Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНФЕКТОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

31. Прионды инфекцияның стерилизациялау жолдарын көрсетіңіз

Приондардың көбеюі қалыпты белок формасының инфекцияланған прионды құрылымға айналуына байланысты.Сондықтан приондарды стерилизациялау инфекцияның денатурациясын тудыруы керек.Осының нәижесінде прионды инфекциялар басқа белоктардың конфигурациясын бұза алмайды.Приондардың көпшілігі олардың әсерін төмендеткенімен, протеазаларға,жоғары температураға,радияцияға төзімді.Приондарға қарсы қарқынды түрдегі дезинфекция приондардың залалсыздандырылуын немесе олардың үшінші реттік құрылымының бұзылуын туғызады.Приондардың гидролизін немесе олардың үшінші реттік құрылымының бұзылуын хлорлы ізбес,натрий гидроксиді және өте қышқыл жуғыш заттардың көмегімен жүргізеді.Приондардың деактивациясы мен денатурацияның қарқынды әдістерінің бірі озонды залалсыздандыру.

Озон өте мықты табиғи тотықтырғыштардың бірі.Озонды стерилизаторларда белгілі бір концентрацияларда прионды инфекцияларды заласыздандыра алатын газ формасындағы озон қолданлады.Озонды қолдана отырып заласыздандыру әдісі температура 100°C температураға жететін классикалық әдістерге қарағанда төмен температурада жүргізіледі.Озонды залалсыздандыруды пайдалану кезінде келесі кедергілер болмау керек:залалсыздандырудың ұзақ уақыты;реагенттер утилизациясының қиындықтары;залалсыздандырушы заттардың организмге кері әсері.

Озонды залалсыздандырудың технологиясы келесі критерийлер бойынша сипатталады:

залалсыздандыру уақытындағы газдың төмен температурасы;

энергияны аз қажет етуі;

материалдардың шығынын болдырмайды (медициналық отегінінен басқасы);

залалсыздандырудан кейін аэрацияны қажет етпейді.

Озонды залалсыздандырудың негізгі тиімділігі:

залалсыздандырудың экологиялық таза технологиясы;

залалсыздандырудың қауіпсіз технологиясы;

жүргізүлуінің қарапайымдылығы;

залалсыздандыру аяқталғаннан кейін озон оттегіне алмасады.

Прионды инфекцияларды залалсыздандырудың химиялық-физикалық жолдары:

физикалық өңдеу: 134-138 °С градуста 18 мин бойы автоклавтау;

химиялық өңдеу: 1 Н NaOH ерітіндісінде 20 °С температурада 1 сағат бойы ұстау;

химиялық өңдеу: 2,5-12,5% хлорлы ізбес ерітіндісінде 20 °С температурада,1 сағат бойы ұстау.Яғни прионды инфекциялардың басты ерекшелігі,олар дезинфекцияның қарапайым әдістеріне өте тұрақты.Иондайтын,ультракүлгін сәулелер оларға тіптен әсер етпейді.Тек қана өте қатты қышқылдандыратын қосылыстар (мысалы,озон) прионды инфекцияларды бұза алады.

32.Пробиотикалық препараттар және оларды асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану жолдарын көрсетіңіз.Сорбцияланған пробиотикалық препараттармен жай формасын салыстырыңыз.

ПРОБИОТИКАЛЫҚ препараттар – тірі пробиотикалық микроорганизмдер дақылдары және пребиотиктер қосып жасалған препараттар.Пробиотиктер терапевтикалық мақсатта қолданылады,оның құрамында тірі микрокультуралар бар қоректік заттар мен биологиялық активті заттар болады.Пробиотиктер негізінен бифидобактериялар мен лактобактериялар,бірақ басқада микроорганизмдер болуы мүмкін мысалы,ашытқа саңырауқұлақтары.Пробиотиктер екіге бөлінеді:сұйық және құрғақ.Құрғақ пробиотиктер-лиофизирленген микроорганизмдер,олар капсула,таблетка,ұнтақ түрінде болады.Сұйық лиофилизацияға ұшырамаған құрғақ күйде болады.Дисбактериоз-асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасының өзгеруі.Дисбактериоздың симптомдары:ішектің зақымдалуы,қалыпты микрофлораның сандық және сапалық құрамының өзгеруі,мирофлораның шектен тыс көбеюі.Дисбактериоздың пайда болуының негізгі себебі лакто және бифидобактериялардың деңгейінің бұзылуына байланысты.Қазіргі таңда дисбактериозды емдеуде пробиотикалық препараттарды қолданады.Пробиотиктердің құрамына кіретін микроорганизмдер патогенді және токсикалық болмауы керек және сақтау кезінде ұзақ уақыт тіршілікке қабілеттілігін сақтау керек.Пифидо және лактобактериялары бар пробиотикалық препараттар физиологиялық процесстерді жұзеге асыруда маңызды орын алады.Олардың симбиотикалық рөлі зерттелген.Бөтен бактериялар мен токсиндердің енуінен қорғайды,антагонизмді және ішек цитопротекциясын жүзеге асырады.Пробиотиктердің оң әсері:антибактериальды заттар арқылы,патогенді және шектен тыс шартты патогенді микрофлораның әсерін басу;ішек микроорганизмдерінің ферентативтік активтілігіне әсер етеді;макроорганизмнің иммундық жүйесін стимулдайды;антиаллергиялық әсері;антиканцерогендә әсері; Helicobacter pylori-инфекциясын регуляциялайды.

