Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет қосылған.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

12.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар аналитикалық есебі

13.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізуы

Кассалық операциялардың есебi 1-ордер-журнал мен 1-ведомосте жүзеге асырылады. Жазулар кассирдiң есебi негiзiнде, бухгалтерлiк қызмет олардағы: қосымшалары болатын кассалық ордерлердi, құжаттардың дұрыс толтырылуын; ордерлерге қоса берiлген құжаттар мөртабанмен немесе төлем жасалғаны туралы кассирдiң белгiсiмен жабылған-жабылмағанын алдын ала тексередi.       Есеп тексерiлгеннен кейiн әрбiр кiрiс және кассалық ордерге кiшi шоттың дебеттелген немесе кредиттелген нөмірi, аналитикалық есеп ерекшелiгiнiң номерi қойылады. Корреспонденциялаушы шоттардың дәл осындай белгiсi кассирдiң есебiнде әрбiр сомаға қарсы қойылады. Кассирдiң есебi бойынша кiрiс және шығыс сомалары аттас корреспонденциялаушы (дебеттелген немесе кредиттелген) шоттар бойынша есептеледi және кiрiс операциялары 12-шот бойынша 1-ведомосте, шығындар - 1-ордер-журналда жазылады.        "Бюджет бойынша шығындар" деген 20-шоттың дебетi және кредитiне қатысты сомалар ерекшелiктерi бойынша 2-нысандағы шифрдi ашу парақтарына жазылады.        Ай аяқталғаннан кейiн 1-ордер-журналда және 1-ведомосте жиыны есептеледi.        1-ордер-журналдың деректерi Бас кiтапқа мынадай тәртiппен көшiрiледi: алдымен Бас кiтаптың "Кредит бойынша айналым" деген бағанына есептiк айдың жолы бойынша 12-шоттың кредиттiк айналымы жазылады.        Дебеттiк айналымдар Бас кiтаптың тиiстi корреспонденциялаушы шоттар үшiн бөлiнген беттерiне жазылады.        1-ведомостiң жиыны Бас кiтапқа таратылып жазылмайды, ол басқа да есепке алу регистрлерiмен салыстыру үшiн қызмет етедi. 

14.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар синтетикалық есебі

15.Бюджеттік мекемелердегі кассалық есеп айырысу қызметінің реті

кассалық есептік қызмет көрсетудің келесі түрлерін ұсынады:

Банктік шоттарды ашу және жүргізу

Жеке тұлғаларға банктік шоттар ашу шексіз және ұлттық және шетел валютасында да жүргізіледі. Банктік шоттарды ашу Банк пен Клиент арасында бекітілген шарт негізінде орындалады, онда банктік шотты ашудың, жүргізудің және жабудың шарттары көрсетіледі

Аударым операциялары

Клиент шотынан ақша аудару ұлттық және шетел валютасында төлем тапсырмасының немесе аудармаға өтініш толтыру арқылы орындалады. Ақша жіберушінің және алушының банктік шоттары болмаған жағдайда аудармалар банктік шот ашусыз орындалуы мүмкін.

Кассалық операциялар

Банк қолма-қол ақшаларды қабылдау, беру, айырбастау, ұсақтау және қолма-қол валюталарды алу-сату, банкноттардың шынайлығын тексеру қызметтерін көрсетеді.

Конверсиялық операциялар

Қолма қолсыз шетел валютасын сатып алу-сату операцияларын Банк ағымдағы күнмен де, валюталау күнімен де орындайды. Үлкен көлемді операцияларда клиенттерге арнайы бағам ұсынылады.

16.Бюджеттік мекемелердегі кассалық орындалу туралы есеп беру

Бюджеттің орындалуын бақылау формаларына,біздің көзқарасымыз бойынша, мыналарды қоюға болады: бюджеттік мониторниг,мемлекеттік қаржылық бақылау және қорытындыларды бағалау. Үрдістің қандайда бір талартарға, күтілетін қорытынды немесе бастапқы ойға сәйкестігін шығару үшін ол тұрақты бақылауға бағынышты, ағымында бюджеттік мониторниг жүргізілетін, бюджет орындалуының үрдісі де одан өзгеше емес. Яғни жүйелік және тұрақты мәліметтер бюджеттің орындалк көрсеткіштеріне талдау жасау және бақылау міндеттемелеінің уақытылы қабылданбауының себептерін табу мақсатында жүргізілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеуі,бюджет шығындары мен түсімдерінің орындалу болжамын жасау, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшісінің стратегиялық жоспарларында анықталған көрсеткіштері бойынша өкілетті орталықтандырылған және жергілікті органдармен жүзеге асады. Бюджет мониторнигін жүргізу бойынша әдістемелік және басқару әдәсәмен ҚР Қаржы министірлігі қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламаладың жүзеге асуы кезінде және кірістердің орындалуы кезінде бюджеттік мониторниг жұмыстары мыналар:

  • Кірістің орындалуын талдау анализі;

  • Жоспарлы және фактілі көлемді салыстыру арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бююджеттік қорларды игеруді талдау;

  • Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес төлемдердің уақытылы төленбеу және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді уақытылы қабылдамау себептерін анықтау.

