- •1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері
- •Программалардың құрылымы
- •1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау Тілдердің алфавиті
- •Qbasic және Pascal программалау тілдерінің стандартты функциялары
- •Программалау тілдерінде енгізу мен шығаруды ұйымдастыру. Операторлар форматтары
- •Read (x1,x2,…,xn)
- •Тармақталу командасы.Шартты операторлар
- •Qbasic , Pascal тілдерінде таңдау командасы. Select – case операторы
- •Qbasic, Pascal тілдерінде циклды ұйымдастыру
- •Qbasic.Pascal тілдерінде күрделі циклдарды ұйымдастыру
- •1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау Qbasic, Pascal тілдерінде сандық массивтер
- •Qbasic,Pascal тілдерінде ішкі программа және процедура
- •Qbasic, Pascal тілдерінде пайдаланушы – функциямен жұмыс
- •Qbasis, Pascal тілдерінде жолдық мәліметтер
- •Берілгендер файлы.Жазу
- •2 Тақырыпқа қатысты есеп шығару
- •3 Графика
Берілгендер файлы.Жазу
Бейсикте төрт бұрышты кесте түрінде берілгендермен өңдеу жұмыстарын программа арқылы орындауға болады.Дискіге жазылатын информация берілгендер файлы (БФ) деп, онымен жұмыс істеуге арналған программаны файлдарды басқару программасы не программалық файл (ПФ) деп атайды.Мысалы,
1. Мұстафаева Жадыра 1975 қазақ
2. Қарабаев Мұқтар 1974 қазақ
3. Сармантаева Жанна 1974 қазақ
Берілгендер файылының элементі жазу деп аталады; жазу құрайтын мәндер өріс элементтері делінеді.Яғни тізімнен тұратын берілгендер файлы – жазулар жиынтығы, әр жазу – файлдың бір элементі.Жазу ұзындығы 255 – тен аспауы тиіс.Өрістің атауы 8 символдан аспауы тиіс.
Мысалда берілген мәліметтік тізімде әр жазу төрт өріс элементінен, ал файл үш элементтен және оларға сәйкес төрт бағаннан тұр.Өріс элементтері ретінде студенттердің реттік нөмері, аты –жөні,туған жылы, ұлты жазылғандықтан,сипаттаманы СТУД1 деп атап, мынадай түрде жазып қоюға болады:
СТУД1(нөмірі, аты-жөні, туған жылы,ұлты)
Тізбекті ену тәсілі бойынша құрылған БФ –тің әр жазуын жол деп те атайды.Мәшине оны дискіге тиеу кезінде әр жолының соңына автоматты түрде таңба қойып кетеді.
Файлды дискіге жазу не оны дискіден мәшиненің жадына енгізу жолдардың басынан бастап ретімен жүргізіледі.Файлды жазуға, оқуға арналған дискілік операторлар барлық компьютерлер үшін бірдей емес.
IBM PC дербес компьютерінде тізбекті ену файлымен жұмыс істеу программасында пайдаланылатын операторлар:
OPEN (ашу)- файлды дискіге жазу не дискіден оқу үшін файлды ашу:
PRINT # M –файл жолын дискіге жазу;
INPUT # M – файл жолын дискіден оқу;
CLOSE (жабу)- файлды жабу
Бұлардың программада жазылу түрлері:
1) Атауы F$ арқылы берілгендер файлын дискіге жазу үшін орын белгілеп, оны ашу:
1: OPEN “O”,# M, F$
2: OPEN F$ FOR OUTPUT AS # M
Дискіде F$ атаулы файлды оқу үшін оны ашу:
1: OPEN “I” ,# M ,F$
2: OPEN F$ FOR INPUT AS # M
Мұндағы:
O,I – OUTPUT (шығару), INPUT (ендіру) қызметші сөздерінің бірінші әріптері;
F$ -берілгендер файлының атауы;
# M – файлдың логикалық нөмері;
Кез келген БФ тек жазу не тек оқу үшін ғана ашылыды. Оларды қатар орындау үшін ашу мүмкін емес.
2) Атрибуттарының атаулары A, B$, C, D$ арқылы және логикалық нөмірі.#1 арқылы белгіленген файлдың бір жазуын дискіге тиеу операторы:
PRINT # 1, A; “,”; B$; “,”; C; “,”;D$
Мұндағы “,” таңбасы – мәндерді дискіге үтір арқылы ажыратып, үнемді түрде жазу белгісі; D$ - тун соң қалдырылған бос аралық –жолдың аяқталу белгісі.
3) A, B$, C, D$ элементтерінен тұратын файл жолын дискіден оқу (жадқа енгізу) операторы;
INPUT #1, A, B$, C, D$ түрінде беріледі. Әр элементті үлгі бойынша манитор экранына шығару, әдеттегідей, PRINT операторы арқылы орындалады.
4) Ашылған берілгендер файлымен жұмыс істеуді аяқтаған соң оны жабу керек.Жабу операторының жазылу түрі:
CLOSE #1 не CLOSE 1
Жазу Паскаль тілінде түрлі типті элементтерден тұратын күрделі типті берілгендер ерекше орын алады.Ұзындығы 255 аспайтын мұндай берілгендердің әр қайсысын жазу деп, ал жазу құрайтын элементтерді жазудың өрістері деп атайды.Мысалы,
142141 Айдаболова Фариза 1986 қазақ
142142 Алибаева Нұргүл 1986 қазақ
142143 Болатова Гүлдана 1987 қазақ
Жазудың сипстталу үлгісі Type бөлімінде типтың атын анықтап аламыз.
Type <тип атауы>= record<өріс атауы>: <өріс типі>;
<өріс атауы>:<өріс типі>;
end;
var<жазу атауы>:< тип атауы>;
Өрістің атау 8 таңбадан аспауы тиіс.Өріс айнымалыларын толық түрде жазу гүрделі программаларды оқуды қиындатады. With (қосу,біріктіру) жалпы түрі.
With <жазу атауы> do
Begin
<операторлар>;
end;
Бейсиктегі сияқты,Паскальдаерекше орын алатынберілгендер файлы – жазулардан тұратын элементтер тізбегі.Жазулар саны файлдың ұзындығы деп аталады.Мысалы,
142141 Айдаболова Фариза 1986 қазақ
142142 Алибаева Нұргүл 1986 қазақ
142143 Болатова Гүлдана 1987 қазақ
Құрылымы; студент (шифры,аты –жөні, туған жылы,ұлты ).
Файл типін сипаттау үлгісі мынадай:
Type<тип атауы>=file of<элементтер типі>;
Var <айнымалы атауы>:<тип атауы >;
Мысалы, жоғарыда қарастырылған мәліметтік тізімнен тұратын файлды мынадай түрде сипаттау мүмкін.
Type student = record a1:longint; a2:string[17];
a3:integer; a4:string[10];
end;
var F:file of student;v:student;
Мұндағы student – жазу типінің атауы; f – элементтері сипатталған жазулардан тұратын файлды, V –осы жазуларды анықтайтын айнымалылар.Жазу өрістері нүкте арқылы бөлінгег жазу мен атрибут атауларынан тұрады:v.a1, v.a2, v.a3, v.a4.
Файл элементтері дискіге жазылғанда 0-ден бастап автоматьы түрде нөмірленіп қойылады.Файлды СУСҚ тиеу файлды жазу деп аталады, ол СҚ –дан анық машинаның аперативтік жадына енгізу файлды оқу деп аталады.
F – файлдық айнымалы
Bf – берілгендер файылының атауы меншіктелетін айнымалы
V – файлдық элементтер болсын
v.a1, v.a2, v.a3, v.a4 - өрістік айнымалылар болсын
Турбо Паскальда да файлмен жұмысты тізбекті және еркін ену тәсілдері бойынша жүргізу мүмкін.Файлды жазу үшін мынадай операторлар пайдаланылады:
ASSIGN(f,bf) –bf файлға f атауын беру.Ол bf-ң мәнін f–ке меншіктейді. Компьютер f-ті саны белгісіз элементтерден тұратын bf- тің атауы деп қабылдайды.Бұл әдіс программада түрлі берілгендер файлын өңдеуге мүмкіндік береді;
REWRITE(f) – атауы assign операторында анықталған файлды жазу үшін дискілік файлды ашу.Ол берілгендер файлы үшін дискіден орын бөліп,көрсеткішті осы орынның басына орналастырады.
Ескерту.Егер ол дискіде осындай атаулы Б.Ф бұрыннан бар болса rewrite (f) арқылы өшіріледі;
WRITE(f,v) –f үшін бөлінген дискілік файлға v элементін жазу.Ол элементті көрсеткіш тұрған орыннан бастап жазылып шығады.Оператор орындалған соң көрсеткіш келесі элемент жазылатын орынның басына ауысады;
CLOSE(f) – файлды жабу ;
Сыртқы құрылғыларда жазылған берілгендер файлын сыртқы файл деп атайды.БФ – н дискіден оқып экранға шығаруда төмендегі операторлар орындалады.
ASSIGN (f,bf)- bf файлын f файлын байланыстыру;
RESET(f)-атауы f пен берілген сыртқы файлды ашып,көрсеткішті осы файлдың басына орналастыру;
WHILE NOT EOF(f) –do - көрсеткіш файлдың соңына жеткенге дейін программаны орындау циклі. EOF end of file – файл соңы.Егер көрсеткіш файлдың соңғы элементтерінен енді асса,eof мәні –true, әйтпесе-false;
READ(f,v)- атауы f арқылы берілген файлдың бір элементін дискілік файлдан оқу.Оператор орындалып болған соң көрсеткіш келесі элементтің басына ауысады.
WRITE (v.a1, ‘ ’,v.a2, ‘ ’,v.a3, ‘ ’,v.a4 )- файл элементін экранға шығару.Кейде мына типте де жазуға болады. Write (v.a1:7, v.a2:17)
String типті айнымалы мәнін бағананың сол жағынан бастап шығарған дұрыс.Ол үшін v.a2,’’:18-length(v.a2) қолданылады.
Компьютерде жазуды бірден іздеп табу үшін программаға seek(f,k-1)
операторы, одан кейін read (f,v) не rewrite (f,v) операторларының қажеттісі енгізіледі.Егер іздеу белгісі ретінде орындалатын k саны алдын ала енгізілмесе, онда seek (f, k-1) операторы керсеткішті 0 жазудың басына апарады.Керісінше жағдайда көрсеткіш k-шы жазудың басына орналастырады.(seek-іздеу).
Filesize(f) –файл жазулардың санын анықтайды.Сыртқы файл жазуларына осылайша тез жету тәсілі файлға еркін тікелей ену тәсілі деп , ал файлдың өзі еркін ену файл деп аталады.Жазудың ұзындығы 32767 –ден аспауы тиіс.
