Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SDN_UMK_kaz.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

6.2 Газлифтілі ұңғыларды пайдалану.

Газды-сұйық қоспасы құбырда қозғалған кезде тұрғызылатын қысымның таралу қисық сызығы газлифт ұңғысының жұмыс режимінің параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Анықталатын басты параметрлер - айдау қысымы мен меншікті газ шығымы. Бірақ та газлифтің жұмыс режимін орнату мақсаты әртүрлі қойылуы мүмкін. Мысалға, газдың жұмыс қысымы шектеулі немесе шектеусіз, жұмыс қысымы шектеусіз, бірақ меншікті газ шығымы шектеулі, сұйықты көтеруге кететін меншікті энергия шығымы өте аз болу қажет.

Газлифт ұңғыларына инженерлік есептеу жүргізгенде сұйық пен газдың ағыс теңдеуі белгілі болу қажет.

Егер ұңғының түп қысымы газға қанығу қысымынан үлкен, газ факторы тұрақты болса, онда газ ағысының теңдеуі қажет болмайды. Бірақ та ортақ фильтрмен бірнеше қабатшаларды ашқан кезде, таза газ қабатшалары кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда газ үшін индикаторлық сызық немесе газ ағысының теңдеуін қолданамыз.

Тәуліктік өнімі берілген газлифт ұңғысын жобалауда индикаторлық сызық немесе ағыс теңдеуі бойынша берілген тәуліктік өнімге сәйкес ұңғының түп қысымын анықтауға болады. Бұл жағдайда сәйкес газ факторы Г0 берілу қажет. Сонымен қатар қысымның таралу қисық сызығын тұрғызуға қажетті параметрлер белгілі болу керек. Рт нүктесінен бастап төменнен жоғары тәсілін қолданып қысымның таралу кисық сызығын тұрғызамыз.

Егер Рт>Рқанығу болса, онда қысымның таралу сызығын Рт нүктесінен емес, Рқанығу нүктесінен бастап тұрғызамыз. Содан кейін сағадағы қысымнан бастап екінші қысымның таралу қисық сызығын жоғарыдан төмен тәсілін пайдаланып тұрғызамыз. Бұл жерде есептелген газ факторы жер бетінен айдалатын меншікті газ шығынын Rа ескереді, яғни Ге=Го+Ra.

Есепті 2-ші қисық 1-ші қисық сызықпен қиылысқанша жүргізе береміз. Қиылысу нүктесінің ордината осіне проекциясы сорапты компрессорлық құбырға енгізілетін газ тереңдігін L2 анықтайды, ал абсцисса осіне проекциясы түптегі (башмак) айдалған газдың жұмыс қысымын (Рб) береді.

Газ бағанасының қысым өзгерісінің заңдылығын біле отырып сағадағы жұмыс қысымын Рж анықтауға болады.

Ге мәні өссе, газдысұйық қоспасының орташа тығыздығы мен құбырдағы қысым градиенті де кемиді. Ал егер Ге мәні азайса, онда сорапты компрессорлық құбырға енетін газ тереңдігі, яғни Lг мен жұмыс қысымы көбейеді.

Осындай графикалық әдісті әртүрлі диаметрлі көтергіштерге жасап, солардың ішінен ең кіші мәнді газ факторын таңдап алып, соған сәйкес көтергіштің диаметрін ұңғыға тағайындаймыз. Сол диаметрлі құбырды ұңғы ішінен түсіріп, газлифтілі көтергіш ретінде пайдаланамыз.

Құбырларда газды енгізу тереңдігін графикалық тәсілмен анықтау.

Газлифт ұңғыларын қалыптасқан және қалыптаспаған режимдерде зерттейміз. Ұңғының түп қысымының өзгерісі жөніндегі мәліметтерді, оның дәлдігін тереңге түсірілетін манометрлер арқылы өлшейміз.

Егерде сорапты компрессорлық құбыр ішіндегі қоспаның ағыс жылдамдығы үлкен болып, манометрды түсіру қиынға соқса, онда зерттеу қалыптасқан режимде жүргізіледі. Түптегі қысым мәнін айдалып жатқан газдың ұңғы сағасындағы жұмыс істеу қысымы бойынша есептейді.

Мұндағы V - газдың көлемдік шығыны, m-зерттеліп жатқан ұңғыға тұрақты сан, коэффициент, ол газ ағынының геометриялық, физикалық және гидромеханикалық мінездемелерін ескереді; L - көтергіштің ұзындығы; ρг.о-газдың ауамен салыстырмалы тығыздығы; z-газдың ең үлкен сығылу коэффициенті; Т - құбыр сыртындағы аумақтық орташа температурасы.

Газлифт ұңғысын зерттеу не үшін қажет?

