Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_dlya_TD.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438 Кб
Скачать
☆

Эндокринді жүйенің мүшелерінің патологиясы (10)

! Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* семіздіктің

* 1 типті қант диабетінің

* +2 типті қант диабетінің

* ашқарындағы гликемияның бұзылысы

* глюкозға толеранттылықтың бұзылысы

! 4 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 16 жастағы қыз бала инсулинтерапиясын алады. Дене шынықтыру сабағы кезінде есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. Терісі ылғалды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* гиперосмолярлы кома

* лактацидозды кома

* кетоацидозды кома

*+гипогликемиялы кома

* жедел өкпе-текті жүрек жетіспеушілігі

! 27 жастағы ер адам ессіз жағдайда қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Іштің алдыңғы бетінде егу іздері бар. Қарап тексергенде: жүдеу, тері жабындысы ылғалды. Бұлшықеттер тонусы жоғарылаған. Қарашықтары кеңейген, жарыққа тітіркенбейді. Тілі ылғалды, алқызыл түсті. Тыныс шығарғанда ерекше иіс жоқ. Тынысы бір қалыпты - 24 рет мин. Пульс 105 рет мин. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы – 1029, лейкоциттер – 10-12 к/а, белок жоқ.

Төмендегі комалардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* бауырлық

* гиперосмолярлы

* кетоацидозды

* лактацидозды

* +гипогликемиялы

! 38 жастағы әйелғ дене салмағының артуы, терлеудің азаюы және бетінің ісінуіне шағымданады. Ұзақ уақыттан бері созылмалы тонзиллитпен ауырады. Объективті: бойы-158 см, салмағы - 89 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасының шекаралары айқын емес. ЖЖЖ - 56 рет мин. АҚ - 100/60 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн., лейкоциттер - 7,5 мың., Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 14 мм/сағ, қандағы глюкоза - 3,3 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.

Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?

* витаминдік ем

* зәр айдағыштарды тағайындау

* қабынуға қарсы терапия

* төмен калориялы емдәмді тағайындау

*+ тиреоидты препараттармен емдеу

! 35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л.

Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

* ЭХОКГ

* АҚ тәуліктік мониторингі

* қалқанша безінің пункциясы

* +Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу

* гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

! 43 - жастғы әйел терісінің құрғауы, іш қату, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы гайморит. Бойы - 168 см, салмағы - 92 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасы шекаралары айқын емес. Беті ісіңкі, ЖЖЖ - 60 рет мин. АҚ - 80/60 мм с.б.б. Қанда: Нв - 75 г/л, қандағы глюкоза - 3,5 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.

Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

*+Т3, Т4, ТТГ зерттеу

* Реберг сынамасын жүргізу

* қандағы холестеринді зерттеу

* Нечипоренко сынамасын жүргізу

* глюкозаға толеранттылықты зерттеу

! Гипотиреозбен есепте тұратын әйел, ЖРВИ мен ауырғаннан 3 аптадан кейін әлсіздік пен ұйқышылдықтың күшейгенін байқады. Қарап тексергенде науқас тежелген. Беті ісінген, көз шарасы тарылған. Терісі боз, суық. Өкпесінде әлсіз везикулярлық тыныс. ТЖ - 14 рет мин. АҚ - 85/50 мм с.б.б.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* перикардиттің

* Пиквик синдромының

* +гипотиреоидты команың

* нефротикалық синдромның

* ревматикалық емес миокардиттің

! 47 - жастағы әйел, седативті тұндырмаларды немесе валидолды қолданғаннан кейін басылатын жүрек аймағының қысып ауыруы, тершеңдік, бетінің гиперемиясымен қосарласатын жиі қызу сезімін байқаған. Науқаста 6 ай бойы аменорея. Объективті: тері жабындылары ылғалды, гиперемияланған. ЖЖЖ - 102 рет минутына. АҚҚ -145/85 мм.с.б.б. Анаприлиндік сынама оң. Қынап жағындысы атрофияланған.

Төмендегі диагноздың қайсысының болуы барынша мүмкін:

* тиреотоксикоздың

* артериальді гипертензияның

* НЦД гипертониялық түрі

* +патологиялық климакстың 3 сатысының

* ЖИА. Күштемелі стенокардияның 3 ФК.

! Пациентте шөлдеу, полиурия және сусыздану белгілері. Гликемия барлық сағаттарда қалыптыдан жоғарыламайды, гиперазотемия жоқ. Зәр реакциясы ацетон мен глюкозаға теріс. Тәуліктік зәрдің меншікті салмағы 1000,0-1004,0-1007,0.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*+қантсыз диабеттің

* диабеттік нефропатияның

* туа біткен өзекшелік синдромның

* созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің

* бүйрек үсті безінің созылмалы жетіспеушілігінің

! Қант диабетімен ауыратын әйелдер кеңесіне жүкті әйел физикалық жүктемеден кейін, ұстама тәрізді іштің төменгі бөлігендегікезеңді ауру сезіміне шағымданып келді. 7Жүктілік 28-29 апта. 14 бірілк инсулин қабылдайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ-80 рет мин. АҚ-110/60 мм сб.б. Қандаға қант-10 ммоль/л, зәрдегі қант - 0,5%.

Босану кезінде қандай жүргізу тәсілі БАРЫНША тиімді?

* бигуанидтерді тағайындау

*+жай инсулинге өту

* тиазолидиндиондарды қосу

* сульфонилмочевина дәрілерін қолдану

* ұзартылған инсулинді тағайындау