7 Билет
Жедел сүзгілер
Жедел сүзгілер сүзуші материалмен толтырылған суды беруге, сүзілген суды жинауға және жүктемені жууға арналған құрылғылары бар резервуар.Жұмыс үрдісінде сүзгі біртіндеп бітеліп оның гидравликалық кедергісі артып жууды қажет етеді.Жуу таза сумен төменнен жоғары қарай бағытта жүргізіледі.Сүзгіні жуу жиілігі су сапасына байланысты, удетте тәулігіне 1-2 рет. Сүзгілер жүктемесі 1 текті материалдан және әртүрлі материалдардан болуы мүмкін(2 немесе көп қабатты сүзгілер). Жуу кезінде сүзгі жұмыстан ажыратылады. Сүзгілер сүзуші қабаттан және ұстап тұрушы қабаттан тұрады. Шайылған су науаға тасталынады.
Сүзуші жүктеменің қалыңдығы оны толтыратын құм түйіршіктерінің ірілігіне байланысты және ол 0,7-2 м құрайды. Судың есептік жылдамдығы 8-12 м/сағ . сүзу корпусы тіктөртбұрышты темір бетонды резервуар болып келеді. Дринажды құбырдың атқаратын қызметі сүзілген суды жинау және бірқалыпты әкету.Ал жуу кезінде суды сүзгі ауданы бойынша бірқалыпты тарату. Құбырлы дренаждар қиыршық тастың төменгі жағына тігінен қойылатын құбырлар (шойын материалдан).Сүзгілерді жуу кезіндегі жылдамдық сүзу жылдамдығынан 7-10 есе артық болады.Жуу ұзақтығы 5-8 мин.
Тұндырғыштар
Тұндыру процесі дегеніміз – судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі. Сонымен қатар судан салмағы аз бөлшектер судың бетіне қалқып шығады. Олар май, мұнай,бензин жəне тағы басқалар.
Ластанған суды тазалаудың технологиялық үлгілерінде атқаратын қызметі мен орналасуына байланысты тұндырғыштар былай жіктеледі :
1-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық тазалау əдісінің алдында қолданылады;
2-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық əдісте қолданады;
3-ші сатылы тұндырғыштар.(түйістіруші резервуарлар);
Жұмыс істеу принципіне байланысты тұндырғыштардың келесі түрлері болады:
1)ағысты тұндырғыштар – бұларда судың баяу ағысында тұндыру процестері жүреді;
2)мерзімімен тұдыратын тұндырғыштар – тұндыру үрдістері ағысы болмаған уақыттарда жүреді.
Судың ағысына байланысты :
а) көлденең – судың ағысы көлденең болады ;
б) тік – судың ағысы төменнен жоғары ;
в) радиалды – судың ағысы ортасынан шетіне қарай жүреді.
Тұнбаның әкетілу әдісіне байланысты:
Қырғыш механимзмді;
Лай сорғыштар арқылы;
Гидрожуылатын.
Тұндырғыштардың қатарына мөлдірлеткіштер де жатады. Мұнда тұну процесімен қатар қалқыма тұнба қабатынан сүзілу процесі де жүреді.
Көлденең тұндырғыштар - бұл тұндырғыштар лас судың шығыны 15-100000 м³/тəу артқанда пайдаланады.
Артықшылдығы: бұлардың бойынан ағатын судың ағысының биіктігі аз; су тазарту тиімділігі жоғары, мөлдірленуі 40-60%; ықшамды орналасуы;тұнбаны жинайтын бір механизмді бірнеше бөлігіне пайдалануға болады.
Кемшілігі: ені аз болғандықтан көп бөлімше пайдаланады (ені 3-6м) .оны тұндырғанда пайдаланылатын шынжыр типті тұнбаның қырғыш механизімінің жұмыс істеу өнімділігінің аздығы.
Радиалды тұндырғыштар – жоспарда дөңгелек резервуар.Мұнда су орталықтан беріліп, шетіне қарай қозғалады. Тазалау ғимаратының өнімділігі 20000 м³/тəу жоғары болғанда пайдаланады.
Артықшылдығы: көлемі үлкен болғандықтан жалпы саны аз болады; су тазарту тиімділігі жоғары болады.
Кемшілігі: құрылыс құны қымбат. Себебі əрбір тұдырғышқа тұнба жинайтын айналмалы механизмдер пайдаланылады.
Тік тұндырғыштар - бұл тұндырғыштар судың шығыны 2-15 мың м³/тəу болғанда пайдаланылады.Жоспарда дөңгелек резервуар, түбі конусты болып келеді. Диаметрі 6-12 метрден артпайды, биіктігі 9-11м .Судың берілу түріне байланысты:
-суды орталық құбырдан беретін;
-төменнен жоғары беретін;
-суды шеттен беретін болып бөлінеді.
Артықшылдығы: жер асты сулары биік жəне жердің топырағы нашар, бос болғанда қолданылады. Пайдаланғанда өте қолайлы, қарапайым.
Кемшілігі: су тазарту тиімділігі төмен 40%- аспайды., ғимараттың тереңдігі өте үлкен.
1-сатылы тұндырғыштар - механикалық әдіске жатады.Лас суды тазалаудың механикалық үлгісінде құмұстағыштан кейін орналасады. Бұл ғимаратта мөлдірленуі тиімді 40-60%, ал лас судағы ОБҚ мәні бастапқыдан 20-40% төмендейді.
2-сатылы тұндырғыштар. Екінші сатылы тұндырғыштар аэротенкте тазарған су арқылы түсетін белсенді лайды және биосүзгілердегі түсетін биологиялық үлпекті ұстп қалу үшін арналған.Аэротенктен кейін қолданылады.(биологиялық тазарту әдісі).
Екінші сатылы тұндырғыштар тік, көлденең жəне радиалды болады.
Тік тұндырғыштар өнімділігі 20 мың м³/тəу дейін болғанда қолд., ал 20 мың м³/тəу жоғары болғанда көлденең және радиалды тұндырғыштар қолд.
Тік екінші сатылы тұндырғыштардың конструкциясы бірінші атылы тұндырғыштардан айнымайды, бірақ, биіктігі төмендеу болады.
Екінші сатылы тұндырғыштарда тұнған белсенді лайдың ылғылдылығы 99,2 – 99,5 % болады. Бұл лайдың негізгі бөлігі регенерацияға түсіп қайтадан аэротенкке беріледі – бұл лай рециркуляциялы лай депаталады. Микроорганизмдердің қызмет ету нəтижесінде белсенді лайдың үздіксіз көбейгендіктен артық белсенді лай пайда болады. Бұны рециркуляциялы лайдан бөліп келесі өңдеу ғимаратына (метантенкке, сусыздандыратын қондырғыға жəне ауылшаруашылықта пайдалану үшін) жібереді.
