Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурак жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

22. Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары.

Топаралық қатынастар конфликтілердің үздіксіз байланыстары мен бірлескен жұмыстан құрастырылады, бірақ қандай да болмасын қоғам үшін басты мәселелер болып көптеген конфликтілер жатады. Біз – «топаралық конфликт» дегенде ойымызға бірден, революция, діни ұстамсыздық, этноаралық қақтығыстар, жыныстар арасындағы бәсеке, қиын еңбек ұрсыстары келеді. Орыс-американдық әлеуметтанушы П. Сорокин 24 сағат ішінде адамзат тарихында 4 достық сағатқа 1 конфликтілі сағат келетінін санады. Топаралық конфликілер (кең мағынада әлеуметтік) арасынан келесілерді бөліп шығарамыз:

  • Саяси конфликтілер, бұнда күрделі билік, басымдық, әсер ету, авторитет;

  • Әлеуметтік-экономикалық (тар мағынадағы әлеуметтік) – «еңбек пен капитал» арасында, мысалы кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында;

  • Этникалық – этникалық қоғамдастықтардың мүдделері мен құқықтары туралы.

Сонымен, этникалық қоғамдастықтар арасындағы конфликтілер ең маңыздыларың бірі болып табылады. Бірақ та, В.А. Тишков айтқандай, этникалық конфликтілер «таза» түрінде болмайды. Тіпті конфликтолог-мамандар көп жағдайда бір көзқарасқа келе алмайды, себебі олар дәл қандай конфликтімен кездесетіндігімен толық түсінбейді. Тишков пікірінше, бұрынғы КСРО территориясындағы барлық ашық конфликтілерді этникалық категорияға кіргізуге болады. Әлеуметтанушылар, саясаттанушылар мен этнологтар конфликтіні басқа феномендерден бөліп шығуға ұмтылып, оны көп жағдайда сәйкес келмеген әрекеттердің соқтығысқан топ арасындағы реалды күрес ретінде ғана қарастырады. Конфликтіні бұлайша түсінсек, ол қарама-қарсылықтардың шыңына келудің шеткі нүктесі болып табылады. Бірақ конфликт динамикасын есепке алатын психолог көзімен топ аралық қарама қарсылықтардың өзі конфликтінің бір кезеңі ғана болап табылады – оны көбінесе объективті конфликтілі жағдай деп атайды. Нақты айтқанда, Жерде барлық орындарда этникалық қоғамдастықтар расында қарама-қарсылықтар кездеседі – кең мағынада этноаралық тұрақсыздық. Өкінішке орай, онсыз бірде-бір полиэтникалық қоғам өмір сүрмейді. Бар әлеуметтік қарама-қарсылықтар конфликтілі әрекеттер себебінің ішінде шешуші роль ойнаса да, онымен тікелей байланысты емес: конфликтілі әрекеттер қарама-қарсы жақтар өз мүдделерінің сәйкес келмегендігін түсінгенде пайда болады. Басқаша айтқанда, конфликтіні санаан өткізу және эмоциялардың пісіп-жетілу кезеңі өте маңызды. Көбінесе конфликтілер өзара әрекеттесу басталмас бұрын көп жылдар өтеді. Егер де объективті конфликтілі жағдай санадан өткізілсе, тіпті күрделі жағдайлар конфликтінің неғұрлым шеткі кезеңі ретіндегі конфликт өзара әрекеттесуге әкеп соғуы мүмкін.  Конфликтілі өзара әрекеттесу кезінде этникалық конфликтілердің өсу немесе эскалация тенденциясы байқалады, яғни жақтар «жеңілден» «ауыр» тактикаға көшеді: зорлықсыз сипаттағы көпшілік әрекеттерден (митинг, манифестер, «азаматтық тәртіпсіздік» акциялары) қанды соғыстарға дейінгі қақтығыстарға әкеп соғады (мысалы, қырғыздар мен өзбектер арасындағы), тіпті этносаяси соғыстарға әкеледі (армяндық-азербайджандық, грузинік-абхаздық). Әлеуметтанушы және саясаттанушы көзімен, этникалық конфликтінің бұндай анықтамасы нақты емес болып табылады. Бірақ әлеуметтік бәсекені қосқан кезде оны түсіндіру неғұрлым кешенді болып табылады, себебі тікелей қақтығыстарға әкелуі мүмкін когнитивті және мотивациялық процестерге талдаужасалынады.  Этноаралық қатынастар психологиясында үш негізгі мәселелер зерттеледі: конфликтілер қалай пайда болады, өтеді және оларды қалай реттеуге болады. Оларды әр түрлі ғылымдар зерттейтіндіктен, оның себептерін іздеумен әлеуметтанушылар да, саясаттанушылар да, психологтар да айналысады. Әлеуметтік тұрғыдан конфликтінің пайда болу себептерін түсіндіргенде қоғам мен тұрғындарың этникалық жататындығымен әлеуметтік стратегияның өзара байланысына талдау жасалынады. Саяси тұрғыдан – ең тараған трактовка интеллектуалды және саяси элиталардың этникалық сезімдерінің, этноаралық тұрақсыздық пен оның ашық конфликт деңгейіне дейінгі эскалациясында. Психологияды этникалық конфликтілердің себептері жалпы теория шегінде қарастырылады. Барлық психологиялық концепциялар топаралық конфликтілердің әлеуметтік себептерін әлеуметтік бәсеке себебіне және әрекеттер мен/немесе түсініктерде көрініс табатын дұшпандық сезімінде табады. Ағылшын тілінде соған байланысты себептердің екі түріне байланысты түрлі сөздер бар: «reason» (конфликтілі әрекеттердің не үшін болатынына байланысты) және «cause» (қастандыққа және топаралық бәсекеге әкелетін құбылыс). Топаралық конфликтілердің барлығында reasons бар және де бұл, психологтардың ойынша, белгілі бір ресурс үшін қызығушылықтар конфликтісі болып табылады, сондықтан бұны басқа ғылымдар өкілдері зерттейді.  Британдық психологтар кейбір топаралық конфликтілер объективті себептерден (топтар реалды жақсылықтар үшін күреседі) туындайды дейді. Конфликтілер себебін іздеуден басқа топаралық қатынастар психологиясы тағы бір сұраққа жауап іздейді: конфликтілер қалайша өтеді, өту жолында конфликтілі жақтар қалай өгереді? З. Фрейд пікірінше, адами агрессиялар бағытын соғыс түріне келмейтіндей етіп өзгеруі қажет. Бұнда адам арасында иденттілік арқылы эмоционалды байлансытарды орнату жатады, оны Фрейд сезім ортақтастықтарына жету деп қарастырған. Австралиялық зерттеуші К.Лоренц агрессияға қарсы тұрушы ең қатты күштерге келесіні жатқызады:

  • Түрлі үлттардың жеке танысуы;

  • Адамдардың бір идеалға сенуі.