- •50.Алхоры жеміс жемірнің ареалы , биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •51. Күріштің қамбабізтұмсығы,биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •52.Ұнның үлкен және кіші қоңызы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •53.Ұн кенесі, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •54.Долона көбелегінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •55.Пияз шыбынының ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •56.Калифорниялық қалқаншалы сымыр және тұрандық жалған қалқаншалы сымырлардың арелы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •57.Тері жемірі, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •58.Түркістандық өрмекші кененің аралы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •59.Құлпынай бізтұмсығының ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •61.Қызылшаның тамыр бітесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •62.Раушан жапырақ ширатқышының ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •63.Алмұрт кенесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •65.Алма күйе көбелегі ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •66.Алмұрт жапырақ бүргесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •67.Қырыққабат бітесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •69.Пияздың ызылдақ шыбыны, ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •70.Қыстық мүр көбелек ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •71.Жеміс бағының жапырақ бітелерінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •72.Жеміс кенелерінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •73.Диірмен қан көбелегінің биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •74.Түкті астық қоңызының биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •75.Оңтүстік қамба көбелегінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •76.Бүлдірген кенесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •77.Суринам ұн жемірінің биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
- •82.Көпжылдық бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері.
- •83.Қант қызылшасының негізгі кеміргіш зиянкестері.
- •84.Қант қызылшасының негізгі сорғыш зиянкестері.
- •85.Мақтаның негізгі зиянкестері.
- •86.Темекі дақылының негізгі зиянкестері.
- •87.Көкеніс дақылдарының негізгі зиянкестері.
- •91.Жүгері зиянкестерінің түр құрамы.
- •92.Күнбағыс зиянкестерінің түр құрамы.
- •93.Көпқоректі қабыршаққанаттылырдың түр құрамы.
- •94.Күнбағыс көбелегіне қарсы жою шаралары.
- •95.Шегірткелерге қарсы жүргізілетін агротехникалық және химиялық күрес шаралары.
- •96.Мақта дақылдарының сорғыш зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.
- •97.Қант қызылшасының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.
- •98.Көкеніс дақылдарының негізгі зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.
- •100.Жүзім зиянкестерінің түр құрамы және оларға қарсы күрес шаралары.
69.Пияздың ызылдақ шыбыны, ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Пияздың ызылдақ шыбыны – Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)
Шыбын жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымданудың салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ- тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет.
70.Қыстық мүр көбелек ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
71.Жеміс бағының жапырақ бітелерінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Жасыл алма бітесі – Aphis pomi Deg. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Шекілдеуікті жемістер тұқымдастарын зақымдайды.Қанатсыз ұрғашы бітелердің ұзындығы 1,5-2 мм, ақшыл-жасыл, қара-қоңыр басы және шырынды түтікшелері бар. Аталықтары аналықтарынан кішірек болып келеді. Дернәсілдері 0,5-1,5 мм, ашық немесе қара-жасыл түсті, қызыл көздері бар.Жұмыртқалар бүршіктерінің басында немесе бір жылдық өркендерде қыстайды. Дернәсілдері бүршік жарғанда жұмыртқадан шыға бастайды. Олар өсімдік шырынымен қоректенеді және 12-15 күннен соң ұрықтанбай-ақ дернәсілдер пайда болатын қанатсыз негіз салушы аналықтарғае айналады. Бітелердің екінші ұрпағында басқа ағаштардың жас өркендеріне ұшып келетін қанатты көшпелі аналықтары пайда болады. Күзде бітелер тобында аталықтары және аналықтары пайда болады. Жұптасудан кейін аналықтары қыстауға қалатын 5 жұмыртқадан салады. Климаттық жағдайларға қарай жазғы мезгілде біте 10-15 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Шыбықтар мен тамыр шыбықтарын кесу. Бүршік жарғанға дейін 0,5 метрлік төрт бұтақта 30 астам жұмыртқа болса, ал вегетация кезеңінде 100 жапырақта 15 бітелер тобы байқалса, «Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдеу жүргізу қажет.
72.Жеміс кенелерінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Жемістің қоңыр кенесі – Bryobia redikorzevi Reck. (Arachnoidea класы, Acariformes отряды, Bryobiidae тұқымдасы). Жеміс ағаштарының түрлі тұқымдарын, әсіресе алманы, өрікті, алмұртты, алшаны қатты зақымдайды.Аналықтары қызыл-қоңыр түсті үлкен сопақша формалы, ұзындығы 0,6 мм; аталықтары ұзын- сопақша формалы, ұзындығы 0,3 мм.Өркендердің қабығына салынған жұмыртқалар көбінесе бүршіктердің басында қыстайды. Жұмыртқалар көп болған жағдайда қабығы қызғылт түске айналады. Көктемде бүршік жарғанда, жұмыртқалардан құрттар шығып, жапырақ шырынымен қоректенеді. Кененің қоректенуі нәтижесінде жапырақтары кіршең-сары түске енеді, дамымайды, түсімділік пен ағаштардың аязға төзімділігі төмендейді. Бір жылда 4-5 ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары. Қатты зақымданған бұтақтарды кесу және жағып жіберу. Ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқасы қалған бұтақтарды қурап қалған қабығынан тазартады. Экономикалық зияндылық шегі болып 10 см бұтақтардың 20 кесіндісіне 200 жұмыртқадан келуі саналады. Акарицидтермен өңдеуді «Тізім...» ережесі бойынша жүргізу ұсынылады.
