- •Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны.
- •3.Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде.
- •4. Тұлғанын этнопсихологиялык детерминанты
- •О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:
- •Қазіргі заманға этносаралық қатынастардың психологиясы.
- •Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
- •16. Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
- •17 Қазіргі заманғы этнопсихология құрылымындағы этностық таптаурындар.
- •20. Этносаралық шиеленіс психологиясы (г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары
- •21. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты.
- •22. Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары.
- •24 .Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.
- •25. Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.
24 .Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.
Ана тілі – этнопсихологияның басты проблемасының бірі. Тіл - өзіндік дүниетанымның басты көрінісі. Мемлекеттік тіл, оның этнопсихологиялық аспектілері.
Тоқырау жылдарындағы қоғамдық дамудың өрескел іркілістері мектеп және халық ағарту саласында кеселді көрініс тапқанын атап көрсету қажет. Қазақ алфавитінің жиі өзгерістерге душар болуы, қазақ халқының молрухани мәдениеті мен баға жетпес халықтық тәлім-тәрбие үлгілерін мансұқ ету, тарихи сабақтастық принциптерінің бұзылуы қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуын ғана тежемей, бүкіл ағарту ісі мен ұлттық мектептің дамуына да орасан залалын тигізді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасында көрсетілгендей, елімізде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық сананың қалыптасуына ерекше әсер еткені хақ. Бірақ, жасыратыны жоқ жылдар бойына зардап шеккен қасиетті ана тіліміз - әлі де болса шын мәнінде ғылым тіліне айнала қойған жоқ. Ұлттық ғылым тілінің ойсырауы – Мемлекеттік тілдің мәртебесіне абырой әпермейтіні белгілі. Ғылым тілі жасалмайынша ана тілімізде оқу құралдарын шығару, қазақша жазатын кадрлар даярлау ісін дұрыс шеше алуымыз қиын.
Термин, яғни ғылыми атаулар мәселесі – ұлттық егемендік пен тәуелсіздіктің іргетасы құрылымдарының бірі өйткені, тіл – еліміздегі ғылымның сан алуан салаларының даму деңгейінің өлшемі.
Қазақстанның ұлттық мектептерінің оқу бағдарламаларының өн бойына өзек болып тартылатын басты талап – яғни мектепке дейінгілерді тек ана тілінде оқыту проблемасы. Мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті – тек ана тілінде оқытып тәрбиелеу-гуманистік құқықтық мемлекеттің идеясына сәйкес басты принцип. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың қалыптасуын ежелгі тасқа жазылған дастандардан бастайды. Қазақ этнопсихологиясы соңғы жылдары ғылыми жүйеде дамып, қалыптасып келеді. Ұлттың – ұлт болып қалыптасуы оның тілі мен мәдениетіне тікелей байланысты болып табылады.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.
