- •Күрделі диагноз элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары Тыныс алу жүйесінің аурулары (40)
- •Қан айналым жүйесі (80)
- •Буын және дәнекер тіннің аурулары (40)
- •Ас қорыту мүшелерінің патологиясы (10)
- •Эндокринді жүйенің мүшелерінің патологиясы (10)
- •Қан түзуші жүйенің патологиясы (5)
- •Зәр шығару жүйенің патологиясы (15)
Қан түзуші жүйенің патологиясы (5)
! 12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын 42 - жастағы әйел, әлсіздік, бас айналуы, ентігу, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастриде ауыру сезімі. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың.
Ойық жара ауруының асқынуы фонынында қандай анемия дамуы барынша мүмкін?
* В12-тапшылықты
* гипопластикалық
* +темір тапшылықты
* Маркиафава-Микели ауруы
* аутоиммунды гемолитикалық
! 34 - жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, дем жетіспеу сезіміне шағымданады. Геморроймен ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар бар. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ - 119 рет минутына. Қанда: эритроциттер - 2,7 млн., Нв - 82 г/л, ТК -0,75, лейкоциттер - 4,8 мың, тромбоциттер - 200 мың, ЭТЖ - 17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір – 6,4 мкмоль/л.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді:
*+сорбиферді пероральді
* преднизолонды пероральді
* ферум-лекті көк тамырға
* десфералды бұлшықетке
* эритроциттік массаны көк тамырға
! Панцитопения, эритроциттер гиперхромиясы, қан жасаудың мегалобластық түрі мынаған Барынша тән:
* талассемияға
*+В12-тапшылықты анемияға
* темір тапшылықты анемияға
* сидероахрестикалық анемияға
* Минковский-Шоффар ауруына
! 18 - жастағы науқас, терідегі бөртпелерге, буындарының ұшпалы ауыруы, ішінің ауыру сезімі, түсі қара нәжіс, қызбаға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: аяғында басқанда жойылмайтын папуллезді-геморрагиялық бөртпелер. Буындары өзгермеген. Іші ауырмайды, жұмсақ, кей жерінде аздаған ауыру сезімі. Қанда: лейкоциттер – 12,8 мың, тромбоциттер – 420 мың, ЭТЖ – 21 мм/сағ, гиперальфа-2 және гаммаглобулинемия, фибриноген – 5,2 г/л. Коагулограмада – гиперкоагуляция.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* Верльгоф ауруының
* Виллебранд ауруының
* Рандю-Ослер ауруының
*+Шенлейн-Генох ауруының
* Казабах-Меррит ауруының
! 19 - жастағы жас жігіт, қызба, іш аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі, буындарының ауруы, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: балтыр терісінде басқанда кетпейтін паппулезді-геморрагиялық бөртпе. Іші жұмсақ, кіндік аймағында ауыру сезімі бар. Қан анализинде: лейк – 13,2 мың, тромб – 386 мың, ЭТЖ – 27 мм/сағ, гипер-α2 және γ-глобулинемия, фибриноген – 6,4 г/л. Коагулограммада – паракоагуляциялық сынамалар оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Кули ауруының
* Верльгоф ауруының
* Виллебранд ауруының
* Рандю-Ослер ауруының
*+Шенлейн-Генох ауруының
Зәр шығару жүйенің патологиясы (15)
! 42 - жастағы ер адам, оң аяғының 1 табан сүйегінің буындарында кенет пайда болған ұстамалы ауыру сезіміне, бел аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 38С дейін жоғарылуына шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,8 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,720 ммоль/л, креатинин - 0,140 ммоль/л, мочевина -15 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 0,9 г/л, гиалинді цилиндрлер - 10 в к/а, зәр қышқылы.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* бүйрек амилоидозының
* зәр-тас ауруының
*+ подагралық нефропатияның
* созылмалы гломерулонефриттің
* созылмалы пиелонефриттің өршуі
! 37 - жастағы әйел бел аймағындағы ауыру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауыру сезімі, қызба, дизурия мазалағын. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады.
Төменде келтірілген аурурадың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* бүйрек рагы
*+пиелонефрит
* бүйрек амилоиидозы
* бүйрек поликистозы
* гломерулонефрит
! 56 - жастағы ер адамда, денесінің қызуы 1 ай бойы 38,5°С дейін жоғарылап, мезгіл-мезгіл ауыру сезімінсіз макрогематурия пайда болған. Антибиотиктермен ем нәтиже бермеген. АҚҚ 140/80 мм.с.б.б. Қанда гемоглобин - 175 г/л, ЭТЖ - 50 мм/сағ.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* +бүйрек ісігінің
* амилоидоздың
* поликистоздың
* созылмалы гломерулонефриттің
* пиелонефритпен асқынған нефролитиаздың
! Нефротикалық синдромның дамуы мынада барынша мүмкін:
*+ бүйрек амилоидозында
* бүйрек туберкулезінде
* жедел пелонефритте
* созылмалы пиелонефритте
* интерстициальды нефритте
! Нефротикалық синдромда глюкокортикоидтарды тағайындау Барынша көрсетілген?
