Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_dlya_TD.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438 Кб
Скачать
☆

Ас қорыту мүшелерінің патологиясы (10)

! 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* кардия ахалазиясының

* өңеш дискинезиясының

* өңештің пептикалық жарасының

*+ гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

* көкеттің өңештік тесігінің жарығының

! 49 жастағы ер адам бірнеше жылдар бойы тамақтанған кейін және ауыр көтерген кезде, горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіруден кейін азаятын, семсер тәрізді өсінді аймағындағы ауырсыну мен қыжылға шағымданады. Рентгенде өңештің абдоминальды бөлігінің, асқазанның кардиальды және фундальды бөліктерінің кеуде торшасына ығысуы анықталады. Кенеттен науқаста кеуде артында айқын ауыру сезімі, қан аралас құсық пайда болды.

Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

* химиотерапия

* сәулелік терапия

* +оперативті ем

* консервативті ем

* санаторлы курорттық ем

! 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* асқазан полипінің

* Менетрие ауруының

* +асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

* асқазан ойық жарасының

* асқазан ойық жарасының пенетрациясының

! 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* жедел холециститтің

* жедел аппендициттің

* созылмалы дуодениттің өршуі

* +созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі

* 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

! Созылмалы вирусты гепатитіпен ауыратын 42 жастағы ер адамда келесі өзгерістер анықталған: билирубин - 35 мкмоль/л, тимол сынамасы - 8 бірл., АЛТ - 1,2 мкмоль/л, АСТ - 0,9 мкмоль/л. Серологиялық зерттеуде оң анти-Hbs пен анти-HBc IgG; HBV–ДНК, HBeAg және теріс HBcAbIgM.

Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

* прокинетиктерді

* вирусқа қарсы терапияны

* гепатопротекторларды

* В, К тобының витаминдерін

*+ интерферон индукторларын

! 65 жастағы әйелде 2 айдан бері қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы және 6 кг-ға дейін салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық байқалады.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*+өңештің қатерлі ісігінің

* кардия ахалазиясының

* өңеш дивертикуласының

* өңеш дискинезиясының

* гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруының

! 64 жастағы әйел алты айда 6 кг салмақ жоғалту, үдемелі әлсіздік пен кезеңді мұрнынан қан кетуді байқаған. Соңғы екі күнде нәжісі қара түсті болған. Тері жабындылары боз, эпигастрии аймағында ауырсынады, бауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, көк бауыры 3 см төмен.

Қан кету көзінің болуы БАРЫНША мүмкін?

* тік ішек

* ащы ішек

* тоқ ішек

* он екі елі ішек

*+варикозды кеңейген өңеш веналар

! 49 жастағы ер адам, тамақ қабылдағаннан 40-60 мин кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру, ауырлық сезімі, қышқылды ауамен кекіру, әлсіздік, тітіркенгіштікке шағымданады. Ауырғанына 3-4 жыл болған. Бір жыл бұрын асқазан полипіне байланысты операция ұсынылған. Обьективті: пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Қан анализінде: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мене синусы аймағындағы гигантты қатпарлардың пиязшыққа (привратникке иілетіні анықталған.

Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәліметті?

* гастрографияны

* ирригоскопияны

* ректороманоскопияны

* биопсия мен колоноскопияны

*+көзделген биопсиямен ЭФГДС

! 68 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті* Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған* Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л.

Төменде аталған диагноздың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* бауырдың циррозы, компенсация сатысы

* бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

* бауырдың екіншілік билиарлы циррозы

* созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі

*+бауыр циррозы, декомпенсация. қақпалық гипертензия.

! 25 жастағы ер адамды, ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауыру сезімі, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын нәжіс, соңғы 2 жылда 8 кг жүдеу, ірі буындардағы ауыру сезімі, ұзақ мерзімге созылған субфебрилитет мазалайды. Зерттегенде: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауыру сезімі байқалады. Қанда: лейкоциттер – 12,6 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбуминдер - 39%.Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында саңлаулы терең ойық жаралар анықталды.

Төмендегі кһрсетілген препараттардың қайсысын емге қосу барынша тиімді?

* бускопан

* эспумизан

* азатиоприн

* координакс

*+сульфасалазин