- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Маңғыстау гуманитарлы - техникалық университеті Арнайы пӘндер кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •6. Студент білімі жайлы мәлімет:
- •7. Курс саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар:
- •8.1. Пәннің тақырыптық жоспары:
- •10. Студенттердің өзіндік жұмыстарға (сөж) берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •11. Аралық және қорытынды бақылау жүргізуге арналған тапсырмалар.
- •12. Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені (деріс тезистері, иллюстрацияланған және таратылатын материалдар; ұсынылатын әдебиеттердің тізімі)
- •Ұңғының түрлері
- •Ағысты шақыру және ұңғыны меңгеру
- •Ұңғы маңын өңдеудің жүйелі қарастыру
- •Қабатты сұйықпен жару
- •Зерттеу техникасы мен технологиясы
- •6.1. Ұңғының фонтандау негіздері
- •6.2 Газлифтілі ұңғыларды пайдалану.
- •Терең сорапты қондырғылы ұңғыны пайдалану.
- •Штангілі терең сорапты қондырғыны пайдалану
- •Тест тапсырмалары
Ұңғы маңын өңдеудің жүйелі қарастыру
Жүйелі технология біртексіз коллекторлардағы көмірсутектер қорын интенсивті алудың негізін құрайды.
Жүйелеу технологиясының негізгі принциптері:
Таңдалған бөліктегі айдау және өндіру ұңғыларының түп маңы зонасын жүйелі түрде өңдеу принципі
Ұңғы маңын өңдеудің массалық принципі
Ұңғы маңын өңдеудің периодтық принципі
Ұңғылардың түп маңын өңдеудің сатылы принципі
Ерте берілген бағдарламадан ұңғыны таңдау арқылы қабаттағы фильтрациялық ағыстардың бағытының бағдарламалық өзгеріс принципі
Ұңғы маңындағы және толық участоктарындағы нақтылы геология-физикалық жағдайлар, коллекторлық және фильтрациялық қасиеттер жүйесі бойынша ұңғы маңын өңдеу принципі.
Қабатты сұйықпен жару
Қабаты сумен жару – ұңғылардың түп маңы аймағына әсер етудің тиімді құралы. Ұңғыларды меңгергенде бұл әдісті мұнай мен газ кенорындарының өнімділігін арттыру үшін айдау ұңғыларынң жұту қабілетін көбейтуге, қабат суларын бөлектеуге және т.с.с. қолданады.
Қабатты сумен жарудың мәні-түп маңы аймағының жыныстарында ұңғыға айдалатын сұйық қысымы әсерімен жасанды жарықтар жамау мен бұрынғы жарықтарды кеңейтуде. Қабат жыныстарында қысым көтерілгенде жаңа жарықтар қалыптасады және бұрыннан барлары ашылады және кеңейеді. Бұл жарықтар жүйесі ұңғыны түптен қашықтықта жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қысым төмендегенде, жарықтар бітеліп қалмауы үшін оларға ұңғыға айдалатын сұйыққа қосып береді. Жарықтар радиусы ондаған метрлерге жетеді.
Қабатты сумен жарудан кейін ұңғы шығымдарының бірнеше есеге арттыратынын кәсіпшілік тәжірибесі көрсетті. Қабатқа сүзілетін сұйықпен қабатты жарғанда жарықтардың қалыптасу механизмі былай болады. Ұңғыда сорап агрегаттарымен тудырылатын қысымдағы жару сұйығы алдымен жоғары өткізгішті аймақтарда сүзіледі. Бұл кезде тік қабаттағы қабатшаларда қысым айырмасы пайда болады, өйткені өткізгіштігі жоғары қабатшалардағы қысым өткізгіштігі аз немесе тіптен өткізбейтін қабатшалардағы қысымға қарағанда жоғары. Нәтижесінде өткізгіш қабаттың жабыны мен табанына жару күштер әсері басталады да, жоғары тұрған жыныстар деформацияға ұшырайды және қабатшалар шектерінде көлбеу жарықтар пайда болады. Сүзілмейтін сұйықпен жарғанда қабатты жару механизмі қалың қабырғалы ыдыстарды жару механизміне ұқсас болады және бұл үшін жоғары қысым керек. Бұл кезде қалыптасатын жарықтардың бағыты әдетте тік немесе қиғаш болады. Сүзілетін сұйықпен жарғанда жару қысымы әдетте сүзілмейтін сұйыққа қарағанда біршама төмен.
Бақылау сұрақтары:
1. Қабатқа әсер ету тәсілдерінің классификациясы мен міндеті.
2. Қабатқа су айдау түрлері, оның негізі, қолдану обласы.
