Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНФЕКТОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

16)Антропонозды және зоонозды инфекцияны өзара салыстырыңыз.

Антропоноздар — адамнан адамға жұғатын инфекциялы аурулар . Антропоноздар ішек-қарын жолдарының (полиомиелит, А-гепатиты, рота- вирустық гастроэнтерит және т.б.), тыныс жолдарының (грипп, парагрипп, қызылша, шықшыт безінің қабынуы, қы- замық және т. б.) аурулары және жұғу жолдары әлі толық зерттелмеген жұқпалы аурулар (В гепатит, гепатиттің А да В да емес түрі, СПИД) жатады. Антропоноздар - қоздырғышы тек адамның өзінде орналасатын жұқпалы аурулар. Күл, көкжөтел, скарлатина, алапес, легионеллез, стафилококкты, стрептококкты, пневмококкты, гемофильді, микоплазмалы инфекциялар, хламидиоздар, пневмохламидиоз – антропонозды аурулар.Мысалы ретінде қызылшаны атап өтсем .Қызылша – қоздырғышы аэрогенді механизммен берілетін, қызбамен, интоксикациямен,  дақты-папулезды бөртпелермен,  энантемамен, жоғары тыныс алу жүйесінің зақымдалуымен, конъюнктивитпен сипатталатын антропонозды жедел респираторлы  вирусты жұқпалы ауру. Этиологиясы – қоздырғышы Polinosa morbillivirus, парамиксовирустар тобына жататын, тек жасуша дақылдарында өсетін (адам эмбрионы немесе маймыл бүйрек жасушасында) вирустар. Қоршаған ортада төзімсіз,  60 градустан жоғары температурада, күн сәулесі, ультракүлгін сәулесі, дезинфекциялық заттар әсерінен тез өледі. Қоздырғыштар үшін қолайлы температура -15-20 градус. Инфекция көзі - ауру адам. Ауру адам жасырын  кезеңінің соңғы 2 күндері, катаральді кезеңде, бөртпе шыққаннан кейін 4-5 күнге дейін жұқпалы болады. Барлығы 9-10 күн аралығында жұқпалы болады.  Вирустасымалдаушылық болмайды Берілу механизмі – аспирациялы, берілу жолы - ауа-тамшылы. Ауруды жұқтыру науқаспен қатынаста болу уақтынан және бөлменің тығыздығына  байланысты. Қызылша ауруы тек бір бөлме ішінде таралып қана қоймай, ашық есік-терезе, желдету каналдары арқылы төбедегі қабаттарға таралуы мүмкін. Диагностикасы.  Вирусологиялық әдіс  ,ГАТР , ИФА .  Патогенезі және клиникасы. Қоздырғыштар денеге тыныс алу жүйесінің шырышты қабаттары арқылы түседі, жасырын кезең ішінде қанмен лимфа жүйесіне түседі, онда жиналып қайта қанға түседі. Қан ағымымен тыныс алу жүйесіне, мұрын-жұтқыншаққа таралады, сыртқы тері мен шырышты қабаттарда бөртпе түрінде көрінеді. Инкубациялық кезеңі 8-17 күн, иммундыглобулин қабылдағандарда 21 күнге созылады. Ауру 4 кезеңде өтеді: жасырын кезең; катаралды кезең; бөртпе кезеңі; жазылу кезеңі.  Зооноздар (зоо... және гр. nosos – ауру) – әр түрлі жабайы және үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары. Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері – бактериялар , вирустар , рикетсиялар ,саңырауқұлақтар , қарапайымдар , құрттар, паразиттік жәндіктер жатады.Зооноздар этиологиясы бойынша бактериальды (бруцеллез,оба, туляремия,сальмонеллез,сібір жарасы хламидиоздар) ,Вирусты (геморрагиялық қызбалар,құтыру ) , прионды (Скрептер , губка тәріздес энцефалопатия).Зооноздарды екі топқа бөледі:1) үй жануарларынан жұғатын зооноздар (сальмонеллез, сарып, аусыл, лептоспироз, маңқа, мелиоидоз, орнитоз,аспергиллез, трихофития, микроспория, балантидиаз, токсоплазмоз, т.б.);2) жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар (оба, туляремия, кене энцефалиті, риккетсиоз, трипаносомоз, т.б.).Ең жиі зооноз қоздырғышы жануар қанында шоғырланады. Таралуы жағынан белгілі бір тұрақты аймақтармен шектелетін зооноздарды табиғи ошақтық инфекциялар деп атайды. Зооноздар қоздырғыштары эволюциялық даму барысында белгілі бір жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Кейбір аурулардың қоздырғыштары адамдар мен жануарлардың организмінде тұрақты айналыста болып, түр ретінде сақталуға бейімделген. Ондай қоздырғыштар ауруларын антропозооноздар немесе зооантропоноздар дейді (дене сарғаю қызбасы, африкалық және америкалық трипаносомоз, тениоидоз, описторхоз, т.б.). Зооноздар адамнан адамға сирек жағдайда жұғады (мысалы, оба ауруы кезінде), көбінесе, адамдарға жануарлардан жұғады. Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне (мысалы, саршұнақтардың, кенелердің көктемгі-жазғы белсенділігінің күшеюі) байланысты зооноздардың маусымдық таралуы байқалады (мысалы, оба індеті, кене энцефалиті, т.б.). Қоздырғыштар сүт, сілекей, несеп, қи арқылы тарайды. Зооноздар ауырған жануарлардың өзінен немесе олардан алынған өнімдерден дайындалған азық-түліктен, ауру малдың қи-несебімен, ласталған судан, жемнен, қорадан, жайылым топырағы арқылы, сондай-ақ маса, бүрге, сона, шыбын-шіркей, кене шаққанда жұғады. Бұл ауруларға қарсы күрес жүргізуде санитарлық-малдәрігерлік шаралар: ауырған малды дер кезінде анықтау, оларды сау малдан оқшаулау; ауру малдың сүтін сатуға және ветеринарлық бақылаудың рұқсатынсыз союға тыйым салу, малды алдын-ала егу, т.б. басты рөл атқарады. Залалсыздандыру шараларын жүргізудің және жеке бастың тазалық ережелерін сақтаудың маңызы зор

