Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

19Ғ. II жартысы мен 20ғ. Демографиялық жагдай.

Қазақстан халқының көпұлтты құрамының қалыптасуы отарлық кезенде қалыптасты. 1890жж. Ресей мен Украинадан келген крестъяндар саны күрт көбейді. 80жж. Қытайдан 50 мыңдай ұйғырлар мен дүңгендер көшіп келді. 1897ж. Санақ мэліметтері бойынша - қазақтардың үлесі - 81,7пайыз болса, 1914ж. өзінде 65,1 пайызға темендеген. 20г. басында Қазақстанда 60-тай ұлттың өкілдері тұрған. Бірінші дүниежүзілік соғыс жьшдары қазақтың саны едэуір азайды, себебі табиғи өсім азайып, өлім көбейіп кетті. 1937ж. 110 мың корей, 2,4 мыңнан астам ирандықтар мен әзірбайжан, курд, армян отбасылары Қазақстаиға жер аударылады. Осы кезеңдегі саясаттың салдарынан қазақтардың үлес салмағы мүлде төмендеді. 1939ж. қазақтар -38, орыстар-40,2, украиндар-10,8 пайызды құрады. ¥лы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің саны шұғьш артгы. Бұл жылдары немістер, шешендер мен ингуштер, балкарлар, месхет түріктері, қьфым татарлары т.б. халықтар күштеп қоныс аударылды. 2,5 млн. аса неміс жэне жапон тұтқындары болды. Олар 50-жж. қайтарылды. 1954-62жж. Тың игеруге 2 млн. жуық адам келді. 90-жж. бастап демографияда жаңа құбьшыс басталды. Ол басқа ұлтгардың көшіп кетуімен және қазақтардың басқа елдерден қайтып келуімен сипатгалады. 1991-92жж. Монғолиядан 41 мың қазақ көшіп келген.

Номадизм құбылыс ретінде.

Ортагасырларда қазақ қогамындағы өндіргіш күштердің қалыптасуында көшпелі мал шаруашылығы маңызды орын алады. Қазақстанда көшпелілік қола дэуірінде климат жағдайының өзгеруіне байланысты қалыптаса бастайды. Оган Қазақстанның табиги ерекшеліктері, өсімдік элемі мен су көздерінің орналасуы да әсер етті. Көшпеліліліктің негізгі белгілері: мал шаруашылығының тұрғындардың негізгі әрекеті болуы, жайылымның ерекшелігін ескере отырып малды тэулік бойы жайып бағу, тұрғындардың көпшілігішң көшпелі өмір сүруі. Сонымен, көшпелілік дегеніміз экстенсивті, қозғалмалы мал шарушылыгы үстем болатын жэне тұрғындардың көпшілігі мезгіл сайын көшіп-қонатын өндіруші шаруашылықтың ерекше түрі. Қазқстаңда таза көшпелі емес, көбінесе жартьшай көшпелі жэне отырықшы шаруашылық дамыған. Жартылай көшпелі мал шаруашылығына тұракты қыстаулардың болуы тэн. Шаруашылықтың бұл түрі Орталық, Шығыс Қазақстанда кең тараған. Мұндагы маусымдық жайылымдар бір-бірінен аса алыс болмады. Көшу радиусы да шамальі болды. Негізінен қой мен жылқы, аздап ірі қара мал өсірді.

3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]