Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет қосылған.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

46.Сметаның қолдануы бойынша бухгалтерлік құжаттар және олардың реквизиттері

47.Тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуы тауарлы материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электрэнергиасын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар,сенкассо, аккредетивтер,чектер тәртібімен жүзеге асырылады .Жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310«Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады.Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем-талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді.

Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.

48.Түгендеу: түсінігі, турлері, өткезудің ұйымдастыруы

Түгендеу- материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасауды, есепке алу және материалды жауапты тұлғалардың (ары қарай – МЖТ) жұмысындағы мүмкін болатын қателіктерді анықтауды, жоюды, табиғи зиян көлемін белгілеуді және материалдық және өзге құндылықтардың қалдықтары туралы есепке алу деректерін анықтап жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚР Қаржы министрілігінің 2007 ж. 22 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепке алу жүргізу ережелерінің (ары қарай – Ережелер) 7 «Түгендеу» бөліміне сәйкес, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, активтер мен міндеттемелердің түгенделуі жылына кем дегенде бір рет өткізіледі.

Жеке кәсіпкерлер (ары қарай – ЖК) мен шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын ұйымдар түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімін өздері белгілей алады. Орналасқан жеріне қарамастан, бірақ бухгалтерлік есепте болып саналатын (жауапты сақталудағы, шарт бойынша жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссия үшін қабылданған) барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен ескерілмеген мүлік және барлық міндеттеме түрлері түгенделуге тиіс.

Есептік жыл ішіндегі түгендеу санын, оларды өткізу күнін, олардың әрқайсысын тексеру кезіндегі мүліктің және қаржы міндеттемелерінің тізілімін ұйым басшысы немесе ЖК белгілейді. Жылдық бухгалтерлік есептілікті құру алдында түгендеу өткізу – міндетті түрде.

Ұйымның басшысы мен бас бухгалтеріне түгендеуді дұрыс және уақтылы өткізу үшін жауапкершілік жүктеледі.

Түгендеуді өткізу үшін ұйым басшысының немесе ЖК-нің бұйрығымен түгендеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылады.

Түгендеу комиссиясын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған соң, оның төрағасына ұйымның бірінші басшысының немесе ЖК-нің қол қоюымен жазбаша өкімі беріледі, бұл өкімде комиссия құрамынан басқалар да көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі мен күні, түгенделуге тиісті объект, түгендеуді өткізу себебі, түгендеуді бастау және аяқтау мерзімдері.