Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурсулу энто шпор 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

91.Жүгері зиянкестерінің түр құрамы.

Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.). Ересек бунақденілердің жыныстық диморфизм анық байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындыѓы 25 мм – ге дейін. Жүлдызқұрттар өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ беріп дамиды. Мєдени жєне жабайы өсімдіктер зақымданады. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп, жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы.

92.Күнбағыс зиянкестерінің түр құрамы.

Күнбағыстың зиянкестері. Топырақтағы тұқым және күнбағыстың өскіні сымқұрттың, қара қоңыздың, шалғын көбелектің зақымдауынан көп зиян шегеді. Тіршілік кезінде итальяндық прус, кеміргіш түн көбелектері, қандалалар, бітелер және басқа да түрлер зиян келтіреді. Арнайы зиянкестердің ішінде күнбағыс қан көбелегі және күнбағыс мұртты қоңызы қауіпті болып есептелінеді.

Күнбағыс қан көбелегі - Homoeosoma nebulella Hb. (Lepidoptera отряды, Pyralidae тұқымдасы). Күнбағысты, мақсарыны, ақкекірені зақымдайды.

Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр орта жерінде төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ, қара-қоңыр талшықтары және шашақтары бар. Есейген құрт сары-қоңыр түсті, арқаны бойлай үш қара жолақтар өтеді. Дене тұрқы 15-16 мм. Бес жастағы құрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Мамыр айының аяғында құрттар қуыршақтанады. Көбелектердің ұшуы маусым айының басында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын күрделігүлділер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған құрттар гүлдің генеративті бөлігімен қоректенеді. Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың гүлдеу кезеңінде пайда болады да, жұмыртқаларын күнбағыстың тілшелі және түтікті гүлдеріне салады. Барлығы шамамен – 250. Бірінші және екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап құрттар тұқымның ішіне еніп қоректенеді. Зақымданған күнбағыстың гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен ластанады.

Күнбағыс мұртты қоңызы - Agapanthia dahlii Richt. (Coleoptera отряды, Cerambycidae тұқымдасы). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсарыны зақымдайды. Қара, жылтыраған денесінің ұзындығы 15-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үстіңгі жағының түктері сары немесе сұр түсті. Мұрттары денесінен ұзын болып келген. Дернәсілі ақшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы 22-25 мм.Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды. Мамыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды. Қоңыздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды. Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың, ошағанның, қалуеннің, түйе жапырақтың, мақсарының сабақтарының ішіне бір-бірден салады. Жұмыртқаларының түсі сүтті-ақ, цилиндр пішіндес. Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа. Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді. Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне және сабақтың сынуына алып келуі мүмкін. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды.Күресу шаралары: Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталап орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеліп соқтырады. Күнбағыстың сауытты сорттарын егу, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелегінің құрттары оны кеміре алмайды. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі 25-30 см, көлемі 0,25 м2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп, есепке алады. ЭЗШ саны - 5-10 дернәсіл/м2. Көктемгі-жазғы мезгілде ауа райының жылы және ылғалды мезгілінде шалғынды көбелек өте қауіпті ( ЭЗШ саны 5-10 дернәсіл/м2 ). Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Егісті «Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді. Күнбағыс мұртты қоңызына қарсы күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет. Егіс алқабындағы өсімдік қалдықтарын құрту және оларды өсімдік сабағынан қоңыздар ұшқанға дейін пайдалану керек. Терең сүдігер және қатар аралық өңдеу зиянкестер санының азаюына көмектеседі.