Бюджет кірістерінің орындалуы анализінің объектісі болып бюджетке түсетін, сәйкес қаржы кезеңінде бюджет кірістерінде қарастырылған түсңмдердің барлық түрлері табылады. Бюджеттің кіріс бөлігіне талдау жасауда құрастырудың негізгі базасы болып, бюджетке салықтардық және басқа да төлемдердің уақытылы, толық түсуін, есеп беру айынан кейінгі айдың 10-на қарай трансверттер, негізгі капиталды сатулан түскен түсілімдер, салықтық емес кірістерді өндіріп алуға жауапты өкілетті органдармен және ҚР салық және кеден заңнамаларына сәйкес қамтамасыз етеін, мемлекеттік органдармен ұсынылатын, кірістердің сәйкес түрлерінің артығыммен орындалуы немесе орвндалмау себептері және бюджеттің орындалуы бойынша сәйкес уәкілетті орган құрйтын, ай сайынғы есеп беру мәліметтері табылады. Бюджет кірісінің орындалуы талдауының субъектісі болып, бюджетке кірістердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын және өндіріп алуға жауапты өкілетті мемлекеттік органдар. Сонымен бірге, ҚР ҚМ республикалық,мемлекеттік және жергілікті орындалуы бойынша талдау жүргізеді, ал қаржы бөлімдерімен басшылықтары Алматы, Астана қ.қ облыстық бюджет, облыс бюджетіне аудан (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетіне, сонымен қатар, төмен тұрған бюджет деңгейіне бөлінген мақсаттық трансверттері қолдануға талдау жасайды. Бюджеттік мониторниг бюджеттің орындалуына талдау жасау жұмыстары міндеттеріне кіретін, бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органдардың жүйелік бөлімдерінен алынған ақпараттар негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен атқарылады. Бюджет шығындарының орындалуы бюджеттік мониторнигі ҚР ҚМ-мен, бюджеттік бағдарлама әкімшілері жасайтын ақпараттар және сәйкес жергілікті және республикалық бюджеттердің орындалуы бойыншабюджеттік есеп беру негізінде жүргізіледі. Жүргізілген бюджеттік мониторниг негізінрде бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органдар есеп беру айынан кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күні ішінде ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне төлемдер бойынша жоспардың уақытылы орындаллмауы мен міндеттемел бойынша қабылданбаған міндеттемелер туралы еске салу ақпаратын жібереді.Қаржы министірлігің қазынашылық комитеті есеп беру айынан кейінгі айдың үшінен кешіктірмей бюджеттік мониторнигті жүргізуге қажет мәліметтерді Қаржы министірлігінің қаржылық мониторинг комитетіне жібереді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері есептегі айлан кейінгі айдың бірінші жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік мониторнигті жүргізуге қажет мәліметтерді Қаржы министірлігінің қаржылық мониторниг комитетіне жібереді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері есептегі айдан кейінгі айдың бірінші жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржы министірлігіне және басшылықтарға, қаржы бөлімдеріне бюджеттік бағдарлама іске асу мониторнигінің қорытындылары туралы ай сайын жауап береді. Соңғылары өз кезегінде тоқсан сайын (1 тоқсан қорытындыларынан бастап) есеп айынын кейін жиырмаларында және қаржы жылының қорытындылары бойынша ҚР Үкіметіне немес әкімшілікке, сонымен қатар ЭБЖМ-не және ЭЖББ-не республикалық және жергілікті бюджеттеріндегі шығын бөлімдерінің орындалуы туралы аналитикалық есеп береді. Талдау қорытындылары есеп беру айынан кейінгі айдың 17-ші жұлдызына қарай ай сайын Қаржы министірлігі басшыларына және басқаруына және қаржы бөліміне баяндалады.

Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінң түрлерін толық және уақытылы төлеуімен, оларды Біріңғай қазынашылық шотынаесепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағыттаоған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақытылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсімдерді есепке алу және олардыБҚШ-дан есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есептеледі.

Түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді беру нысанын, тәртібі мен мерзімдерін бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган белгілейді.