33.Патогенді коктар тудыратын аурулар.Аэробты Грам оң және Грам теріс коктар. Аэробты Грам оң коктар стафилакокктардың,стрептококктардың,энтерококктардың әсер ету механизмдерін көрсетіңіз. Патогенді коктарға:стафилакоктар,стрептакоктар,пневмококтар,менигококтар,гонококкалар жатады.Патогенді коктардың барлық түрі іріңді-қабыну процесстерін тудырады.Сондықтан оларды іріңді коктар депте атайды.Стафилакоктар теріде және шырышты қабаттарда болып кез келген орган мен тканьдердің іріңді-қабыну процестерін тудырады.Сонымен қатар стрептококтарда адамның терісімен шырышты қабаттарында кездеседі.Бірақта стрептакоктар әртүрлі іріңді процестермен қатар рожа,скарлатин,ревматизм ауруларын тудырады.Пневмакоктар жоғарғы тыныс алу жолдарының шыршыты қабаттарында кездеседі және пневмонияны өкпенің басқада патологиялық процестерін,ортаңғы құлақтың қабыну процестерін тудырады.Менигококтар мен гонококтар тек адамдарда ғана ауруды тудырады.Менингококкалар жұтқыншақтың шырышты қабығында кездеседі.Менигококтар ми қабықшаларына өте отырып менингитті тудырады.Гонококкалар зәр-жыныс жолдарының шырышты қабығын және көз коньюктивасын зақымдайды.Барлық патогенді коктар қозғалмайды,және спора түзбейді.Грам оң және Грам теріс коктарды ажыратады.Грам терістерге:менигококтар мен гонококтар,ал Грам оңға стафилакоктар,стрептакоктар,пневмококтар жатады.Стафилакоктардың әсер ету механизмі:стафилококтар организмге ауа-тамшылы және асқорыту жолдары арқылы жұғады.Сонымен қатар күнделікті тұрмыс арқылы жуғуы мүмкін:кір қол және стерильды емес медициналық заттар арқылы жұқтыруға болады.Стафилококты адам өте жиі больницада жұқтырады.Стафилакоктық аурулардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар:әлсіз иммунитет,эндогенді және экзогенді инфекциялар,дисбактериоз.Стафилакокпен зақымдалу қаупі жоғарылайды:егерде венаішілік катетер,венаішілік қоректендірі аппараты,өкпелердің жасанды вентиляцтясы аппараттары қолданылған кезде.Стрептококтар миға,қанға,жүрекке,зәр шығару жолдарына өте алады.Стрептококтар тудыратын инфекциялық аурулар:бронхит,ангина,парадонтит,пневмония,абсцесс,гломерулонефрит,ревматизм,скарлатина,фарингит.Жануарлар мен адамдардың терісінде кездеседі,топырақты және өсімдіктерде де болады.Стрептококтар ауалы тамшылы жол арқылы жұғады.Қоздырғыш сыртқы ортаға жөтелу түшкіру кезінде аэрозоль түрінде шығарылады Стрептококтық инфекциялардың қоздырушылары сонымен қатар тұрмыстық және алиментарлы жолдармен беріледі.Тұрмыстық:лас қол және әртүрлі тұрмыстық заттар арқылы беріледі.Алиментарлы:лас тамақ арқылы беріледі.Жыныс мүшелерінде кездесетін стрептакоктық инфекциялар жыныстық жолмен беріледі.Энтерококтартардың адам организмінде тудыратын аурулары:эндокардит,тері мен дәнекер ұлпалардың инфекциясы,зәр-жыныс жүйесінің инфекциясы(цистит,уретрит,простатит,пиелонефрит),остеомиелит,менингит,септикалық артрит,тыныс алу жолдарының инфекциясы.Энтерококтар адамның асқаза-ішек трактісінің қалыпты микрофлорасының құрамына кіреді.Энтерококтармен зақымдалу жолдары:ауруханада,іщектің микрофлорасының бұзылуы,организмдегі зат алмасу процестерінің бұзылуы,жарақаттар арқылы.Энтерококтар негізінене патогенді емес микроорганизмдер.Тек ішектің қалыпты микрофлорасы бұзылғанда,иммунитеті төмендеген адамда шектен тыс санының көбеюі есебінен әртүрлі инфекциялық аруларға алып келеді.