- •38.Драма жанры
- •40.Ішкі монолог
- •42.Үзінді қай шығармадан алынған
- •43.Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі
- •44.Сатиралық лирика Сатира[өңдеу]
- •45.М.Мақатаевтың “Райымбек,Райымбек” поэмасының негізгі идеясы
- •46.Қазақ өлеңінің құрылысы Қазақ өлеңдерінің құрылысы
- •47Көркем шығармадағы пролог пен эпилог
47Көркем шығармадағы пролог пен эпилог
Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. Пьесаныңкіріспесі де Пролог деп аталады. Антикалық трагедия еур. драмада театр көрерменде багыттала отырып, сахнада көрініс басталуын білдірді. Прологтың кір сөзден айырмасы онда сюже құрылым, көркемдік нақыш ба болады. Прологкөптеген роман, повесть, поэмаларда кездеседі.[1
Композицияның сюжеттен тыс бөлігі: пролог (грекше prologos – кіріспе сөз) – әдеби туындының алғы сөзі. Мұнда негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Ол оқырманды енді болатын оқиғаға дайындап, назарын аударып, сюжеттің кіріспесі қызметін атқарады. Ежелгі Грекияда пролог көрермен көңілін сахнаға аудару, арнау, жарлау мағынасында да қолданылған. Қазақ әдебиетінде С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романының алғашқы тарауларын пролог деп бастаған.
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының кіріспесі, Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесінің басы, С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы автордың таптық идеяны уағыздаған алғы сөзі, Ә.Таразидің «Жаза» романындағы қолжазбаның қолына қалай түскендігі туралы автордың түсініктемесі, Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесіндегі күнделікпен таныстыратын алғы сөзі т.б.
Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилепсия негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді. Драмалық шығармаларда автордың айтайын деген ойы кейіпкерлердің сөздері арқылы Эпилепсията берілуі мүмкін. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында Эпилепсиятың классик. үлгісі қолданылған. Эпилог (грекше epilogos – соңғы, кейінгі сөз) – шығарма шешімінен кейінгі қорытынды бөлім. Мысалы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогында бала мен аққудың өлімінен кейінгі көлдің қазіргі жетімсіреген жағдайы,..
Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым, Жерді аңсаймын... Жалғыз-ақ сол - арманым. Қиын екен, қимасың екі бірдей, Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны... Көрдің бе бір-біріне дөп келуін, Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің. Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды. Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапгы Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты.
48.Монолог қай шығармадан алынған
Монолог Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологынан алынған
«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы тек Немат ағаның әдеби мұрасы ішінде ғана емес, бүкіл қазақ қаламгерлерінің ішіндегі алар орны бөлек шығарма. «Үміт үзгім келмейді» кітабы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, ЮНЕСКО аясындағы ең мерейлі марапаттардың бірі – Еуропаның Франц Кафка сыйлығына ие болды.Немат Келімбетов - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы туралы және ежелгі дәуір жәдігерлері жайлы өте құнды да бағалы еңбектер жазған ғалым. Немат Келімбетовтің тағы бір ерекшелігі - ол жазушылық қыры. Жұлын-омыртқа ауруымен ауырып, жылдар бойы аяқ-қолы қозғалмай төсекке таңылып жатқан жазушы-ғалымның осыншама еңбектері мен ізденістері оның өмірге құштарлығы мен қайсарлығының жемісі. Өзінің қиын тағдырын жазушы Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында терең тебіреніспен жеткізеді. Бұл хикаяттың бас кейіпкері Ержан (Немат ағаның өзі) – жұлын-омыртқасын жасалған аса күрделі нейрохирургиялық операциядан кейін ақырет азабын шегіп, күні-түні өліммен арпалысып жатқан қайсар азамат ретінде бейнеленеді. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов айтпақшы Шығармадағы бас кейіпкер Ержан– белдеспей жатып беріле салатын бозборық жан емес, ол басына түскен таудай тауқыметке де, алты батпан азапқа да, өзін минут сайын қыл мойынға тақап бара жатқан ажалға да дес бермей, қасқиып қарсы тұратын қайсар жан. Рас, төбесінен төніп келе жатқан ажал үрейі кейде оның да тұла бойын еріксіз билеп алады. Әйтсе де Ержан «өліп қалам деп емес, өзінің қоғам алдындағы , туған-туысқандары мен дос-жарандары алдындағы бүлдіршіндей екі баласы мен сүйікті жары Гауһардың алдындағы азаматтық, туыстық, достық, әкелік борышын өтей алмай қаламын ба деп қорқады». Күн санап өмір шамы өшіп бара жатқан Ержанды ажал аузынан сүйікті жары Гауһар алып қалғаны хикаят-монологта зор шеберлікпен баяндалады. Әсіресе аяқ-қолы қимылдамай сал болып жатқан кейіпкердің кітап парақтарын тілімен аударуға дейін әрекет жасап, өмір үшін күрескені әрбір оқырманның жанын тебірентіп, көзіне жас үйіреді. «Үміт үзгім келмейді» хикаяты Н.Келімбетовтың өз өмірі, өзі мен зайыбы Қуаныш, балалары Мұхит пен Қайрат туралы жазылған деректі шығарма.
Хикаят-монолог науқас жанның өмірге деген құштарлығы мен басталып, сол «Өмір атты алып өзеннің» шыңы жеткен шақпен аяқталады. Бұл Н.Келімбетов шығармашылығының композициялық-сюжеттік ерекшелігі десекте болады. Хикаят-монолог Ержанның аурухана төсегінде жатқан кезеңінен басталып, нейрохирургиялық ауруды жеңіп үмітін үзбей, жалғыз өзі үшін емес балалар үшінде күйініп, өмір сүремін, қайтсем де тірі қаламын деген ниетпен, операциядан аман шығып, басынан өткен ауыр қиыншылықтың барлығын көрмегендей болып артта тастап, бақытты өмір сүріп жатқан кезеңімен аяқталады.
Қорыта айтқанда, «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы тек Немат ағаның әдеби мұрасы ішінде ғана емес, бүкіл қазақ қаламгерлерінің ішіндегі алар орны бөлек шығарма.
