сондықтан да кәрістер осы екі ұлтпен жағымды қатынас сипатында болды. Кәрістер ұлтаралық қарым-қатынаста бірініші орыстар мен қазақтарды өздерінің түп тамырлары ұқсас болмағынымен де, өздерінің олармен психологиялық жақын екенін айтты. Олар өздерін орыстар мен қазақтың мәдениетіне қабылданғандығында өздерін Қазақстан Республикасының толық азаматы ретінде есептейді.
Қазақ ұлтының өкілдеріне келетін болсақ, қарым-қатынаста, тұлғааралық дистанцияны үйренуде, қазақтар орта деңгейдегі қарым-қатынаста және мәдениет қарым-қатынасында ашық екенін байқатады. Қазақтар 60 см қашықтықта бір-бірімен әңгімелеседі және қазақша сөйлейтін қазақтар өз тілінде сөйлейтін адамдарға жақындағысы келеді, қарым-қатынасты жақсы ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл ара қашықтық адаммен қаншалықты таныстығында және сол жердегі жағдайға байланысты. Позитивті қарым-қатынас жақын қарым-қатынаста, ал негативті – алыс дистанцияда болады. Әйелдер үшін еркектерге қарағанда жақын қатынаста көп болады.
Қазақтың ұлтаралық қарым-қатынасында мынадай қарама-қайшылықтар бар. Қазақ тілінде сөйлейтін қазақтар көбінесе басқа ұлттарға қарағанда жақын, тығыз ара қашықтықта болады екен. Ал орыс тілінде сөйлейтін қазақтарда өзінің қарым-қатынас аймағына өздері сияқты орыс тіліндегі қазақтарды жібереді. Ал олар қазақ тіліндегі қазақтармен қарым-қатынаста өзара тұлғалық дистанция сақтайды. Өйткені олар өздерінің қазақ тілінде сөйлей алмағандықтаынан өз ойларын толық жеткізе алмайды, сөйлесе де акцентпен сөйлейді, сондықтан да дискомфорт пайда болады. Өздеріне сенімсіз болып, ұялады.
Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этно психологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этникалық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстартілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этнокультуралогиясы бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы модулінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады. Г.У. Кценова этникалық сана сезімдерді әлеуметтік топтардың этно мәдени болмысқабелгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың
