- •1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері
- •Программалардың құрылымы
- •1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау Тілдердің алфавиті
- •Qbasic және Pascal программалау тілдерінің стандартты функциялары
- •Программалау тілдерінде енгізу мен шығаруды ұйымдастыру. Операторлар форматтары
- •Read (x1,x2,…,xn)
- •Тармақталу командасы.Шартты операторлар
- •Qbasic , Pascal тілдерінде таңдау командасы. Select – case операторы
- •Qbasic, Pascal тілдерінде циклды ұйымдастыру
- •Qbasic.Pascal тілдерінде күрделі циклдарды ұйымдастыру
- •1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау Qbasic, Pascal тілдерінде сандық массивтер
- •Qbasic,Pascal тілдерінде ішкі программа және процедура
- •Qbasic, Pascal тілдерінде пайдаланушы – функциямен жұмыс
- •Qbasis, Pascal тілдерінде жолдық мәліметтер
- •Берілгендер файлы.Жазу
- •2 Тақырыпқа қатысты есеп шығару
- •3 Графика
Qbasic.Pascal тілдерінде күрделі циклдарды ұйымдастыру
Бірінің ішінде бірі салынған бірнеше қарапайым циклды күрделі цикл деп атайды. Күрделі циклдарды сыртқы және ішкі циклдар деп бөледі. Біріне – бірі салынған цикл санын күрделі циклдың тереңдігі деп аталады. Күрделі циклдарды “үшін” циклының операторы арқылы құруға болады. Qbasic тілінде FOR арқылы берілетін цикл ішінде циклдың жазылу түрі:
FOR K =K TO K
FOR J=J TO J
NEXT J :NEXT K
Мұндағы J – ішкі цикл параметрі, K – сыртқы цикл параметрі.
Pascal тілінде FOR арқылы берілетін цикл ішінде циклдың жазылу түрі:
FOR K=K TO K DO S
FOR J= J TO J DO S
1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау Qbasic, Pascal тілдерінде сандық массивтер
Программалау тілдерінде бір типті шамаларды массивке біріктіруге болады. Аты біртекті элементтердің реттелген жиыны массив болып табылады. Ол математикада вектор ұғымына, ал мектептің алгоритмдік тілінде сызықтық кестеге сәйкес келеді. Массивтің аты жай айнымалының атын құрғандағы ережелерге сүйеніп құрылады. Массивтің әрбір элементіне соңынан индексі келетін массивтің аты меншіктеледі. Сондықтан да массив элементтерін индексті айнымалылар деп те атайды. Ұйымдастыру тәсілдері бойынша программалву тілдерінде бір өлшемді және екі өлшемді массивтер пайдаланылады. Бір өлшемді массив ретінде векторды, ал екі өлшемді массив үшін матрицаны қарастыруға болады.
Qbasic тілінде бір өлшемді массив. Кез келген сан немесе айнымалы шаманың мәнін өз жадында сақтау үшін ЭЕМ оған сәйкес ұяшық бөледі. Ал құрамында көп мәні бар массивтер үшін белгілі мөлшерде ұяшық бөлуге тиіс. Массивтер Бейсик тілінде DIM операторы арқылы сипатталынады. Оның жазылу тәртібі мынадай:
DIM <айнымалы> (индекстер); <айнымалы> - массив аты, оның соңына элементтер типін сипаттау символы енгізілуі тиіс (%,$); индекстер – ең соңғы элементтің индекстері. Мысалы, DIM A$ (5).
Pascal тілінде бір өлшемді массив. Массив элементтерін және оның атауын белгілеу Бейсик тіліндегі белгілеулерге ұқсас. Паскаль тілінде бір өлшемді массивтің жазылу тәртібі мынадай:
Type <тип атауы> = array[P1] of P2;
Var < массив атауы>:=<тип атауы>;
Мұндағы, array[P1] of P2 - массивті анықтау; P2 - массив элементтерінің типі (оны негіздік тип деп атайды);
P1 - элемент индексінің типі (ол Integer, Real типтерінен басқа кез келген жай тип болуы мүмкін. Әдетте ол үшін аралық тип алынады); тип атауы – типті (массивті) анықтайтын кез келген белгілеме (айнымалы);
массив атауы – типі тип атауынан тұратын айнымалы;
TYPE (тип), ARRAY (массив), OF – қызметші сөздер.
Qbasic тілінде екі өлшемсді массив. Екі өлшемді массивке мысал, математикадығы матрица бола алады. Екі өлшемді массивтердің элементтері екі индекспен көрсетіледі, оның біріншісі қатардың номері, ал екіншісі бағанның номерін анықтайды. Екі өлшемді массивтерде индекстер үтірмен бөлінеді . Программалау тілдерінде индекстер нөлден бастап нөмірленеді. Екі өлшемді массивтің жазылуы:
DIM A$(3,3) . Индекстің ең кіші мәні нөл, ал ең үлкен мәні DIM операторында белгіленген мәннен асып кетпеуі керек. Егер индекстің мәні бұл шекарадан асып кетсе, онда программаны орындауда, қателік кеткендігі жөнінде хабар экранға шығады. Массивтерді цикл ішінде , FOR және NEXT операторларын қолданып өңдеген ыңғайлы. Бұл жағдайда цикл параметрі циклдің санын санау қызметін атқарады және массив элементтерінің индексін белгілеуде қолданылады.
Pascal тілінде екі өлшемді массив. Паскальда екі өлшемді а массивін былай жазуға болады:
type ms = array [1..3,1..3] of P;
Var a:ms;
P – массив элементінің типі .