17.Инфекциялық механизмдер және тасымалдау жолдары. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының берілу факторлары мен берілу жолдарының мынандай 6 механизмдері бар: 1.аэрогенді (респираторлық) немесе ауа-тамшы жолы арқылы берілу механизмі; 2.фекальді-оральді берілу механизмі кезінде инфекция ішекте жинақталады, ауыз арқылы тағам мен сумен еніп,локализациясы ас қорыту бөлімінде өтеді,(мыс:дизентерия,диарея,холера); 3.қан арқылы(трансмиссивті) берілу механизмі жәндіктердің шағуы арқылы беріледі, инфекция қақпасы тері.(безгек ауруы, чума т.б); 4.контакты берілу механизмі 2ге бөлінеді: тура контакт: құтыру,ветеринариялық аурулар және тура емес контактке гангренаны айтсақ болады. Әр түрлі антропонозды, зоонозды, сапронозды механизмдермен берілетін ауруларда контактты тасымалданады. 5.вертикальді б.мех анадан балаға берілетін аурулардың тасымалдану жолы, көптеген вирустық ауруларды мысалға ала аламыз; 6. гемобайланысты б.мех;

Қоздырғыштарының берілу факторлары мен берілу жолдарының механизмдеріне

байланысты Л.В. Громашевский инфекциялық ауруларды төрт топқа жіктеуді ұсынды: 1 топ - аэрогенді (респираторлық) немесе ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулар. (мысалы, тұмау, шешек) 2 топ - фекальді-оральді берілетін инфекциялық аурулар. (мысалы, ішек инфекциялар). 3 топ - қан арқылы(трансмиссивті) берілетін инфекциялық аурулар. (мысалы, малярия, кене энцефалиті). 4 топ - контакты жолмен берілетін инфекциялық аурулар. (мысалы, венериологиялық инфекциялар).

18. Громашевский бойынша инфекцияның тасымалдану жолдарына анықтама беріңіз, мысалдармен дәлелдеңіз. Клиникалық практикада ең ыңғайлы, әрі көптеген ғалымдардың келісімін тудырған Громашевский классификациясы ертенден кеңінен қолданылады. Бұл классификацияның ашылуы – әлемдік ғылым саласында үлкен жаңалық болып, автор эпидемиология, инфектология, жалпы патология мен нозология ғылымдарын теориялық жағынан бір – біріне ұштастырды. Л.В. Громашевский классификациясының басты критериі қоздырушы инфекциялардың берілу механизмі мен оның қожайын организімінде локализациялануы болып табылады. Бұл клиникалық жағдайда аурудың патологиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен Громашевский классификациясы бойынша инфекциялардың таралу жолының 6 түрі бар: 1) Фекальді – оральді; 2) Ауа тамшылы жол немесе аэрозолді; 3) Трансмессивті; 4) Контактты; 5) Вертикальді; 6) Гемобайланысты. 1) Фекальді – оральді жол арқылы инфекциялар ауызға түсіп ішек жолдарына барады. Инфекциялар ішекте жиналып, құсу арқылы және фекалий бөлінуі арқылы көрініс береді. Мысалы, холера, дизентерия, сальмонеллёз, эшерихиоз ауруларын жатқызамыз. Жұғуы лас суды, таза емес тағамдарды пайдаланған кезде болады. I –подгруппа: кәдімгі ішек инфекциялары, мысалы дизентерия; II – подгруппа: токсин инфекция, мысалы ботулизм; III – подгруппа: қоздырушыны ішектен тыс тарататын инфекциялар; IV – подгруппа: қанға түсіші ішек инфекциялары, мысалы бруцелез. 2) Ауа тамшылы жол немесе аэрозолді тарулу жолы – инфекция сілемейлі тыныс алу қабаттарында орналасу арқылы организмді ауруға шалдықтырады. Бұл жағдайда инфекция ауа арқылы таралады. Мысалы: туберкулез. Кох таяқшалары ауаға жөтелгенде 1.5 метрге таралып, 30 минут бойы сақталып тұрады. Туберкулездің ашық формасында: ОРЗ, грипп болады. Инфекция көзі: жөтел (1 метр), сойлесу (20 см), түшкіру. Аденовирусты инфекция, коклюш, корь, ветрянкалық оспа ауруларын туындатады. 3) Трансмессивті таралу жолы – насекомдар, буынаяқтылар арқылы қанға және лимфа түйіндеріне түседі. 1) Антропонозды – бөртпелі және қайтымды тиф; 2) Зоонозды – туляремия, кене энцефалиті; 3) Қоздырушысы адам және жануар – оба сібір жарасы. 4) Контактты таралу жолы – адамдардың тұрмыстық заттарды ортақ пайдалануынан жұғады, мысалы, орамал, тіс щеткасы, сабын, ваннаға арналған мачалкалар сияқты жеке гигиеналық заттарды бірнеше адамдардың ортақ пайдалануы арқылы жұғады. Берілу жолдары: тікелей – жыныс арқылы берілетін аурулар, тікелей емес – сыртқы орта факторларының әсерінен. 5) Вертикальді жол –анадан балға берілетін инфекциялық аурулар. Мысалы, қызылша, цитомигалия, гепатит В.

19.Антибиотиктер ұғымына түсініктеме бер, қысқаша тарихына сараптама бер. Антибиотиктер(гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) организмнің әртүрлі топтарынан (бактерия, саңырауқұлақ, жоғары сатыдағы өсімдіктер, жануарлар) түзіледі.Алғаш рет А.Флеминг шотлант микробиологы антибиотикті ашты. Оны медицинада кеңінен қолдана бастады. Ғылыми әдебиетке антибиотик терминін 1942 жылы Ваксман енгізген. Бұл терминнің сөзбе сөз аудармасы тек ғылыми Лексиконға емес, күнделікті қолданысқа енгізілді. Анти/р. организмнің тіршілік етуге қабілетті арнайы өнімі немесе олардың модификациясы микроорганизмдердің белгілі тобына қарағанда жоғары физиологиялық белсенділікке ие. антибиотик вирустың немесе қатерлі ісіктің өсуін толығымен жойып жібере алады немесе тежей алады. Антибиотикпен емделгенде адамда қабылдау мөлшеерін аз қолдану және олардың арнайы биологиялық әсер етуі болып табылады.Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.А/р организмнің тіршілік ету процесінде түзілетін шынайы ерекше заттар. Олар клетка метаболимінің соңғы өнімі б.т. Антибиотиктік заттардың түзілу ерекшеліктері олардың продуценттерінің зат алмасу үрдісінің түрі. Басқаша айтқанда әрбір антибиотик бір немесе бірнеше, бірақ микроорганизмдер толық анықталатын штамынан түзіледі. Микроорганизмдердің сәйкес түрі тіршілік ету үрдісіне бір немесе бірнеше антибиотиктерді синтездей алады. Алғаш рет Д.Г.Звягинцевтің, К.А.Виноградовтың және т.б. тәжірибелерінде антибиотиктердің топырақта пайда болатыны анықталды. Мысалы, люминесцентті антибиотик түзетін гелиомицин Streptomyces olivocinereus, актиномицеттердің топырақта дамыған антибиотик синтезін нақтылы көрсетті. Табиғи жағдайда түзіле отырып, антибиотиктер топырақта белгілі уақытта сақталады және экологиялық жағынан тиімді екенін көрсетеді, яғни, продуценттердің бейімделуіне қызмет етеді. Клеткада түзілетін биологиялық белсенділік заттардың бір функциясы тіршілік етуде қорғаныш ролін атқарады. Қазіргі кезде әртүрлі микроорганизмдер тобынан және антибиотик құрылымының химиялық модификациясының нәтижесінде негізделіп алты мың антибиотик заттар сипатталған. Антибиотиктердің көбі актиномицеттен түзіледі. Актиномицеттер синтездейтін жаңа антибиотиктердің сипатталуы жалғасуда. 1956-1976 жылдар аралығында актиномицеттер түзген, солардың қатарында адриомицин, алмамицин, блеомицин, гелиомицин, урамицин секілді қырыққа жуық жаңа антибиотиктердің шығарылғаны белгілі. Антибиотиктердің ерекше/і: біріншіден, антибио/р тіршілікке қажетті, спирттер, органикалық қышқылдар, кейбір басқада өсуіне әсер ететін микроорганизмдердің түрлері, сондай ак жоғары белсенділікке ие. Грам оң бактериялары бәсеңдету үшін эритромицин антибиотигінің минимальды концентрациясының не бәрі 0,01-0,25 мм ғана қажет. Осындай аз концентрациясы бар спирт немесе органикалық қышқылдар ингибирленетін бактерияға ешқандай әсер ете алмайды. Екіншіден, антибиотиктік заттар биологиялық әсер ету әрекетін таңдайды. Бұл организмдердің бәрі антибиотикпен байланыса отырып, оның әрекетіне сезімтал бола бермейді. Осыған байланысты микроорганизмдер екіге бөлінеді: белгілі бір антибиотикке сезімтал және антибиотикке резистентті. Биологиялық қасиетіне байланысты антибиотиктер екі топқа бөлінеді: кең спектрлі антибиотиктер және қысқа спектрлі антибиотиктер.

20.Аминогликозидтер ұғымына түсінік бер. Мысал келтір.Көптеген аминогликозидтер антибиотиктер болып келеді. Олар органикалық заттар тобы. Аминогликозидтер химиялық құрамы жағынан спектиномицинге ұқсас, бактерицидті антибиотик. Аминогликозидтер шығу тегі табиғи немесе жартылай синтетикалық болатын антибиотиктерден тұрады. Олар кең спектрлі антибиотиктерге жатады және грам теріс аэробты микроорганизмдерге активті б.с. Олар ешқандай аллергиялық реакция туғызбайды, бірақ жоғары токсинді болып келеді. Аминогликозидтер қазіргі уақытта үш топтан тұрады: І, ІІ, ІІІ топ(поколение). І топ стрептомицин, канамицин, неомицин. ІІ топ гентамицин, тобрамицин, нетилмицин, сизомицин. ІІІ топ амикацин. Ең алғашқы да аминогликозид стрептомицин болған, стрептомицин 1944 жылы Streptomyces griseus актиномицеттен алынған. Екінші пенициллин, ол антибиотик 1957 жылы канамициннен алынған. Актиномицеттік антибиотиктің бұл тобына кіретін молекулалы гликозид байланысы бар: стрептомицин, неомициндер Streptomyces fradiae, гентамициндер, фортимициндер, спорарицин, саннамициндер продуценті болып Str.sannanensis саналады және кейбір басқа заттар. Стрептомицин актиномицеттің бір түрінен алынатын антибиотик. Стрептомицин оба, бруцеллез, туляремия қоздырғыштарына қарсы активті болып келеді. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол клеткаға нашар сіңеді. Дегенмен, ол клеткадағы тотығу үрдісін шапшаң тоқтатады. Стрептомицин тұз және күкірт қышқыл тұздары түрінде өндіріледі. Медицинада бұл антибиотик аса маңызды. Канамицин туберкулезге қарсы қолданылатын антибиотик, стрептомицинге Mycobacterium tuberculosis қарағанда белсенділігі жоғары. 1972 жылы химиялық модификация канамицин амикацинді алды. Бұл жартылай жасанды антибиотик резистенті канамицинге, гентамицинге және кейбір басқа да аминогликозидке сезімтал патогенді бактерияның өсуін бәсеңдетеді.

21)Антибиотиктердің өзара айырмашылығын атаңыз, бірінші топқа жататын антибиотиктерді өзара салыстырыңыз отырып, модификацияланған антибиотик түсінігіне анықтама беріңіз, пенициллин антибиотигінің формуласын көрсетіңіз.Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.Бірінші антибиотикті 1929 ж ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Флеминг көгеру саңырауқұлағы Пенициллиум нотатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады.Биологиялық қасиетіне байланысты антибиотиктер екі топқа бөлінеді:1) Кең спектрлі антибиотиктер; 2) Қысқа спектрлі антибиотиктер.Бірінші топқа жататын Пенициллин және Стрептомицин антибиотигін салыстырып қарастырайық.Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин— түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа да вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) — бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=400000бр.Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.

