- •1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері
- •Программалардың құрылымы
- •1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау Тілдердің алфавиті
- •Qbasic және Pascal программалау тілдерінің стандартты функциялары
- •Программалау тілдерінде енгізу мен шығаруды ұйымдастыру. Операторлар форматтары
- •Read (x1,x2,…,xn)
- •Тармақталу командасы.Шартты операторлар
- •Qbasic , Pascal тілдерінде таңдау командасы. Select – case операторы
- •Qbasic, Pascal тілдерінде циклды ұйымдастыру
- •Qbasic.Pascal тілдерінде күрделі циклдарды ұйымдастыру
- •1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау Qbasic, Pascal тілдерінде сандық массивтер
- •Qbasic,Pascal тілдерінде ішкі программа және процедура
- •Qbasic, Pascal тілдерінде пайдаланушы – функциямен жұмыс
- •Qbasis, Pascal тілдерінде жолдық мәліметтер
- •Берілгендер файлы.Жазу
- •2 Тақырыпқа қатысты есеп шығару
- •3 Графика
Qbasic , Pascal тілдерінде таңдау командасы. Select – case операторы
Qbasic тілінде таңдау командасы үшін арналған ыңғайлы, құрылымдық SELECT – CASE операторы бар. (Select – таңдау, Case – жағдай).
Жазылу үлгісі:
SELECT CASE <айнымалы> CASE<1-мән>: <1-блок>
CASE<2-мән>: <2-блок>
END SELECT
Жалпы жағдайда Case қызметші сөзінің параметрлері IS (IS - болу) сөзінін басталатын өрнек. Таңдау командасын SELECT – CASE операторын пайдаланып жазу программаны құрылымдық түрде жазу талабына сәйкес келеді.
Паскаль тілінде таңдау командасы END қызметші сөзінен аяқталатын Case m of операторы арқылы беріледі де, END операторынан соң нүктелі үтір қойылады. Мұндағы Case (жағдай) – деген қызметші сөз, m үшін Real типінен басқа кез келген скалярлық типте берілген айнымалы немесе өрнекті алуға болады.Оны сұрыптаушы деп атайды. Of (бойынша) – деген мағынасын білдіретін қызметші сөз.Яғни, Case - m сұрыптаушысы бойынша таңдау операторы. m айнымалының мәнін жадқа осы оператордың орындалуынан бұрын енгізілуі тиіс. Мұндағы m – Integer не 1..3 шектеулі типті айнымалы.Мысалы:
Case m of
1: y:=2*x-1;
2: y:= 3*sqr(x)-x+4;
3: y:= 5*sqr(x)*x-41;
end;
Qbasic, Pascal тілдерінде циклды ұйымдастыру
Qbasic тілінде “әзірше” циклын IF жәнеWHILE –WEND операторлары бойынша құруға болады.WHILE (әзірше) операторының құрамына логикалық амалдар мен қатынас белгілерінен тұратын өрнек кіреді.Құрамындағы шарт сақталып тұрған кезде цикл жұмыс істеп тұрады.Операторлардың орындалу нәтижесінде басқару WHILE операторына бағытталып, ондағы өрнек қайталанып есептеледі, яғни WHILE және WEND операторларының аралығындағы амалдар орындалады. Егер шарт сақталмайтын болса,онда басқару WEND операторынан кейін тұрған операторға бағытталады. WEND (wend – while және end сөздерінен құралған,бұл қызметші сөз циклдың соңы деген мағынада қолданылады).
Qbasic тілінде әзірше циклы төмендегі құрылымдар бойынша жазылуы мүмкін:
1) DO WHILE P 2) DO 3) WHILE P S S S
LOOP LOOP WHILE P WEND
Мұндағы DO, WHILE, LOOP – (орындау, әзірше, айналу) қызметші сөздер, P – шарт, S – цикл денесі.
Pascal тілінде “әзірше” циклінің жазылу түрі: WHILE P DO S
WHILE P DO – цикл тақырыбы; WHILE (әзірше), DO (орындау ) – қызметші сөздер (DO соңына нүктелі үтір қойылмайды);
P –шарт (логикалық немесе бульдік өрнек); S – цикл денесі.
.
Qbasic тілінде “дейін” циклының “әзірше ” циклынан айырмашылығы “дейін” циклында шартты тексеруден бұрын цикл денесі бір рет орындалады. ”Дейін” циклы төмендегі құрылымдар бойынша жазылуы да мүмкін:
1) DO UNTIL P 2) DO
S S
LOOP LOOP UNTIL P
Pascal тілінде “дейін” циклының жазылуы:
REPEAT S UNTIL P
Repeat – цикл тақырыбы, UNTIL – циклдың аяқталу шарты. Repeat (қайталау), Until (дейін) – қызметші сөздер. Олар операторлық жақша ролін атқарады.
Until қызметші сөзінің алдындағы оператордан соң нүктелі үтір қойылмауы тиіс.Until қызметші сөзінен кейін соң жазылған шарт жақшаға алынбауы мүмкін.
Qbasic тілінде “үшін” циклы. Егер қайталаулар саны алдын ала белгілі болса, онда циклды FOR – NEXT (for – үшін,next - екелесі) операторлар арқылы ұйымдастырған тиімді.
“Үшін” циклының жазылуы:
FOR
K=K
TO K
[STEP
H]
S
NEXT <[цикл параметрі]>
FOR – цикл басының операторы немесе цикл тақырыбы, NEXT – цикл соңын көрсететін оператор, K – цикл параметрі немесе цикл санауыш немесе басқарушы айнымалы деп аталады. K мен K - параметрдің бастапқы және соңғы мәндері (H – қадам ұзындығы, S – цикл денесі), STEP (қадам), TO (дейін). Егер H=1 болса, STEP H қызметші сөзін жазбаса да болады.
Pascal тілінде “үшін” циклының жазылуы:
FOR <цикл параметрі>:=<бастапқы мән>
TO <соңғы мән > DO S
немесе FOR<цикл параметрі>:=<бастапқы мән>
DOWNTO <соңғы мән> DO S
Мұндағы FOR … DO цикл тақырыбы; FOR (үшін), TO (дейін), DOWNTO (төменге дейін) –қызметші сөздер; цикл параметрі Integer типті айнымалы. Мұнда бастапқы және соңғы мәндер өрнек түрінде берілуі де мүмкін.
FOR циклында параметр Integer типті болса, оның қадамы 1 не -1 мәндерінен өзгеше болуы мүмкін емес (FOR – TO циклында қадам 1-ге, FOR – DOWNTO циклында қадам - 1-ге тең). Қадамның басқа мәндерінде WHILE не REPEAT циклын пайдалану керек.