3. Жер үсті суларын қабатқа айдауға дайындау.
Әдебиеттері: 1 – 18
№ 4-дәріс.
Тақырыбы: Ұңғыларды гидродинамикалық зерттеу.
Дәрістің мақсаты: Өнімді горизонттың бөлінуі, қабат параметрлерін және флюидтердің қасиеттерін анықтау.
Негізгі ұғымдары: өткізгіштік, тығыздық, өнімділік коэффициенті, гидроөткізгіштік.
Негізгі сұрақтары:
1. Ұңғыларды зерттеудің мақсаты мен мәні. Зерттеу әдістерінің классификациясы. (топталуы).
2. Теориялық негіздер,өткізу технологиясы,қолданылатын техника мен аспаптар, ұңғы жұмысынының орныққан және орнықпаған режимінде гидродинамикалық зерттеуледің нәтижелерін талдау.
3. Ұңғыларды термодинамикалық зерттеудің негізі.
Қазіргі таңда ұңғыларды зерттеудің әр түрлі әдістері белгілі. Гидродинамикалық зерттеулер мұнай өндіру кәсіпорындарының күшімен жүзеге асырылады және көмірсутектерді алу қорларын реттеу үрдісінің негізгі бөлігі болып табылады.
Қабат пен ұңғыны гидродинамикалық зерттеу жұмыс істейтін немесе тоқтатылған ұңғыларда белгілі параметрлерді ( қысым, температура, мұнай өнімі, уақыт және т.б.) анықтауға бағытталған. Арнайы зерттеу зертханаларына жіберу үшін өнімнің үлгісі алынады.
Зерттеу жұмыстары техникамен және өлшеу құралдарын қолдану арқылы арнайы бригадалармен жүргізіледі.
Гидродинамикалық зерттеулерге ұңғыны термодинамикалық және дебитометрикалық зерттеуді жатқызуға болады.
Зерттеу мақсаттары:
Гидродинамикалық, термодинамикалық және дебитометрикалық зерттеудің бірнеше мақсаттары бар, олардың негізгілері мыналар:
Сапалы және мөлшерлі өнімді горизонттардың бөлінуі.
Флюидтермен қаныққан ұңғы мен қабаттың түп маңының параметрлерін анықтау:
жүйенің өткізгіштігі;
қабатшалы және зональді біртексіздік;
сазды, құмды және т.б.;
қанығу.
Алынған үлгі бойынша флюидке қаныққан кеніштердің қасиеттерін анықтау:
физикалық қасиеттер( тығыздық, тұтқырлық, сығылу коэффициенті т.б.);
флюидтердің химиялық құрамы (мұнай, газ және су);
қысым мен температураны;
қанығу қысымы;
газға қанығу және т.б.
«Коллектор-флюид» жүйені сипаттайтын параметрлерді анықтау:
гидроөткізгіштік коэффициенті
қозғалыс коэффициенті
серпімділік коэффициенті β*
β*=(mβж+βп) (4.1)
пьезоөткізгіштік коэффициенті
ǽ=
(4.2)
Дренирования режимі туралы мәліметтер алу:
- бір фазалы және көп фазалы фильтрация;
- газ бүркембесінің болуы;
- сулы-мұнайлы және газды- мұнайлы байланыс.
6. Қабат қысымының төмендеуі туралы мәліметтер алу ( оның өзгерісі):
7. Ұңғының түп маңындағы термодинамикалық болмыс туралы ақпарат алу
8. Көмірсутектерді алу қорының үрдісін бақылау және уақыт бойынша болжам жасау.
9. Өнімді горизонттың қалыңдығы бойынша ағыс туралы мәлімет алу
10. Кенішке толық немесе ұңғының түп маңы зонасына жасанды әсер етуді қолдану қажеттілігіне баға беру
11. Ұңғының негізгі сипаттамасын анықтау:
- өнімділік коэффициенті ;
- ұңғының келтірілген радиусы ;
- максималды және рационалды ұңғы өнімі;
- жалпылама ағыс теңдеуінің коэффициенттері.
Ұңғыны гидродинамикалық зерттеу екі топқа бөлінеді:
1. Қалыптасқан режимде ұңғы өнімін алу әдісі.
2. Қалыптаспаған режимде ұңғы өнімін алу әдісі.
Бұл әдістерді әр түрлі ұңғыларды пайдалану әдістері мен оларды қолдануына қарамастан зерттеуге қолданылады. Тек қана зерттеуді жүргізудің техникасы мен технологиясы өзгереді.
Зерттеудің негізгі әдістерінің бірі - ұңғының жұмыс жасау режимінің өзгерісінің әсерін бақылауға негізделген гидротыңдағыш әдісі.