Бензилпенициллин химиялық қосынды сұлбасы

Стрептомицин –актиномицеттің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тірршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен, ол жасушадағы тотығу үрдісін шапшаң тоқтатады.Стрептомицин тұз және күкірт қышқыл тұздары түрінде өндіріледі.Медицинада бұл антибиотиктің аса тиімді екені толық дәлелденді.

Алғаш рет модификацияланған антибиотик – метициллин 1960 жылы алынды.В 1972 жылы канамициннің химиялық модификацияланған түрі- амикацин алынды. Акамицин - канамицинге,гентамицинге және т.б. аминогликозидтерге тұрақты патогенді бактериялардың өсуін бәсеңдететін жартылай синтетикалық антибиотик. Бұл антибиотиктердің химиялық модификациясы олардың хромофорлы құрылымын өзгертумен байланысты. Табиғи жолмен алынған антибиотиктермен қатар, модификациялық жолмен алынған жартылай синтетикалық препараттар маңыздылығы артып келеді. Олардың қатарында жартылай синтетикалық пенициллиндер (оксациллин, диклоксациллин, карбенициллин), төртінші қатарлы цефалоспориндер, эритромицин және т.б. антибиотиктер бағалы болып саналады. 2005 жылы тетрациклиннің модификацияланған түрі- тайгециклин алынды. Бұл антибиотик бактерия клеткасына енгеннен кейін, клеткада қалады. Тайгециклин тетрациклинге тұрақты патогенді бактерияларға күшті әсер етеді. Бірақ A. baumannii штамдары тайгециклинге тұрақты екендігі анықталды.

22) Антибиотиктердің өзара айырмашылығын атаңыз, екінші топқа жататын антибиотиктерді өзара салыстырыңыз отырып, модификацияланған антибиотик түсінігіне анықтама беріңіз, тетрациклин антибиотигінің формуласын көрсетіңіз.Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.Бірінші антибиотикті 1929 ж ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Флеминг көгеру саңырауқұлағы Пенициллиум нотатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады.Биологиялық қасиетіне байланысты антибиотиктер екі топқа бөлінеді:1) Кең спектрлі антибиотиктер; 2) Қысқа спектрлі антибиотиктер.Тетрациклин және Хлорамфеникол антибиотигін салыстырып қарастырайық.Тетрациклин. Тетрациклиннің бұл тобына жататын бір қатарлы, химиялық құрылымы жақын және антибиотиктік әсері кең аумақта болатын қосылыстар.Тетрациклиннің аз ғана концентрациясы ақуыз синтезін , ал жоғары концентрациясы нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейді. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қолдануға болады. Сондай-ақ тыныс жолдары ауруларына,зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа,холераға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға және басқа да органдарының қабынуына қолдануға да болады. Тетрациклин жай салқын тиіп ауырғанға көмектеспейді.

ХЛОРАМФЕНИКОЛ(левомицетин, хлоромицетин)Streptomyces venezuelae бактериаларынан алынатын(1947 жылы), көптеген микроорганизмдерге қарсы әсер ететін антибиотик.Дизентерия, брюшной тиф,менингит, бруцеллез , туляремия және т.б. ауруларға қарсы қолданылады.­Өте улы және кері әсері өте қатерлі.Активтілігі өте жоғары.Грам теріс және грам оң бактерияларға, спирохеталарға, хламидияларға қарсы активті болып келеді.Пенициллинге, стрептомицинге, сульфаниламидаларға тұрақты микроорганизмдерге әсер етеді.

Алғаш рет модификацияланған антибиотик – метициллин 1960 жылы алынды.В 1972 жылы канамициннің химиялық модификацияланған түрі- амикацин алынды. Акамицин - канамицинге,гентамицинге және т.б. аминогликозидтерге тұрақты патогенді бактериялардың өсуін бәсеңдететін жартылай синтетикалық антибиотик. Бұл антибиотиктердің химиялық модификациясы олардың хромофорлы құрылымын өзгертумен байланысты. Табиғи жолмен алынған антибиотиктермен қатар, модификациялық жолмен алынған жартылай синтетикалық препараттар маңыздылығы артып келеді. Олардың қатарында жартылай синтетикалық пенициллиндер (оксациллин, диклоксациллин, карбенициллин), төртінші қатарлы цефалоспориндер, эритромицин және т.б. антибиотиктер бағалы болып саналады. 2005 жылы тетрациклиннің модификацияланған түрі- тайгециклин алынды. Бұл антибиотик бактерия клеткасына енгеннен кейін, клеткада қалады. Тайгециклин тетрациклинге тұрақты патогенді бактерияларға күшті әсер етеді. Бірақ A. baumannii штамдары тайгециклинге тұрақты екендігі анықталды.

23 Кең спектрлі және қысқа спектрлі антибиотиктенр ұғымын түсіндіріңіз,өзара айырмашылығын көрсет,мысал келтір. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген.Әсер етуіне байланысты антибиотиктер кең спектрлі және қысқа спектрлі б.б. Антибиотиктер инфекциялық микроорганизмдермен эффективті қарым қатынас жасайды,сонымен бірге грам оң және грам теріс бактериялармен де. Грам оң және грам теріс бактериялармен тығыз қарым қатынасы кең спектрлі антибиотиктер деп аталады. Кең спектрлі антибиотиктерді қолдану: кейбір дәрілік препараттарға резистентті және басқа антибиотиктер әсер етпеген жағдайда бактериялардың көзін жою үшін,суперинфекцияларды жою үшін,яғни бірнеше бактерия қосылып бір ауруды туғызғын жағдайда. Кей жағдайда адамға өлім қаупі келген жағдайда кең спектрлі антибиотиктер қлолданылады. Мысалы мененгит. Басқа антибиотиктерге қарағанда қолдану аясы кең,олардың қысқа спектрлі антибиотикке қарағанда емдеу алдында патогенді микроорганизмдерді азайтады. Кемшіліктері:1жасқа толмаған балалар қолданса астма аурыуына шалдығады,дәрілік препараттарға сезімталдығы жойылады,көп қолданған жағдайда токсикалық:ожж,есту нервтерінің бұзылу жағдайына әкеледі,аллергиялық реак.тудырады. кең спектрліантибиотиктер:Амоксициллин,Левофлоксацин,Гатифлоксациллин,Стрептомицин,Тетрациклин. Қысқа спектрлі антибиотиктерге пенцеллин,Противотуберкулезные (стрептомицин, рифампицин, флоримицин) Противогрибковые (нистатин, леворин, амфортерицин В, батрафен) Против простейших (мономицин),Противоопухолевые (актиномицины)Қысқа спектрлі антибиотиктер грам + бактериялармен коккаларға-стафилококкаларға,стрептококкаларға,әсер етеді. Кейде грам теріс бактерияларға ,ішек таяқшаларына (цефалоспорины III поколения, аминогликозиды, азтреонам, полимиксины)әсер етеді. Көп жағдайда пенициллинді қарастырамыз.ол клетка сыртқы қабатын бұза отырып әсер етеді. Фармакологияда бактериялық эффект көрсетеді. Тері инфекциясы,тыныс алу жолдарын емдеуде,ангина,ревматизм кезінде қолданылады.

