- •38.Драма жанры
- •40.Ішкі монолог
- •42.Үзінді қай шығармадан алынған
- •43.Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі
- •44.Сатиралық лирика Сатира[өңдеу]
- •45.М.Мақатаевтың “Райымбек,Райымбек” поэмасының негізгі идеясы
- •46.Қазақ өлеңінің құрылысы Қазақ өлеңдерінің құрылысы
- •47Көркем шығармадағы пролог пен эпилог
40.Ішкі монолог
Ішкі монолог - кейіпкердің ішкі ойы, өзіне өзі қарата айтылған арнауы. Көңіл-күй сырын білдіретін, эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құралдардың бір түрі. Ішкі монолог Шекспир драмаларында жиі кездеседі. Кейіпкер сахнада жалғыз қалатын кездерде - ішкі монолог арқылы өз ойын жеткізген. Бүл ретте кейіпкер автордан тыс "ішкі сөзін" өзі ашып берген. Ал жаңа кезең әдебиетінде баяндау тәсілдерінің жетілуіне байланысты ішкі монологты түрлендіріп қолдану кең орын ала бастаған. Л.Толстойдың Анна Каренинасы мен М.Әуезовтің Абайы арқылы ішкі монологтың еркін қолданылғанын көреміз, олардың тебіреніс-толғанысы толық ашылады. Формасы мен мәні адам психикасындағы ғылыми және эстетикалық ойлау жүйесінің дамуына байланысты өзгеріп отырған. Сондықтан да ол әсіресе әлеуметтік-психологиялық романдарда жиі кездеседі, автордың көрінбей араласуы арқылы жүзеге асады, психологиялық анализ түрінде беріледі. Ол шығармалық әдіске орай әр алуан көркемдік әсер туғызады.[1]
Кез – келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкі монолог (кейіпкердің Классикалық биік деңгейге көтеріліп, әлемдік көркем - өнерге асыл Жазушы халқымыздың тарихындағы ең бір тұлғалы кезеңді – Қазақстанның Әбіш Кекілбаев – қазақ көркем әдебиетіне үлкен үлес қосып Әдебиеттанушы ғалымдар Г.Пірәлиева, Ж.Дүйсенбаевалар Ә.Кекілбаев шығармаларын әдеби тұрғыда зерттеген.
Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары Тілдің қалыпты тірегі – сөз. Қазіргі көркем прозадағы бейнелеу тәсілдерінің бірі - ішкі монолог Көркем проза адам психологиясының ішкі иірімдері, күрделі де терең Жалпы ішкі монологтың кейіпкер образын ашудағы қызметі орасан зор. Сонау антикалық дәуірдегі мифтен қазіргі өскен, күрделенген үлкен жанр
41.Ұйқас
Өлең тармақтарындағы аяққы сезердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұ. Өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті ез алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі - өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мыс. :
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп. – б
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп. - б
Ұйқас түрлері
Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мыналар:
1. Қара өлең ұйқас 5. Шалыс ұйқас
2. Шұбыртпалы ұйқас 6. Егіз ұйқас
3. Ерікті ұйқас 7. Аралас келетін ұйқас
4. Кезекті ұйқас 8. Осы күнгі ерікті ұйқастар
