Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adeb_kir (1).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

45.М.Мақатаевтың “Райымбек,Райымбек” поэмасының негізгі идеясы

Мұқағали Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады.е келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған.Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады ("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.

Тыныш жатқан қазақ еліне жоңғарлар шабады. Сол уақытта елінің,жерінің қиын жағдайға түскенін Қабай жырау зарлана айтады. Бастарына қара бұлт төніп, батырларынан айырылған қазақ елінің ауыр жағдайы суреттеледі. Сол уақытта Қабай жырау өліктер арасынан кішкентай баланы тауып алады......Бала Райымбек ат жарысынан "Райымбек! Райымбек!" деп өз атын өзі ұрандап келеді. Баланың бұл қылығына ауыл ақсақалдары ашуланады. Райымбек өзіне Қабай жырауды қалқан тұтып, өз ойында түйіп жүрген сөздерін халыққа айтады. Оның осы айтқандарынан кейін әкесі Түке қайтыс болады. Райымбектің жасы 18-ге толады. "Қазақтарды жау шауып жатыр", деген хабарды естіген Райымбек жауға аттанбақ болады....Өзінің жауға аттанбақ тілегін биге айтады.Би оған қиын да қатыгез талап қояды.Би батырға Іледен өтсе, тілегі орындалатынын айтады. Бидің шартын орындап, Ілені кесіп өтеді. Халықтың ықыласына бөленіп, артына қол жинап, жауға шабады.

Поэманың негізгі идеясы - XVIII ғасырдың басында жоңғарларға қарсы шапқан Райымбек батырдың ерлігін кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу. Жастарға патроиттық сезім сыйлайтын туындыларды оқыту. Елін, жерін сүюге уйрету.

46.Қазақ өлеңінің құрылысы Қазақ өлеңдерінің құрылысы

Қазақ өлеңдерінің құрылысы – қазақ әдебиеті теориясының категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен заңдылықтары. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып, оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер;екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;

екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді: 1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. 2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. 3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған.. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардыңпоэзиясында қолданылады. Қазақ өлең құрылысы да силлабикалық өлең құрылысына жатады. Қазақ тіліндегі өлең шығарудың негізгі шарты буын санын бірдей келтірумен орындалады. Қазақ өлең құрылысының негізі буында. Өлшеуіші - буын. Бірақ бұл өзгермей бекіп қалған нәрсе емес. Өзгеруі мүмкін нәрсе. Сөйтсе де қазіргі дәуірде әлі буын заңы күшті.