Ол аз шығынды газ айдалған ұңғының жұмыс жасау режимін анықтау үшін, индикаторлық сызықты түсіру немесе ағыс теңдеуін анықтау үшін, дебитомердің көмегімен көпқабатты горизонттарда ағыс профилін түсіру үшін қажет.

Газлифт ұңғысымен жұмыс жасаған кезде пульсация, яғни газ бен сұйықтың кезектесіп шығуы байқалады. Пульсациямен күрес ретінде жұмыс клапанын орнатамыз.

Зерттеу нәтижесі бойынша газлифт ұңғысының тәуліктік өнімі мен айдалатын газ шығынының арасында график тұрғызамыз.

Тәуліктік өнімнің көбеюі ұңғының түп қысымының азаюына сәйкес келеді және динамикалық деңгей, сорапты компрессорлық құбыр түбіндегі жұмыс қысымы, ұңғы сағасындағы қысым да азаяды. Сондықтан жұмыс қысымының ең төмен мәні тәуліктік өнінің ең жоғарғы мәніне сәйкес келеді. Координата басынан Q сызығына жүргізілген жанама Q сызығын 1 нүктесінде қиып өтеді. Бұл нүктеге сәйкес айдалатын газдың меншікті шығымы ең төмен мәнге ие болады (2 нүкте). 3 нүктесінде Q(Vг) қисық сызығы ең үлкен мәнге ие болады. Жұмыс қысымын манометрмен өлшеп, барометрлік формуланы қолданып құбыр түбіндегі Рб қысымды анықтаймыз. Қысымның таралу қисық сызығын жоғарыдан төмен тұрғызу тәсілін қолданып ұңғының түп қысымын анықтаймыз. Қысымның таралу қисық сызығын жоғарыдан төмен тұрғызу тәсілін қолданып ұңғының түп қысымын анықтаймыз.

Газлифт ұңғысының әртүрлі жұмыс жасау режиміне сәйкес тәуліктің өнім мен түп қысым арасында Q(Рс) график, яғни индикаторлық сызық тұрғызамыз.

Мұнай өнімін алу үшін үздіксіз газлифтілі әдісінде сығылған газды жер үстінен беруге пайдаланатын Л-типті (тік ұңғылар үшін), ЛН-типті(көлбеу бағытты ұңғылар үшін) қондырғылар қ-газды сақиналы кеңістік арқылы айдалатын ,бірқатарлы көтергіштер,қабылдау клапанымен,пакермен сильфонды Г-типті клапанмен жабдықталған. Соңғы жабдықтар ұңғы автоматты түрде жіберіп,керекті режимде пайдалану үшін қолданылады. Газлифтілі клапандар СҚҚ-ны көтермей-ақ қанатты техника жабдықтарының көмегімен орнына салынып,алынады.

Өндірістегі компрессорлық станциялар,кезінде поршеньдық ГКМ және ГКН типті газмотокомпрессорлар және үлкен өнімді ортадан тепкіш компрессорлармен жабдықталған.Ұңғыны игеріп, жіберу үшін және кейбір жөндеу жұмыстарын істеу үшін қозғалмалы компрессорлық қондырғылар қолданылады. Олар 1,6 МПа қысыммен 3,5-54 м3/мин шығынмен агент айдайды. Оларды шаналарда, гусеницалы арбаларда, автоприцептерде орнатылады.

Компрессорлық және компрессорсыз газлифтілі әдістерде жұмыс агентін алдын-ала дайындау қажет. Газдан көмірсутек фракциясын және конденсатты айырады, неге десеңіз, олар гидраттардың пайда болуына ықтимал жағдай жасайды. Сондай-ақ, коррозия шақыратын механикалық қоспалардан, күкірт сутекті және басқа қоспалардан айырып дайындайды.

Гидраттың пайда болуына қарсы күрес үшін ең қарапайым әдіс –газды 950 С қозғалмалы қыздыратын қондырғылар арқылы(150000м3/тәу) ұңғы сағасына, газ құбырының бойына немесе газ бөлетін пункт басынан қыздырып айдайды.

Сурет 6.1. Газлифтілі ұңғының сызбасы: а - бір қатарлы көтергіш; б - екі қатарлы көтергіш; в - жартылай қатарлы көтергіш; г - қайта жіберу клапанды және пакерлі бір қатарлы көтергіш; д - толтыру камерасы бар екі қатарлы көтергіш; е - толтыру камерасы бар екі қатарлы көтергіш және көтергіштегі қосымша кері клапан; ж - толтыру камерасы бар бір қатарлы көтергіш; 1 - кигізбелі құбыр; 2 - көтергіш; 3 - воздушные трубы; 4 - құйрықша; 5 - қайта жіберу клапаны; 6 - пакер; 7 - кері клапан ; 8 - толтыру камерасы ; 9 — көтергіштегі кері клапан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]