24 Антибиотиктік заттардың химиялық құрлысы ұғымын түсіндіріңіз . Бацитрациндер антибиотигінің шығу негізін және формуласын айқындаңыз.

Антибиотиктер - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат;  мироағза  жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушалардың дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.  Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және миробиологиялық  өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Антибиотиктер –организмнің тіршілің етуге қабілетті арнайы өнім немесе олардың модификациясы микроорганизмнің белгілі тобына ( бактериялық, балдырлар, протозда ) қарағанда жоғары физиологиялық белсенділікке ие. Антибиотик вирустық немесе қатерлі ісіктің өсуін толығымен жойып жібере алады немесе тежей алады. Антибиотиктер организмдердің тіршілің ету процесінде түзілетін шамалыы ерекше заттар. Олар жасуша метобализмнің соңғы өнімі болып табылады. Бацитрациндер 10 жеке антибиотикпен қосылады. ( А, А1 , В, С, Д, Е, ) бацитрацин - Bacillus subtilis; бактериясының штамынан туындайтын антибиотик. Микроорганизмдердің кейбір топтарына қарсы әсер етеді. Көбіне сыртқы ортаға пайдаланылады.мысалы тері аурулары,көз н\е мұрын аурулары. Бірақ кейде ішке қабылданады инекция түрінде. Негізгі токсикалық әсері бүйректе болады. Токсикалылығына байланысты басқа антибиотиктер әсер етпеген жағдайда ғана қолданылады.

25 Актиномицеттерден пайда болатын антибиотиктер тобын көрсетіңіз , оларға мысалдар келтіріңіз. Актиномицеттер дегеніміз — диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар тобы. Актиномицеттік антибиотиктің бұл тобына кіретін молекула гликозид байланысы бар ; стрептомицин, неомициндер продуцентті. Стрептидин, стрептоза , N-митил, h-глюкозамин, Срептомицин, стрептамин. 1ші топ Аминогликозидтер антибиотиктің бұл тобына кіретін молекула гликозид байланысы бар Стрептомицин актиномицеттің бір түрі. Оның көптеген микроорганизмді соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілік жоятын қасиеті бар. Пеницилинге қарағанда ал жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен ол жасушадағы тотығу үрдісін шапшаң тоқтатады. Стерептомицин тұз және күкірт қышқыл тұздары түрінде өндіріледі. Канамицин туберкулезге қарсы қолданылатын антибиотик, стрептомицинге қарағанда белсенділігі жоғары 1972ж химиялық модификациясы канамицин-аминацинді алды. Бұл жарты жасанды антибиотик резистенті канамицинге гентамицинге және кейбір басқа аминогликозидке сезімтал патогенді бактериялардың өсуін бәсеңдетеді. 2ші топ Тетрациклин бұл тобына жататын бір қатарлы , химиялық құрлысы жақын және антибиотиктік әсерге кең аумақты болатын қосылыстар қосылыстар Энтробактерияларға әсер етеді. Хлортетрациклин актибиотигіне жатады. Окситетрациклин дақылы синтезделетін, тетрациклин продуценті басады белгілі штамдарды str aureofaciens саналады. Сонымен қатар актиномицеттердің әр тобынан алынған , окситетрациклин антибиотиктерді де медецинада кең қолданылады.

26. Аминогликозидтерге сипаттама беріңіз. Мысал келтіріңіз. Аминогликозидтер – химиялық құрамы жағынан аминосахараның молекуласында болатын, гликозидті байланыспен аминоциклдық (гексоза) сақинамен байланысқан органикалық заттардың бір тобы болып табылады. Аминогликозидтердің көпшілігі антибиотик болып табылады. Аминогликозидтердің әсер етуі β-лактамды антибиотиктерге қарағанда тезірек, әрі күштірек. Бұл антибиотиктердің антимикробты активтілігі кең спекторлы болып келеді, әсіресе грам теріс бактерияларға қарсы қолданған кезде, грам оң микроорганизмдерге әсері әлде қайда төмен және анаэробтыларға зияны жоқ. Аллергиялық реакцияларды шақырмайды, бірақ токсикалық куші жоғары. Анаэробты грам теріс қоздырушылар шақырған нозокоминальді инфекцияларды емдеу кезінде мағызы өте жоғары. Сонымен қатар инфекциялық эндокардитты емдеугеде қолданады.

Аминогликозидтердің классификациясы:

I поколение

II поколение

III поколение

IV поколение

стрептомицин канамицин неомицин

гентамицин тобрамицин нетилмицин сизомицин

амикацин

изепамицин

Стрептомицин – аминогикозидтерден алынатын антибиотиктің бір түрі. Көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшаларын тіршілігін жоятын қабілеті бар. Тетрациклинге қараңанда ол жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен ол клеткадағы тотығу процесстерін шапшаң тоқтата алады. Канамицин – туберкулез ауруына қарқы пайдаланылатын антибиотик, стрептомицинге қарағанда белсенділігі жоғары. 1972 жылыхимиялық модифицирленген канамицин бқлініп алынады. Бұл жартылай жасанды антибиотик резистентң каномицинге, гентамицинге және кейбір басқа аминогликозидтерге сезімтал патогенді бактериялардың өсуін бәсеңдетеді. Неомицин – Streptomyces fradiae бактериялары сульфат түрінде бөліп шығаратын антибиотиктердің бір түрі. Неомицин препараттарын инфекциялық жараларға, терінің түрлі ауруларына (пиодермия), вагинальді инфекцияларға қарсы, көз ауруларына қарсы пайдаланады. Неомицин антибиотигін парентеральді жағынан қолданбайды, себебі ол адам организміндегі бүйрекке және есіту мүшелеріне токсикалық әсері жоғары болып келеді. Сонымен неомицинды қатар хирургияда операция алдында ішек жолдарының стерилизациясы үшін де пайдаланады.

27. Модификацияланған тетрациклин мен жай тетрациклинді өзара салыстырыңыз. Тетрациклин (англ. tetracyclines)— химиялық құрамы жағынан поликетид классына жататын антибиотиктердің тобы. Бұл бөлімнің өкілдері жоғары антимикробтық қасиетке ие, тұрақты болып келеді. 1945 жылы – тетрациклинге жататын ең алғашқы антибиотик — хлортетрациклин бөлініп алынды. Саудадағы атауы - ауреомицин, биомицин. Streptomyces aureofaciens саңырауқұлағының культуралық сүйықтығынан бөлініп алынды. 1949 жылы - окситетрациклин (террамицин) ашылды, Streptomyces rimosus актиномицитінің культуралық сұйықтығынан табылған, медициналық практикада 1950 жылы енгізілді. Табиғи жай тетрациклин өзінің антибиотикалық қасиеттерін жоғалтпай модификацияға ұшырай алады, тек маңызды элементтерінің құрылысы сақталуы керек. Ғалымдардың айтуы бойынша 5 – 9 тетрациклинді сақинасын антибиотикалық қасиетін жоғалтпайтындай модификацияға ұшыратуға болады. Бірақ та, негізгі сақина жұйесіндегі өзгеріс әдетте синтетикалық тетрациклиндердің пайда болуына әкеледі. Осыған орай модифицирленеген тетрациклин табиғи тетрациклинге қарағанда салыстырмалы түрде антимикробтық активтілігі өте төмен немесе мүлдем бейактивті болады. Химиялық модифицирленген антибиотиктерді жартылай синтетикалық қосылыстар деп атайды. Модификацияланғанантибиотиктердіңжайантибиотиктерденайырмашылығы, оларды модификация жасағанкезде «ядролары» интакттыкүйдеқалып, тек қанажан – жағындағытоптарығанаөзгертіледі. Мысалы тетрациклин антибиотиктеріналатынболсақ, олар клеткадағы белок синтезіне қажетті – рибосомаларды шығарады. Тетрациклинға резистенттілік көбінесе бактериялық клеткадан дәрілік зат бөлініп шығатын трансмембранды насостардың қызметіне байланысты болып келеді. Мұндай қорғаныс реакциялары грам теріс панрезистентті бактерияларда кең таралған. Wyeth фирмасының қызметкерлері «тайгециклин» деп аталатын тетрациклиннің химиялық модифицирленген түрін бөліп алды. Бұл антибиотик бактериялық клеткаға түсіп, сонда орнығып алады. Тайгецилин антибиотигін 2005 жылы қолданыс аясына енгізілді. Содан бері қазіргі таңға дейін тетрациклинге тұрақты патогендердің көптеген түрлерімен қарсы күресте пайдаланылады. Әрине, бірақ бұл антибиотик ауруханалар мен хоспистарда пайдалануға тиым салынған, себебі ол текқана тамыр арқылы егіледі. Соңғы мәліметтерге қарағанда тетрациклиннің химиялық модифицирленген түрі – тайгецилинге де тұрақты A. Baumannii штаммы пайда бола бастады.

28) Бактериофагтар морфологиясы және классификациясы. Бактериофагтардың негізгі ерекшеліктері және медицинадағы маңызы? Бактериофагтар дегеніміз- бактерия клеткасын зақымдайтын вирустар .Бактериофагтар –(немесе фагар деп те атайды)-бұлартабиғатта кең тараған, жай микроскоптармен көрінбейді, тірі бактерияларды ерітіп, ыдыратып жібереді. Оларды алғаш рет 1898 жылы орыс ғалымы Н.Ф. Гамалея (1859 — 1949) байқаған, 1915 жылы ағылшын ғалымы Ф. Туорт ашқан. Ал Бактериофагтар терминін ғылымға 1917 жылы алғаш рет француз ғалымы Ф. д’Эрелль енгізген. Бактериофагтар тек тірі клеткада ғана тіршілік ете алады.Бактериофагтардың пішіні әр түрлі болады. Олардың кейбіреулері шар тәрізді қосалқы бұтақшалары бар денелер. Кейбір түрлері итбалыққа ұқсайды. Ол ұзындығы 60 — 100 нм болатын бас бөлігінен және 100—200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады. Бас бөлігінде бір немесе екі ДНҚ жіпшелері, 3%-тей белок, т.б. заттар болады. Құйрықша жиырылу қабілеті бар спираль тәрізді қаппен оралған ақуызды біліктен тұрады, оның шетіндегі базалды (негізгі) пластинкадан таралған өте жіңішке жіпшелер көмегімен Бактериофагтар басқа денеге беки алады. Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі. Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азоттұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады. Генетика мен молекулялық биологияның теориялық мәселелерін анықтап, шешуде Бактериофагтардың маңызы зор. Бактериофагтардың негізгі ерекшелігіне келетін болсақ. Бактериофаг бөліктердің пішінін алты топқа бөлуге болады. Ал көбею үдерісі өте күрделі. Бактериофагтың тек өсу сатысындағы тіріжасушаларында ғана көбеюі маңызды ерекшелік деп есептеледі. Оны сызбанүсқа түрінде былай кескіндеуге болады. Вируста жасушадан тысқары жерде зат алмасу жүрмейді. Ол нуклеин қышқылын тірі жасушаларға енгізіл, оны өзінің көбеюіне пайдаланады. Соның нәтижесінде 30 минутта 1 жасушадан жүздеген жаңа вйрустар пайда болады. Пайда болған жаңа вирустың бөлшектер! келесі жасушаны зақымдайды. Вирус жасуша ішінде ғана әрекет ететін паразит болып табылады. Ол кез келген тірі ағзалар тобын зақымдайды. Демек, вирус - жасуша ішінде өмір сүретін паразит. Өсімдік, жануар, адам ағзасында ғана вирус көбейе алады. Кейбіреу! бактерия жасушасын ерітіп жібереді. Вирустар тек тіріжасушада ғана тіршілік етеді. Вирус ұзақ уақыт топырақта, суда және өзге де жерлерде сақталады. Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесе бактериофаг (грекше «бактерион» - таяқша, «фагейн» - жебір, жеп қою, жою деп аталады. Зерттеу нәтижесінде өсімдікте 400 және жануарда 500 вирус түрлері тіршілік ететіні анықталған. Фагтар әрекетінің өзінше ерекшелігі бар. Жеке фагтар микроорганизмдердің тек белгілі бір түрін зақымдайтынын ске саған жқн. Қазіргі таңда бактериофагтарды медицинада және ветеринарияда кейбір зиянды ауру қоздырғыштарға қарсы қолданады. Сонымен өатар бактериофагтар өндірістік, әсіресе-тамақ өнеркәсібіне көп зиян келтіреді. Мәселен, олар пайдалы сүт тағамдарыының сапасын төмендетеді.

