Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dp_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

Сенімхат

___________ қ., _____________ ж.

Мен, _____________, жеке куәлік __________, мекен-жай: ____________. өзімнің жалақымды _______________ мекен-жайында тұратын азамат __________________ сеніп тапсырамын. Бұл үшін ____________ менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.

 

_____________ ж.                                         ____________________

(аты-жөні, қолы)

Толық сенімхат

Сенімхат

___________________________________________________________________

(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)

Мен, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _____________________________________________________,

жеке куәлік №. ______________, _________________________ жылы _____________________ берген, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _________________________________________ меншік құқығы маған тиесілі _________________________________________ мекенжайында орналасқан тұрғын үйді, қызметтік, есік алды құрылыстарды және ___________ кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға немесе бағасына және өзінің қалауы бойынша сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату-сатып алу келісім - шартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, келісімшартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.

Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.

Осы сенімхатты мен, __________________________________________, ____________________________________________________________________

(нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның №, берілген күні)

нотариусы _____________ __ ж. растадым.

Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат ___________________________ қол қойды. Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді.

Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№ ____________________ тіркемеге тіркелді.

Тариф бойынша: ______________ теңге алынды.

Нотариус: _______________________ (қолы)

4 Билет

.1 Ұйымдық нысандардың Құрылтай шарты, оның деректемелеріМемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландырылуды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Екі құжат та мамзұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді.  ЖАРҒЫда фирманың ұйымдық-құқықтық жағы көрсетілуі тиіс. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін- ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Жарғының мәтінінде келесі мәліметтер болуы тиіс: -жалпы ережелер: ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы; -қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық, делдалдық қызмет т.б.) -серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; -мүлкі, қоры, табысы; -басқару және бақылау органдары; -жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер; -есепке алу және есеп беру; -дауларды шешу; -қызметін тоқтату. Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса, жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, «КЕЛІСІЛДІ»деген арнайы белгі қойылуы қажет. Жарғының деректемелері: 1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі; 2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі; 3. Мәтіннің атауы; 4. Жарғының мәтінін; 5. Фирманың атқарушы органы басшысының қолы. 4. Құрылтай шарты- бұл азаматтардың заңды тұлғалардың тауар өндіруге басқа қызметке қажет қаржыларын немесе басқа мүліктерін біріктіру жөніндегі келісім. Құрылтай шарты құжаты кәчіпорынды қалыптастырудың мүліктік жағына ерекше көңіл бөледі. ҚР.Азаматтық Кодексіне сәйкес құрылтайшылар заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді.Шартта табыс пен шығынның құрылтайшылар арасындағы бөліну тәртібі, заңды тұлғаның қызметін басқару, құрылтайшылар мүшеліктен шығуы, заңды тұлғаға қажет болған жағдайда оның жарғысын бекіту көрсетіледі. Құрылтай шарты мәтінінде мына бөлімдер болуы тиіс: -құрылтайшылары аталған кіріспе бөлім; -шарттың мәні-ұйымды құру, ұйымды қандай мақсатпен құрғаны; оның заңды мекен-жайы; -серіктестік қызметінің шарттары; -серіктестікті басқару; -құрылтайшылардың міндеттері; -құрылтайшылардың құқықтары; -құрылтайшылар мен серіктестіктің жауапкершілігі; -серіктестіктің қызметін тоқтатуы. Шартқа құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары жөніндегі анықтама қосымша тіркеледі, кейін девиденттер соған сәйкес бөлінуі қажет.  Құрылтай шарты деректемелері: 1.құжаттың атауы  2. шарттың жасалған орны 3.шарттың жасалған күні 4. шарттың мәтіні 5. құрылтайшылардың қолы. 3. Ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында көптеген құжаттар толтыру қажет. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алу турлаы» Жарлығына сәйкес, түрлі құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.  ЖШС үшін тәркеу құжаттарының толық пакеті мынадай: • тіркеу туралы арыз; • құрылтайшылар бекіткен жарғы; • құрылтай шарты; • құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25% банк депозитіне төленгендігі жқніндегі банктен алынған анықтама • санақ карточкасы; • егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі; • заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжат; • тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.

2 Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, олардың толтырылу себептері мен құрылысы. Бұйрық – дара басшылық негізінде іс-әрекет жасайтын министрліктер, ведомостволар, бөлімдер, басқармалар, мекемелер, бірлестіктер, ұйымдар, кәсіпорындар басшылары шығаратын құқықтық акті. Бұйрық негізгі шұғыл міндеттерді шешу үшін шығарылады.

Бұйрық басқару құжаттарының ішінде ең көп тараған түрі. Ол көбіне басқару тәжірибесінде жиі қолданылады.

Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті. Жекелеген жағдайларда, бағыныштылығына байланыссыз ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың үлкен тобына қатысты болуы да мүмкін.

Төмендегі құжаттар бұйрықпен ресімделуге жатады:

● кәсіпорын үшін тұрақты сипаттағы және орындалуы міндетті жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты шешімдер мен тапсырмалар;

● ережелерді, жарғыларды, тәртіптерді, нұсқаулықтарды және с.с.-ды бекіту және енгізу

● құрылымдық бөлімшелерді қайта құру, құру, тарату мәселелері;

● кәсіпорын жұмысының қорытындылары, хабарландыру, жүргізілген тексеріс қорытындылары;

● қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату;

● қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту және басқа да кадрлық мәселелер.

Бұйрықтар нақты қажеттік туындаған кезде ғана шығарылуы керек. Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек бұйрық арқылы ғана жүргізіледі.

Бұйрық шығаруға төмендегілер заңдық негіз бола алады:

● Қазақстан Республикасының заңдары;

● Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өкімдері;

● Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері;

● кәсіпорын қызметін құқықтық реттеудің қажеттігі, кәсіпорын алдында тұрған шұғыл және негізгі мәселелерді шешу.

БҰЙРЫҚ 

            Оспанов Алмат Асхатұлы 2007 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының хат-хабарларды тіркеу және жеткізу бөліміне 2 (екі) ай сынақ мерзімімен бас маман қызметіне қабылдансын.

Негіздеме: А.А. Оспановтың  2007 жылғы 11 қыркүйектегі өтініші, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 15 Жеке еңбек шарты.

Директор                                         __________                                    _____________

(қолы)                                    (аты-жөні)

Бұйрықпен таныстым

Қызметкер                                       __________                    12.09.2007 ж.                                                                                                  (қолы)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]