* бүйрек ісіктерінде
* бүйрек туберкулезінде
* бүйрек амилоидозында
*+ жүйелі қызыл жегіде
* диабеттік гломерулосклерозда
! Нефротикалық синдромсыз дамитын айқын гиперпротеинемия, гипергаммаглобулинемиямен қосарланған протеинурия төмендегілердің қайсысына БАРЫНША тән?
* бүйрек амилоидозына
* созылмалы пиелонефритке
* жүйелі қызыл жегіге
* +парапротеинемиялық гемобластоздарға
* латентті ағымды созылмалы нефритке
! Бүйректің функциональды жағдайы мен созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің сатысын дәлірек көрсетуі Барынша мүмкін:
* протеинурия
* зәрдегі крестинин
* +шумақтық фильтрация
* түтікшелік реабсорбция
* зәрдің салыстырмалы тығыздығы
! 35 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және негізденіп өзгерген эритроциттер 1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл.
Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы дамуы барынша мүмкін?
* мидың ісінуі
* эклампсия
* жедел өзекшелік ацидоз
*+ жедел бүйрек жетіспеушілігі
* жедел жүрек жетіспеушілігі
! 70 - жастағы ер адамға, холецистоэктомия операциясынан кейін қызбага байланысты гентамицин (80 мг әрбір 8 сағат сайын) және цефазолин (2 г әрбір 6 сағат) тағайындалған. 10 күннен кейін сарысудағы креатининнің 0,3 ммоль/л дейін көтерілуі байқалған. Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1200 мл. АҚҚ 130/80 мм с.б.б. УДЗ мәліметі бойынша бүйректің өлшемдері қалыпты.
Төмендегі асқынулардың қайсысының болуы барынша мүмкін:
* жедел гломерулонефриттің
* гепаторенальды синдромның
*+ гентамициннің нефротоксикалығының
* сұйықтықты енгізудің адекватты болмауының
* жедел интерстициальды нефриттің
! 24 - жастағы пациент, жөтел шырышты-іріңді қақырықпен, дене қызуының 38 С жоғарылауы, тершеңдік, бел аймағында ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: везикулалық тыныс, оң жақ бұғана үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар. Соққылау симптомы екі жақтан оң. Ісінулер жоқ. Қанда: эритроциттер – 4,0 млн., Нв – 120 г/л, лейкоцит – 9,8 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1020, реакциясы қышқыл, белок – 0,99 г/л, лейкоциттер – 20 к/а, эритроциттер – 8-10 к/а. Кеуде торы рентгенограмасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі қарайған.
Төмендегі препараттар тобының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* цитостатиктерді
* кортикостероидтарды
* +туберкулостатиктерді
* нитрофуран туындыларын
* стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды
! Гиперкалиемиядағы шұғыл шараларға төмендегілердің қайсысы кірмейді:
* фуросемидтің үлкен мөлшерін тағайындау
* глюкозны инсулинмен енгізу
* глюконат кальцидің инъекциясы
* бикарбонат натридің инфузиясы
*+ верошпиронды тағайындау
! Шумақтық фильтрацияның жылдамдығын анықтау БАРЫНША мүмкін:
* Амбурже әдісімен
* Коротков әдісімен
* Нечипоренко әдісімен
*+ Реберг-Тареев әдісімен
* Аддис-Каковский әдісімен
! 72- жастағы ер адамды, тексергенде: АҚҚ – 210/120 мм с.б.б. протеинурия – 0,3 г/л, креатинин – 160 мкмоль/л анықталды. Бүйрек тамырларын зерттегенде артерияның екі жақты стенозы анықталды.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын қолдануға болмайды?
* кардура
* атенолол
* +моноприл
* физиотенз
* амлодипин
! 76 - жастағы ер адам, әлсіздікке, салмағының азаюына, бел аймағындағы ауырсынуға; бетінің ісінуіне шағымданады. ЖҚА: эритроциттер – 2,5 млн., Нв – 110 г/л, лейкоциттер – 5,2 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. ЖЗА: эритроциттер көру аймағын түгел жапқан.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША тән?
* созылмалы гломерулонефрит
* созылмалы пиелонефрит
* зәр тас ауруы
* бүйрек туберкулезі
*+ бүйрек ісігі
! Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде қанда төмендегі өзгерістердің барлығы дамиды, мынадан БАСҚАСЫ:
* анемия
* гиперкалиемия
*+ гиперурикемия
* гиперкреатининемия
* гиперхолестеринемия