1- басша 2-құйрық бөлімі 3-нуклеин қышқылы (ДНҚ н/е РНҚ) 4-капсид 5-жаға 6-құйрықтың белокты қаптамасы 7-құйрық фибрилласы 8-тікенектер 9-базальды пластинка

29) Пробиотикалық препараттардың классифкациясы. Пробиотикалық препараттар және оларды асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану жолдарын көрсетіңіз. Пробиотикалық түрлері, сипаттамасы және олардың әсер ету механизмін көрсетіңіз? Пробиотик-ішек микрофлорасын реттеу жолымен микробқа шығарылған препараттар. Пробиотиктер арнайы азық-түліктеде сонымен қоса йогурт, активия, актимель, бифидокефир, айран, сүт өнімдерде, сүзбе, және т.б. пробиотиктер деп аталатын қалыпты микрофлорасының өкілдері болып табылады. Пробиотикалық препараттардың классификациясы:

Группы  пробиотиков

Препараты

БАДы  -  паранутрицевтики

отечественные

Зарубежные

Отечественные

Зарубежные

1.Монопробиотики

Бифидосодержащие

Бифидумбактерин

Бифидумбактерин  –  форте

Пробифор

Бифидоген

Эугалан

Бифидобактерин  1000

Жидкий  бифидумбактерин

Соя  бифидум

Лактосодержащие

Лактобактерин

Биобактон

Гастрофарм

Биобактон

Наринэ

Соя  лактум

Вайтадофилюс

Колисодержащие

Колибактерин

_

_

_

2.Полипробиотики

Бифидосодержащие

Бифилонг

_

Нормофлорин  LB

Эуфлорин  LB

LB  –  комплекс

Полибактерин

Бифидумбактерин  –  Мульти  1,2,5

Экофлор

Биовестин

Биовестин-лакто

Примадофилюс

Флорадофилюс

Пробиотикс

Ацидофилис

Лактосодержащие

Ацилакт

_

Бифидо-  и  лактосодержащие

Бифацид

Бифидо  –  и  колисодержащие

Бификол

+

Нетоксигенный

Str.

Faecium(штамм  SF  68)

Линекс

3.Пробиотики  -  самоэлиминирующиеся  антагонисты

Бациллярные

Сахаромицето-содержащие

Споробактерии

Бактиспорин

Биоспорин

Бактисубтил

Флонивин  Б

Энтерол

_

Лактофайбер

Лактоспора

ЭнричПро-Бионикс

4.  Комбинированные

пробиотики  (синбиотики)

Бифидосодержащие

Бифилиз

Лактосодержащие

Аципол

Колисодержащие

Бифилор

Бифидосодержащие

Бифиформ

Ламинолакт

Бифистим

Кипацид

Бифиформ

Малыш

5.Метаболические

Хилак  форте

Қазіргі кезде әлем бойынша сүттен көптеген сүтқышқылды өнімдер алынуда. Сонымен бірге сүт қышқылды өнімдер адам ағзасына пайдалы, денсаулыққа оң әсер ететін қосымша қоспалар қосу арқылы құндылығы, әрі пайдасы мол өнімдер өндіріліп шығарылуда. Адам ағзасына жағымды әсерін тигізетін, асқорыту жолының қызметін жақсартатын, асқазан – ішек жолдарының микробиоценозын реттейтін, кейбір арнайы инфекциондық аурулардың алдын алатын және емдеу үшін қолданылатын қазіргі таңдағы биологиялық активті заттардың, диеталық қоспалардың, функционалды тағамдардың, пробиотиктердің, пребиотиктердің мен синбиотиктердің, биотерапиялық агенттердің және бактериофагтардың кең көлемде өндірілуідің маңызы зор екендігі белгілі. Ағзадағы басты рөлді қалыпты микрофлора атқарғандықтан, бұл құбылысқа басты назар аудару қажет, яғни дисбиоз немесе дисбактериоз ауруына жол бермеу үшін микрофлораның құрамын және оның өзгеріс заңдылықтарын ескере кету маңызды, сонымен қатар бұндай індетке жол бермеу үшін нормобиозды үнемі қалпына келтіріп отыру керек. Пробиотикалық бактериялардың ең маңызды қасиеттеріне колониялық тұрақтылықты қамтамассыз ету, яғни ішек қабырғаларын ағзаға сыртқы ортадан түсетін бактериялар мен токсикалық заттардан қорғау қабілеті болып табылады. Колониялық тұрақтылық комплекс механизімінде пробиотикалық дақылдардың антагонистік белсенділігі маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда сүтқышқылы бактериялардың антимикробтық қасиеті мен механизімін зерттеу көптеген ғалымдардың көңілін аударуда. Сүтқышқылды бактериялардың антагонистік қасиеті олардың продуцирлейтін бактериоциндерінің әсеріне және олардың өсуі мен жетілу процессінде органикалық қышқылдардың, спиртің, асқын тотықтардың және тағыда басқа метаболиттердің жинақталуын байланысты.

Түрлері:

Род

Вид

Штамм

Lactobacillus

L. acidophilus

L. gasseri

L. rhamnosus

L. ramnosus GG

L. plantarum

L. plantarum 299 v

L. reuteri

L. fermentum

L. fermentum KLD

L. lactis

L. casei

L. Shirota

L. bulgaricum

Bifidobacterium

B. longum

B. infantis; BB536

B. bifidum

B. breve

B. adolescentis

B. animalis

B. lactis Bb 12

Streptococcus

S. thermophylus

Enterococcus

E. faecium

Enterococcus SF68

Saccharomyces

S. boulardi

Әсер ету механизмі: Пробиотикалық әсері механизмі пробиотиктердің микрофлорасының құрамына қарай, әр түрлі қарастырылады. Пробиотикалық препараттарды макро- және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынас жаңа аспектілерін көрсетеді. Олар, негізінен, мыналар жатады: бастысы - белсенді пробиотиктердің оларды енгізу үшін арналған қауіпсіздік штамдары, антибиотиктерге патогенді және шартты патогенді микрофлораның төзімділігі, соның ішінде бәсекеге қабілетті антагонист қасиеттерінің болуы, ең қарқынды антибиотик емдеу кезінде де пайдаланылатын, пробиотикалық микроорганизмдерге қабілеті болып табылады. олар үшін адам мен жануарлардың биохимиялық қорыту процестерінің нәтижесінде пробиотикалық арналған эпителий немесе басқа биотоп үшін адамдар мен жануарлардың ас қорыту жолдарының эпителий жасушаларының қарсы адгезиясы қызметінің бар екендігін ас қорыту жолдарында бар қоректік заттардың кең спектрін жұтып қоректік субстрат үйренуге және пробиотикалық штаммдарының жасушаларының өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін комменсальной  микрофлорасын, пробиотикалық дақылдарының нақты өсу қарқыны жолмен салыстырғанда жоғары

30.Приондық инфекция түрлері және таралу механизмін түсіндіріңіз Приондар– инфекциялық белоктық агент.Приондар - 30кД ретті төмен молекулалық массасы бар жұқпалы ақуыздар, нуклеин қышқылдары жоқ, қабынуды және иммундық жауапты тудырмайды, жоғарғы температураға, формальдегидке, глутаральдегидке, бетта-пропиолактонға, сәулеленудің әртүрлі түрлеріне тұрақты. Олардың полипептидті тізбектерінің ұзындығы 253-254 аминқышқылыннан тұрады. Прионды ақуызды PrP деп белгілейді (ағылшынша prion, protein – proteinacous infection particle), екі изопішінде кездеседі: жасушалық, қалыпты (PrPC) және өзгерген, патологиялық (PrPSC). Патологиялық приондар бұрын баяу вирустық инфекциялар қоздырғыштарына жататын, қазіргі уақытта диспротеиноз тудыратын конформациондық аурулар қоздырғыштарына кіреді. РrРс  4 - 6 сағатты өмірді құрайды.

Таралу механизмі

Прионды аурулар

Тасымалдаушы

Крейтцфельд – Якоб ауруы

Адамдар

Гертсман- Штреусслер-Шейнкер синдромы

Адамдар

Куру

Адамдар

Фатальды отбасылық ұйқысыздық

Адамдар

Скрепи ауруы

Қой және ешкілер

Трансмиссивті энцефалопатия кәмшатта (норка)

Кәмшаттар

(норки)

Спонгиоформды энцефалопатия

Сиырлар

Мысықтарда спонгиоформды энцефалопатия

Мысықтар

Chronic wasting disease (CWD)

Бұғылар

Прионның изопішіндері ағзаға еніп, прионның синтезін кодтайтын генді депрессиялайды (белсендіреді) деп болжайды, соның нәтижесінде жасушаларда приондардың жиналуы байқалады. Ол губка тәріздіге айналуына, глиалды жасушалардың өсіп көбеюіне, милық амилоидтың жинақталуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің жасушаларының зақымдалуы өзіне тән клиникалық белгілерді тудырады, оны жеделдеу губка

тәрізді энцефалопатия деп атайды.

Прионды аурулардың классификациясы. Адамдарда прионды аурулардың 4 түрі кездеседі: Крейтцфельд-Якоб ауруы; Гертсман-Штреусслер-Шейнкер синдромы; Фатальды отбасылық ұйқысыздық; Куру.

Крейтцфельд-Якоб ауруы - сирек кездесетін приондық ауру, бірақ жер шарының барлық мемлекеттерінде кездеседі. Инкубациялық кезеңі 1,5 - 20 жылға жетеді. Деменция және қимыл-қозғалыстың бұзылуымен сипатталады, нәтижесінде ауырғаннан кейін 9 айда өлімге әкеледі. Аурудың жұғуы шала піскен етті жегенде, губка тәріздес энцефалопатиямен ауырған қой және сиырдың («сиыр құтыруы» ауруы) миын жегенде, сонымен қатар шикі устрица мен моллюскаларды жегенде болады.

Гертсман-Штреусслер-Шейнкер синдромы – тұқым-қуалаушылық патологиямен (отбасылық ауру) өтетін приондық ауруы, клиникалық көрінісі деменция, гипотония, жұту қабілетінің бұзылуы, дизартриямен сипатталады. Инкубациялық кезеңі 5 жылдан 30 жылға созылады. Ауру дамыған соң 4-5 жылда науқас адам қайтыс болады.

Фатальды отбасылық ұйқысыздық- аутосомды-доминантты ауру, ұйықтамаудың үдеуі, симпатикалық гиперреактивтілік гипертензия, гипертермиядеменция және қимыл - қозғалыстың бұзылуы сияқты көрініс береді.

Куру(дірілдеу сөзінен шыққан) - Жаңа Гвинея аралындағы папуастардың тілінде ауру осылай аталады, қорыққаннан, не суықтан дірілдеуді білдіретіндей приондық ауру. Бұл ауруда орталық жүйке жүйесі зақымдануының нәтижесінде қимыл-қозғалыс, жүрістің бұзылыстары, қалтырау, эйфория дамиды. Бір жылдан кейін ауру адам өледі. Осы аурудың жұқпалық қасиетін алғаш рет К.Гайдушек дәлелдеген. Куру ауруы 4 айдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін.